kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қазақ халқының көне ыдыс-аяктары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Казак халкында турли коне ыдыстао бар. Олар көнеден келе жатыр
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақ халқының көне ыдыс-аяктары"»

Қазақ халқының ұлттық ыдыс –аяқтары.

Ыдыста ырыс бар.



Ата-бабаларымыз ерте кезден ақ ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыстарға аса мән беретін болған.Олар ыдысты көбіне ағаштан,мал терісінен,металдан және саз балшықтан жасаған.Қолөнер –ерте заманнан бері атадан балаға мұра болып келе жатқан өнер түрі.Әр түрлі ұлт өкілдерінің тұрмысында күн бүгінге дейін сақталып келе жатқан тұрмыстық бұйымдар,ыдыс- аяқ түрлері сан ғасырлар сынынан өтіп,сомдалған қолөнердің озық үлгілері болып табылады.

Мал терісінен жасалған ыдыстар.



Көшпенділік өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс –аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған,себебі азық салуға және ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажет болды.Ошақтың негізі болған мыс қазан біздің заманымыздан бұрынғы ΙΙΙ-ΙV ғасырларда пайда болды.Жылқының,өгіздің мойын терісінен жасалатын,қымыз құюға арналған торсықтың негізінен екі түрі бар.Біріншісі дөңгеленіп келіп ,ағашпен жиектеліп терімен қапталады.Қылқа мойынды ұзынша,тығын салатын аузы бар.Екіншісі, айбалта пішінді .Үлкен иіннен жоғары шыққан қошқар мүйізді қос қапталы бар және мойыны ұзын.Торсық тек қымызды құю үшін ғана емес,оны бабында ұстауға да ыңғайлы.Ұзақ сапар кезінде шайқалып,қымыз қашанда бабында сақталады.

Құрметті қонаққа қымызды мес,немесе сүйретпеден құю ұят саналған,сондықтан тек сабадан құйып берген.Жылқы немесе ірі қара терісінен шелек ,басқа да ыдыстар жасалған.Жер суаруға,яғни құдықтан су тартуға арналған қауғаны пайдаланған.Былғары ыдыстар үй тірлігіне қолданумен қатар,қазақтардың қайталанбас ұлттық өнерінің үлгісі.Әсіресе торсықтар мен бие сауатын көнектер мұқият өрнектелетін болған.Былғарыға басылған күрделі ыдыстардың сыртына тұтас салынып,жекелеген тұстарда бір-бірімен ғажап үндестік тапқан.

Саба-қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс.Ол тұтас теріден (екіден бес теріге дейін) тігіледі.Әрқайсысының өз аты болған,мысалы «бес биенің сабасы», «тай жүзген» деген сияқты.

Сүйретпе-ақ түйенің мойын терісіне қымыз ашыту үшін жасалған.Өткен заманнан қазақтың қолөнерінің жете дамыған түрлерінің бірі-зергерлік өнер.Бұл өнердің түп-тамыры сонау әріде жатыр.Бағзы бір замандардың өзінде Қазақстан территорисында алтын,күміс,мыс,қалайы,қорғасын сияқты көптеген тағыда басқа металдар өндірілген.Соларды соғу,құю қалыпқа салу арқылы еңбек құралдарын,ыдыс-аяқ,әшекейлердің түрлерін жасаған.Бүгінде археологиялық зерттеулер нәтижелері осыны дәлелдеп отыр.

Торсық-сусын құю үшін ысталған теріден жасалған шағын ыдыс.

Жанторсық-жолға шыққанда сусын құйып,жанға байлап жүретін торсық.

Талыс-жылқының бас терісінен жасалған зат салып қоятын ыдыс

Мес-емдік қасиеті бар,бітеу сойылған ешкі терісінен қымыз құю үшін жасалған ыдыс.

Қауға- малдың терісінен жасалған,құдықтан су тартып алуға арналған шелек.

Көнек-ірі қараның бас немесе мойын терісінен жасалған,бие саууға арналған шүмегі бар ыдыс.



Ағаштан жасадлған ыдыстардың түрлері.



