?ожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі ?лтты? ??ндылы?тар
?ожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі ?лтты? ??ндылы?тар
Технология п?н м??алімдеріне ?ажетті материалдар болады деп ойлаймын. ?зіні? саба?ынан жаз?ан жоспарлауды жіберіп отырмын.Келешекте саба? жаоспарларымен к?рнекіліктерді жіберуді жоспарлаймын.Сайт материалдарымен танысудамыз. Технология п?ні т?жірибе алмасуда к?п материалдарды ?ажет етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі ?лтты? ??ндылы?тар »
Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі ұлттық құндылықтар
Гуляйм Мауленқызы Атаева
№34 орта мектеп-гимназиясының
технология пәнінің мұғалімі
Ата-бабамыз ежелден-ақ өз ұлтының салт-дәстүрін, ұлттық өнерін, әдет-ғұрпын, ұлтқа тән сипаттарын ерекше құрметтеген. Сондықтан болар, қазақ халқының өзіне тән нақыштары алыстан менмұндалап тұрады.Қанша ғасыр қанша заман өтседағы әр ұлттың бет- бедерін сипаттайтын өзіндік туындылары жоғалмай, атадан балаға мирас болып, құндылығын сақтап осы заманға жеткені белгілі. Байырғы қазақ халқының ұлттық қолөнеріне қарап, еріксіз таңдай қағасыз.Солардың ішінде көзге оттай басылатын көне күмбездер-ескі дүниеден күбірлеп, өткен өмірдің кезеңдерін көз алдымызға елестетіп, өшпес туындылар бар екенін паш еткендей. Атам қазақтың қай мақалын, қай нақыл сөзін алсақ та, тектен текке айтылмаған. «Өлі риза болмай, тірі байымас»,- деген мақалда терең ой мен астарлы мағына жатыр. Қай халық болмасын, дүниеден өткен пендеге ерекше құрмет көрсеткен. Соның ішінде қазақ халқы бақи болған адамды о дүниеге арулап аттандырып, барлық рәсімдерін жасаған. Әулиелерге, хандарға, ел басқарған адамдарға деген құрметтің шексіз екенін, оларға арналып салынған қасиетті күмбезден аңғара аламыз. Атақты Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде қазақтың игі данышпандары жайдан-жай жерленбеген. Әулиелердің сұлтаны, қазақ жерінің, қазақ елінің тұтқасы болған бабаларымыздың шарапаты әлі күнге дейін сәулесін шашып тұр. Олардың аса құнды хикметтері баға жетпес рухани азық екенін айта кеткен жөн. Көреген Әмір Темірдің Қожа Ахмет Иасауи бабамызға арнайы тұрғызған күмбезіне де бес ғасыр болған екен. Аса құнды көне күмбез – еліміздің алтын қазығы іспетті. Ұлтымыздың рухани тұтқасы. Сол бір күмбезде небір асыл дүниелер бар.Бәрі де ұлттық болмыс пен ұлттық нақышты, ұлттық өнерді әспеттейтіні анық.Біріншіден, күмбездің сыртындағы бедерленген ұлттық өрнектер қазақтың қолөнері көнеден бастау алғандығын суреттеп тұр. Салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 300 метр су сыятын тай қазан жеті түрлі металдан жасалған. Тайқазанда қазақтың қошқармүйіз оюы өрнектеліпті.Әмір Темірдің өзі күмбезге сыйға тартқан «Шырағданда» ғажайып бедерленген ою-өрнектер бар. Сонау XV ғасырдан бері сақталып келген құнды заттың бірі – тудың басындағы «лаухо» болып табылады.Тудағы темір «лаухода» өсімдік тектес оюмен өрнектелген жазулар орын алған. Көне жәдігерлердің бірі – кесененің есігіндегі жазулар. Ондағы оюларда да үлкен мағына бар. Өткен жылы жарық көрген «Қожа Ахмет Иасауи» альбом-кітабының 139-бетінде: «Кесенедегі ХІ ғасырдан сақталып келе жатқан екі есіктің бірі – қабірхана есігі. Бұл есік – ортағасырлық оюлы есіктердің тамаша үлгісі болып табылады. Есік екі жақты ашылады, оюлы өрнектермен, ұсақ сүйектермен әшекейленген» (Ә.Қ.Муминов, С.М.Қанағатұлы, Б.Қорғанбек, М.Ж.Садықбеков 2009 жыл Әзірет сұлтан мемлекеттік тарихи- мәдени қорық мұражайы)
