Просмотр содержимого документа
«"?аза?ты? ?ол?нері. То?ыма ?нері" ?ылыми жоба»
Қазақтың қолөнері. Тоқыма өнері
Зерттеудің мақсаты: Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту.
Зерттеудің міндеті: Қазақтың қолданбалы қолөнері жайлы білу; Тоқу өнері жайлы мағлұмат беру; Тоқыма тоқу технологиясын үйрену; Қазақтың қолөнерін қастерлеу және қолөнер шеберімен кездесу. Зерттеудің болжамы: осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды тоқтатпай әрі қарай жалғастыру. Зерттеудің нысаны: тоқыма өнерін зерттеу, анықтау;
Зерттеудің нәтижелері: Әрбір жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Тоқыма өнері туралы ізденген кезде менде бірнеше нәтижеге жеттім. Біріншіден, тоқыма өнерін зерттей келе олар жайлы көп біле бастадым. Екіншіден, тоқымамен жұмыс істеуді үйрендім.
Зерттеудің кезеңдері: Біріншіден, мен өзім зерттейтін жұмысымның тақырыбымен таныстым. Екіншіден, мәліметтерді жинақтап, тоқуды үйрендім. Үшіншіден, жинаған жұмысымды талдадым.
Кіріспе бөлім Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген. Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.
Негізгі бөлім Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері. Зығыр Мақта иірімжібі Мохер Жүн иірімжібі Ангор Кашемир Альпак Вискоза Фасонды иірім жіп
Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.
Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады. Ұршық – жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі - 30мм.
Тоқыма үшін қажетті құралдар: 1. Біз. 2. Жіп Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы: 1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады. 2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз. 3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.
Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.
Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады. Негізгі шалулар Ілмек бізбен іліп тоқу Ілмек бізбен іліп тоқу технологиясы Қолды дұрыс ұстау Шалманың пайда болуы Жарты бағанша немесе біріктіргіш бағанша Шалмасыз бағанша Шалмалы бағанша Екі шалмалы бағанша Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу Айналдырып шеңбер жасай тоқу.
Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді. Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері – бос шалу, біріктіру бағаншасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шалмалы бағанша, пико, жарты бағанша және т.б.
Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді. Шебермен кездесу сұхбаты
Қорытынды Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс.
Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегімізді қастерлеу өмірдегі тіршіліктің, қоғамның парызы. Ал қоғамның дамытушысы – адам.
Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендету. Тәуелсіз мемлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты фабрикалар шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту. Бүгініміз бен келешегімізді нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың борышымыз.