Ағаш-адамның ежелгі жасыл досы.Ата-бабаларымыздың алғаш бірінші қолға алған қаруы да,отыны да осы ағаш болған.Содан бері ағаштың атқаратын міндеті арттырыла түсті.Сонымен бірге,қазақтың тұрмыстық тұтынудағы бүтін аспаптың түгелдерлігінің заты ағаш.Себебі ертеде қазақтың баспанасы киіз үйінен бастап,қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған.Неге десеңіз,ағаш бұйымдар ыңғайлы,пайдалануға тиімді,сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес,сән үшінде қолданылып,биік өнер дәрежесіне жеткізілген. «Алтын мен аптап,күміспен қаптап» дегендей,әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп,әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген.Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста,он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан.

Ағаштан бедерлі,әшекейлі суреттер,оюлар жасау,яғни ағаштан түйін түю халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бір түрі.Ағаштан ою оятын шеберлерді халық ағаш ұстасы дейді.Ыдыс –аяқтарды жасау үшін алдын ала қайың кесінділері мен бездерін шауып алып,көлеңкеде кептіріп,тұзды суға салып қайнатады.Содан соң тағыда көлеңкеге қойып кептіреді.Сосын асықпай өңдеп,қажетті ыдыс-аяқты жасайды.Мұндай таза суда қайнатылған ағаштан жасалған ыдыс ыстық,суыққа төзімді келеді.Сәл соққыға жарылмай көп уақыт бойы қызмет етеді.Астау,табақ,тегене де дәл солай.Қайың ағашын жонып,жылқы қазысының қайнатылған майымен сылынады.Ал күбі жасаудың халық арасында екі тәсілі сақталған.Бірі –тұтас қайың кесіндісінің өзегін ұңғып,кеңейту арқылы жасалса,екіншісі-әртүрлі ағаштардан бірнеше бөлік жіңішке тақтайшаларды темір құрсаумен бекіту арқылы да жасауға болады.Дайын ыдыстың сыртын бұрын күміс әшекейлермен өрнектесе,бүгінде кәдімгі оюмен әсемдеу сәнге арналған.Ата –бабаларымыз ағаштың түрін,жай-күйін өте жақсы білген.Сондықтан ыдыс-аяқты көбінесе ағаштың безінен қатты жерінен жасап отырған.Ағаш ыдыс жарылып кетпеуі үшін оны майлап,май сіңіруі керек.Сонан соң оның ішіне су сіңбейді.Екінші әдіс-оны құрсаулау.Күбінің,үлкен шара ыдыстың сыртын темірмен құрсаулап тастайды.Бұл да жарылып кетпеуден сақтайды және ыдыстың сырты,түбі әр затқа соғылып мүжіліп кетпесін дегеннен туған.Ағаш ұсталарының өздерінің арнайы құрал –сайманы бар.Олар ағаш шабатын шот қашаудың түр-түрі,ыңғыру,үскі секілді құралдар.Бұрынғы уақытта ағашты ию,жұмсартудың тәсілдері болған.Әкемнен естуімше,ертеде ағашты малдың қиымен араластырып,су құйып жерге көмім тастайды екен.Сол кезде ол қызады да,белгілі бір күйге жеткенде ағаш жұмсарады.Дәл осы сәтте қазып алып,тезге салып,өзіне қажетті қалыпқа иіп жасап алады.Міне осындай күрделі әдіс –тәсілдердің арқасында бүгінгі күні адам баласының ойы жетпейтін дүниелерді жарыққа шығарып отырған.

Халық шеберлері ағаштан ойып,астау,тостаған,ожаулардың алуан түрлерін жасаған.Соның бірі-қайыңнан ойып істелген қымыз ішетін тостаған.Тостағанды қолға ұстауға жеңіл әрі ыңғайлы етіп ояды.Әсілі баяғы заманда темір ыдыстардың қат кезінде даладағы малшы алдындағы қойын сауып жіберіп,отқа тасты қыздырып,ағаш тостағандағы сүтке қызып тұрған тасты салып жіберіп пісіреді екен.Мұны «қорықтық» болмаса «тас қорық» деп атаған.Қазақтың ет тартатын астау-табағы ,құрт езетін астауы,сүт,қымыз құятын шарасы,шөміш,саптыаяқ секілді барлық ыдыс-аяғы ағаштан жасалған.Оның ішінде сыйлы ,қадірлі қонаққа ұсынатын ыдыс-аяқтың жөні тіптен бөлек.