Қорыта айтқанда көгілдір күмбездің іші-сырты төгіліп тұрған рухани қазына. Ұлттық нақыш өрнектер қазақ халқының асыл мұрасы сонау бағзы замандардан басталатынын меңзейді. Ұлттық қолөнер қай заманда да ұлттың болмысын сипаттайтын құнды дүние саналғаны анық. Біздің мақсатымыз – ата-бабадан сан ғасырлар бойы сақталып мирас болып жеткен асыл байлықтарымыз, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық өнерімізді сол қалпында өскелең ұрпаққа жеткізу. Ұлттың, сүйіп өскен баланың есейгенде халқының жанашыры, жерінің қорғаушысы болары анық. Ендеше саналы ұрпақ тәрбиелеп, ұлттығымыздан айырылмайық!
6. «Ұлттық мәдениеттің алтын қазығы – қолөнер» дегенді қалай түсінеміз?
ІV. Жаңа сабақ.
Қазақ халқының ұлы мұрасы, өшпес қазынасы қолөнердің бір саласы бұйымдағы ою-өрнектің мән-маңызы тереңде жатыр. Демек, әрбір ұлттың өзіндік мәдениеті – тілі, өнері, дәстүрі, салт-санасымен ерекшеленеді. Соның ішінде аса бір құнды дүниесі – қолөнер, ою-өрнектің маңызы өте зор. Халықтың дүниетанымын, өнерін, ойлау қабілетін беретін сырлы өнердің сан қилы сыры бар.
Қазақтың асыл мұраларынан, мәселен, көне күмбездердегі өрнектерден, әшекейлерден қолөнердің ерте дәуірден келе жатқан жауһар дүние екенін аңғарамыз.
Біз халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою-өрнектерді қарастырамыз. Әрбір оюшы ою-өрнектер жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Солардың ішінде жиі қолданылатын мүйіз оюлар кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік,кесте тігу,ағаш,сүйек,мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, текемет,киім-кешектерге қолданылады.
V.Түсінгенін тексеру.
Топпен жұмыс.
«Мақал-мәтелшілер» тобы мақалдың жалғасын тауып, мазмұнын түсіндіреді.
Оюды оя алмаған ______________________
Ойсыздан______________________________шықпайды.
Үлгісі көптің___________________________көп,
Өрнегі көптің__________________________ көп.
Өнер білсең____________________________.
«Суретшілер» тобы әр түрлі бұйымдарға түсетін ою-өрнектердің суретін шығармашылықпен салу.
«Шығармашылық» тобы қатырма қағаздан оюдың түрлерін пайдаланып (геометриялық,зооморфты, өсімдіктер әлеміне арналған, космогондық) оюлардың үлгісін қоржын бетіне түсіру.
VІ. Әр топтың топ жетекшілері әр оқушының шығармашылығына жұмыс жасау қабілетіне қарай бағалайды.
Сабақты қорыту, пысықтау.
Ою бір нәрсенің бетіне түсірілген түрлі нақыш, бедер,өрнек,әшекейлеу. Бүгінгі сабақта осы ою оюды тағы бір мәрте қайталап, үйренгенімізді ортаға салдық. Шеберлікке шек қойылмайды, шығармашылық қабілетті шыңдауға, алған өнерді жетілдіруге, дағды қалыптастыруға тек еңбек, еңбектену арқылы ғана қол жеткізетінімізді ұмытпаңыздар.