Қадірлі қонаққа ұсынатын тостағанды күміс түйіршіктермен және ірі асыл тастармен әшекейлеген .Сапты аяқ,табақтар қайыңнан ойылып,боялмай жасалды.Аяқ-табақтардың қыз жасауына не құрметті қонаққа арнап жасалғандары күміспен нақышталынады.Қазақтың ағаш ыдысының бірден-бір ерекшелігі –оның көлемділігі.Мысалы,бір қойдың еті бір ақ сыятын ағаш керсенді айтсақ болады.

Ағаш өңдеуде айырылмас серігі шот пен ағаш сапты кішкене ұшы иілген жүзі ішіне қарай бүгілген ыңғыру деп аталатын құралды пайдаланған.Ыдыс жасауға қайың ағашының томарға жақын түбі мен көздерін іске асырады.

Ыдыстарды қызыл,қоңыр және сары бояулармен бояды.Қымыз үшін үлкен тегене мен ет салатын шара,астау сияқты бұйымдар жақсы өңделіп,мұқият жылтыратылады.Кейде оның беріктігі үшін мыс,күміспен шегелеп неше түрлі оюлармен өрнектеген.Ағаш шөміш,ыдыс салатын қораптар мен қаймақ шайқайтын піспек, шелекті оймыштап әшекейлеп тұтыну үшін әдемілеп жасады.Әсіресе,қымыз сабаның піспегінің сабын,қант шаққыш,ожау сабын әшекейлеуге аса көңіл бөлген.Бұларды оюлап өрнектеумен бірге сүйектен,күмістен әшекейлеген.

Ожау жасауда шеберлер өздерінің тамаша өнерпаздығы мен асқан шеберлігін көрсеткен.Біртұтас ағаштан тұтқасымен ожаудың жеке де,қосбасты да түрін қызық етіп тізбектеп жасады.Кейбір ожауларды қымызға салып жібергенде бетінде аққу сияқтанып қалықтап жүзіп келетін болған.

Қазақ шеберлерінің жасап шығарған ағаш ыдыстарының сапасы өте жоғары бағаланып көркемөнер шеберлерінің көрмесінде қойылған.

Қазақтың ағаштан жасалатын ыдыстары: күбі, піспек, ожау, келі, келсап, тегене, жайпақ табақ,астау,жуаз,зерен,кеспек,керсен,тостаған,шара және т.б.

Күбі-қымызды саумалдай құйып,пісу арқылы ашытып, тұшытатын ыдыс.Ол екі түрлі тәсілде жасалады.Біріншісі,тұтас қайың кесіндісінің өзегін ұңғып,кеңейту арқылы,ал екіншісі,әртүрлі ағаштардан бірнеше бөлік жіңішке тақтайшаларды темір құрсаулармен бекіту арқылы жасалады.Шаң тозаң түспес үшін аузына ағаштан қақпақ жасалып,піспек орналастырылады.Күбі апта сайын жуылып,кептіріліп,сүо еттің майымен,қойдың құйрығымен майланып,тобылғы,жүзген,құлмұрын ағаштары,қоғажай шөбі түбінің түтінімен ысталып отырады.Ұзақ уақыт пайдаланылмаса,күбі қаңсып қалады,бұрындары күбісі қаңсып қалғанды жаман ырымға балаған.Қымыз күбілері аласалау,жуандау болады.Ал айран күбілері биік және жіңішкелеу келеді.

Келі -тарыны ақтауға,ұнтақтауға арналған құрал.Жуан да,қатты ағашты үңгіп жасаған.Орнықты болу үшін түп жағы қалыңдау болып келеді.Тарыны келіге салып келсаппен түйген.Тарыны түйгенде ыңғайлы болу үшін оның орта тұсын екі қолмен ұстайтындай етіп жұмырлайды.Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуына байланысты мына сияқты мотормен жұмыс істейтін күбі және келі-келісаптар қолданылып жүр.Бұл да өнертапқыштықтың бір көрінісі болар деп ойлаймын.

Тегене –қымызға аранлағн ыдыстың бір түрі.Ол үлкен доңгелек,шұңғыл болып келеді.Сабадағы қымызды осы тегенеге құяды.Оның сыйымдылығы орта есеппен 10-15 литр.Тегенедегі қымыз сапырып отыруға өте ыңғайлы.Іші-сырты өңделіп,сыртына ою-өрнек салынады,сүйек немесе күміс әшекейлермен,асыл тастармен өрнектеледі.Тегенедегі қымызды ұзын сапты ағаш ожаумен сапырады,тостағанға құйып дастархан басындағы қонақтарға ұсынады.

Жайпақ табақ-ағаштан жасалатын,ет тартуға арналған ыдыс.Көлемі әр түрлі.Оларды көп көркемдемейді.

Астау-ағаштан ойып жасалған,ас салатын ыдыс.

Табақ-піскен ет немесе т.б тағам салатын дөңгелек жайпақ ыдыс.

Зерен-ағаштан жасалған,қымыз құятын сәнді ыдыс-аяқ.

Ожау-сұйық нәрсені құюға арналған сабы бар ыдыс,кішкене шөміш.

Тостаған-ағаштан жасалған кішілеу дөңгелек ыдыс.



Күміс,фаянс,керамикадан жасалған әсемделген ыдыстар.



Жалпы қазақ халқы қашанда күміске ерекше мән берген.Күмістің адам ағзасына пайдасы бар сенген халқымыз күміс ыдыстан тамақ ішіп,күміс әшекейлер тағып,сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңгеге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын»-деген жоралғы жасаған.Халқымыз қадір тұтқан күміс-жұмсақ,қақтауға төзімді,оңай өңделетін металл және жарқыраған ашық түсімен көз тартады.Оның осы қасиетін зергерлер барынша білген және шебер пайдаланған.Ыдыс-аяқ жасаған кезде металды көркемдік өңдеудің әр түрлі техникалық әдістері:соғу,құю,басу,қалыптау,оюлау,қара жүргізу,эмальмен әсемдеу,заттың жиегіне айнала өрнектеу,зерлеу,темірге күміс қақту,алтын жалату қолданылған.Заттарды әшекейлеу технологиясын зергерлер бұйымының сыртқы бейнесі мен формасы үйлестірілген.Күміс ыдыстың бетіне түрліше бедер салып, қарайтылып, жапырақты, жиектей өрнек салынуының өзі нағыз үлкен шеберліктің айғағы болса, олардың сыңғыры күмістің сапасын байқатқан.

Ең алғашқы күміс ыдыстар сервизі:табақшалар,шай қасықтар,пышақтар,шай ішу құралдары.1711 жылы Ι Петердің жарлығымен арнайы Қару жарақ палатасына жасатылған.XVIII ғ ортасында ірі көпес,ауқатты адамдардың үйінде күміс ыдыстардың мыңға жуық түрлері болған.Самаурын,шай құралдарының түрлері де күмістен жасала бастайды. XIX ғасырда күміс ыдыстар сыйға тартылған қымбат сыйлық түріне айналды.Ал күмістен жасалған темекі сауыттар,көз әйнек түрлері,адамдардың әлеуметтік жағдайын байқататын болған.Мәселен,кіші жүздің ханы Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Орынбор генерал-губернаторы арнайы адамдар жіберіп хан үйінің тұтынған заттарының тізбесін жасаған.Олардың көбінің құнды,күміс заттар болғаны бүгінде мұрағаттық деректерден белгілі.Алайда ол заттардың қайда кеткені белгісі.

Фарфор-су мен газды өткізбейтін ақ түсті тыңыз керамикалық материал.Фарфор өндіру ісі VI-VII ғғ.Қытайда пайда болған.Ал Европада фарфор ісі XVI ғасырдан бастап қолға алынған Әдетте фарфор-ыдыстар,көркем,сәндік бұйымдар жасау үшін қолданылған.Император I Петр тұсында қышты өңдеп одан өте жұқа фаянс ыдыстарын шағаруға әрекет жасалды.Сөйтіп Ресейде ыдыс шығаратын Императорлық зауыт құрылды.Ол кезеңде фарфор мен фаянс сиқты нәзік материалдардан сәнді ыдыстарды жасап шығаратын бұл зауыт жалғыз болған.Әрі зауыт өнімдері тек қана император сарайын қамтамасыз еткен.

XVIII-XIX ғғ Императорлық фарфор зауытымен қатар шыны ыдыстарын жасайтын жеке зауыттар ашыла бастайды.Олардың ішінен фарформен айналысатын Гарднер,Кунецов,Попов зауыттарының аты кеңінен таралды.Қазіргі кезде шыны ыдыстарды құмнан жасайды.Әдеттер бұл зауыттан шығарылатын ыдыстар жеңіл,ақ,сары,жасыл түстердің қосындысынан тұрған.Көбінесе бұл зауыт ыдыстарынан гүл ,өсімдік ,қамыс арасындағы нимфалар бейнесі мен әртүрлі жеміс-жидек бейнелері суреттер қолжұмысының туындысы болып табылады.Қазақстан фарфор ,фаянс ыдыстарын Ақмола облысында «Целфар»АҚ фарфор зауыты мен Қапшағай фарфор зауыты шығарды.Бұл зауыттарда шығыстық үлгідегі шыны-аяқтар,табақтар,құмандар,кеселер,кофе сервиздері,бір сөзбен айтқанда ыдыс комплектілері шығарылды.



Арпа ,бидай ас екен...



Сонымен қатар халқымыз астық сақтау үшін саз балшықтан жасалған үлкен- үлкен құмыраларды пайдаланған.

Диірмен- әртүрлі дақылдардың дәндерін майдалауға арналған құрал. Алғашқыда қолмен не жануарлар күшімен айналдырылды.Кейінен су және жел күші пайдаланылды XIX ғасырдың басында ұн тарту үшін бу қозғалтқыш пайдаланыла бастады. Қазіргі диірменде жеке процестер мен машиналар, сондай –ақ тұтас кәсіпорын түгелдей автоматтандырылған.

Шай ішсең,көңілің жай



Қазақ халқымыз қашанда шай ішуді жақсы көретіні белгілі.Әдемі ыдыстарға салынған тәтті –дәмдіні дастарханға қойып,хош иісті шайды демдеп,самаурынның түбінде отырып қою күрең шай ішкенге не жетсін?! Әдетте шығыс халқының көне қолжазбаларында шай туралы «Шай-ғажап сусын,ішсең рухың көтеріледі,шаршасаң тынығасың,бойың жеңілдейді,басына жаңа ой келеді,үғымдылық пайда болады,өмірде кездесетін қиыншылықты жеңетін қуат береді»-деп жазылған.Шынында да бағзы заманнан бері –ақ, халық шайды қастерлейді, қонақ келсе де ең алдымен самаурын қойып шай береді.Бұл туралы белгілі этнограф және археолог А.В.Терещенко өзінің этнографиялық жазбаларында:«Қазақ халқы да орыс халқы сияқты үйге келген қонағына алдымен шай береді екен.Оның кім екеніне, қай уақытта келгеніне қарамастан қонаққа арналып самаурын қойылып, шай мәзірлері дайындалды. Тіпті өздері шайды жаңа ғана ішіп алған болса да қонақпен бірге отырып тағы да шай ішеді» -деп атап көрсеткен.Сондықтан да осындай ғажап дәстүріміз бар халық арасында «шай ішсең,көңілім жай »делінген сөз таралған.Ал осы шай үшін суды қайнататын негізгі құрал-самаурынның сырына үңілсек.Кейбір көне жазбаларда Ежелгі гректер мен римдіктердің самаурынының арғы атасы саналатын су қайнататын,өзі пісіретін құралды пайдаланғаны туралы айтылған.Бұл төрт бұрышты,қос қабырғалы,ортасы,тесік темір ыдыс болыпты да, «автесса» деп аталыпты.Қабырғаларының арасында су құйылып ,ортасындағы тесікке отын салып суды қайнатқан.Алғашқы самаурынды Тула қаласының қару-жарақ зауытының шеберлері Лисициндер (Иван мен Назар)жасапты.Олар 1778 жылы үкімет орындарының рұқсатымен жеке меншіктегі зауыт ашып,одан самаурын жасап шығара бастаған.XIX ғ екінші жартысында тек самаурын шығаратын 50 шеберхана болған.Оны жасау өте күрделі жұмыс болыпты ,біреуін жасау үшін 12 тетік істеледі екен.Сондықтан бір шебердің бір айда формалы самаурынның бесеуіне немесе қарпайымының онын ғана шығару мүмкіндігі болған.Бүгінде Тула қаласындағы өлкелік музейдегі коллекцияда 8000 самаурын бар,көрінеді оның ішіндегі ең көне және кішкентайна бір стакан ғана су сияды да ең үлкеніне 50 литрлік су құйылатын болып жасалған.Тіпті одан да үлкен самаурын түрлері болғаны деректерде айтады.Көпке дейін сәндіктің,салтанатты тұрмыстың белгісі болып саналған самаурынның бағасы да қымбат-бір сиырдың құнымен бірдей болған.Сондықтан кейбір ата-аналар оны ұрпақтарына мирас ретінде қалдырып отырған.Ыдыстар тарихына біздің Орал қаламыздың да қосқан өзіндік үлесі бар өйткені XX ғ 60-70 жж Орал қаласында қыштан ыдыс жасап шығаратын кәсіпорын жұмыс істеп,елімізді түкпір-түкпіріне сувенирлік қыш құмыралар , статуэткалар,қыш сервиздер шығарған.



Ыдыстарға қатысты ырымда мен тыйымдар



Әжем мен анам жиі айтатын «Анасын көріп,қызын ал,аяғын көріп асын іш»деген мақалдың мағынасы енді тереңірек түсінгендей болдымү. Осыдан бастап , ыдыс-аяқтарға қатысты ұғымдар мені қызықтыра бастады.Әжемнің айтқан ырымдары мен тыйым сөздерін сіздердің назарларыңызға ала келдім.Мүмкін сіздерге де қажеті болып қалар.

  1. Ыдыста ашық қалаған тағамды жаратуға болмайды.

  2. Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.

  3. Егер көршілер тамақ әкелсе,ыдысын бос қайтаруға болмайды.

  4. Қазанды ашық қалдыруға,төңкеруге болмайды.

  5. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

  6. Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды.

  7. Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды.

  8. Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу керек

  9. Мыс пен қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды.

Ыдысын көріп асын,асын іш...



Халқымызда ыдыстың кіршіксіз тазалығы,оның сақталуына ерекше көңіл бөлген.Ыдысты сақтау үшін ағаштан асадал жасаған.Тамақ және ыдыс-аяқ сақтайтын үй жиһазы,кебеженің түрі. «Ас» және «адал» деген сөзден құралған.Үстіңгі бөлігі қақпақталып,шебердің немесе мүлікті жасатушының мүмкіндігіне қарай оның бетіне түрлі нақыштар салып, сүйекпен, қаңылтырмен, әртүрлі тастармен безендіріледі, әртүрлі бояумен бояп жиһазға эстетикалық өң беріледі.Аяққап-қазақ халқының тұрмысында ертеден сақталып келе жатқан,күнделікті тіршілігінеде қолданылып,қазан басындағы аяқ - табақты жинақтап, таза сақтау үшін жасалған қойшы мен жылқышының, малшыларының үй мүлкінің бірі.Оны негізінде киізден ою-өрнек,шашақ салып жасайды.Ыдысты тазарту үшін құммен ысқылап жуатын болған.

Ұсыныс

  • Қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары туралы зерттеу жұмыстары көбейтіліп,әлі де қолданысқа еңгізуге ықпал жасалса.

  • Жас балалар мен үлкендер таласа ішетін пепси,кола сияқты денсаулыққа зиянды сусындардың орнына аналарымыз дайындайтын айран,қымыз сияқты экологиялық таза өнімдерді сауда орындарынан көбірек таба алатын болсақ.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қазақ халқының көне ыдыс-аяктары"

Автор: Досқана Жанар Әлмағанбетқызы

Дата: 16.02.2017

Номер свидетельства: 392456


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства