Просмотр содержимого документа
«?аза? хал?ыны? ?ол?нері »
Қазақ қолөнер түрлері
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақ қолөнері көне тарихымызбен біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ата-баба өнерлерінің қай түрі болсын қасиеттеп,қадірлей тіптен,пір тұтып, көздің қарашығындай аялай сақтай білу.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Ғылыми жұмыстың басты мақсаты-
Мектеп оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнерін үйрету-оқу тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Оқушыларды өнерге баулу, өз елін,жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білу.
Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді шешуді алға қойдым:
Қазақ халқының қолөнер түрлерін зерттеу. Қазақ қолөнерінің ұлттық белгілерінің сипатын білу. Қазақ қолөнерінің адам өміріндегі маңыздылығын анықтау.
Жұмыстың құрылымы:
Ғылыми жұмыс кіріспеден,негізгі және қорытынды бөлімнен, ұсыныстар мен пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Білім беру арқылы мәдени –этикалық мүдделерді жүзеге асыру-қоғамның өзекті міндеттерінің бірі. Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі-ұлттық ерекшеліктерін еске ала отырып дүние танымдарын кеңейту. Бүгінгі оқушы ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып дүниежүзілік мәдениетін танитын, төл мәдениетін қастерлеп, құрметтей білетін, өз мәдениетін өзгеге таныта алатын, рухани дүниесі бай, интелектуалдық деңгейі жоғары, білімді болуы шарт. Қазақ қолөнері көне тарихымызбен біте қайнасып келе жатқан бай қазына.Осы мақсатта халқымыздың ұлттық көне мұраларын қастерлей отырып, біз бүгін қазақ қолөнер түрлерімен тереңірек танысамыз.
2.1.1. Қазақ халқының қолөнері Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан-дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы, байқағыш-тығы артып, дамып отырады. Сондықтан ғасыр бойы тарих жолымен дамып, оның ұлттық қадір-қасиеттерін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қазақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен қолданып келеді. Қазақтың әрбір ұлттық өнері өзінің сипатымен емес сұлулық сырымен, сәніменен ерекше көзге түсіп өз мағынасын жоймай сан ғасырлық тарихтың үлгісін сақтап келеді.
Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – қолөнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын әртүрлі материалдарды пайдаланып олардан тоқу, өру, өсу, тігу, кестелеу, мүсіндеу ,құрастыру, сыру, бейнелеу тәсілдері арқылы орындалатын өнер жиынтығын айтады.
Қазақ халқы ертеден өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті барлық тұрмыстық заттармен шаруашылық заттарын, құралдарын дайындап пайдалана білумен бірге өз заманына сай өмір сүрудің ұлттық садт-дәстүрлерін жалғастырып өмір сүре білген халық.
Қазіргі таңда күні бүгінгі дейін өзінің ата-дәстүрін құрметтеп өзінің ата кәсібі ретінде қолөнер шеберлері оларды дамыта отырып қайта жаңғырту үстінде.
Халықтық қолөнер түрлеріне әдет-ғұрып жабдықтармен бірге аң аулауға, мал өсіруге, егіншілікке қажетті құрал-жабдықтармен қару-жабдықтармен қару-жарақтар жасау өнері де кіреді. Киіз үйдің сүйектері (уық,шаңырақ,кереге есік) ағаштан дайындалған үй жиһаздары (үй мүліктері) сандық, жүкаяқ, кебеже, асадал, ағаш керуерт,жастық ағаш, жүннен дайындалған үй бұйымдарына : кілем, алаша, текемет, сырмақ, түс киіздер жатса, құрақ құрау, шекпен тоқу, арқан есу, жіп есу, қайыс өру, таспа өру, түрлі басқұрлар тоқу,жүрген, ши тоқу, бесік жасау, күбі, келі-келсап, ыдыс-аяқтар жасауды қолөнер шеберлері әртүрлі ою-өрнектермен нақыштап безендіре білген.
Қазақ қолөнерінің негізгі бір түріне зергерлік өнер жатады. Оларға: шолпы, шашбау, білезік, сақина, жүзік, сырғаларды асыл тастармен әшекейлеудің асқан шебері болған халық. Бұл өнерді жасаумен бірге батырлық пен саятшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта шоқпар,сойыл мен бас мойыл, құстың тұғыры мен томағасын дайындап кәсіпшілікті айналдырған халық. Мал шаруашылығына қажетті ноқта, шылбыр жүген, құрық, бұғалық, тұсамыс, шідер, кісен, қада ,ер-тұрманды да дана халық ойлап тауып халық қажетіне пайдаланып отырған. Зергерлік өнермен бірге кестелік, оймашылық, оюшылық өнерді де дамыта отырып өзге де халықтар арасында өз өнерлерін байланыстырып жаңғырта білген қолөнер шеберлері өз халқының қолөнер мұрасына өшпес із қалдырып отырған. Алтынмен апталып, күмістелген сырға, жүзік, білезік сияқты сан ғасырлар бойы әйел сәнін келтіріп жүрген осы қымбат та асыл тастарды қалай бағаламайсың. Түр-түсін жарқырата түсетін асыл тастарды бағалай білген әжелеріміз небір сәнді киімге үйлестіріп тағып жүруге әуес болған.бұрынғы әжелерімізден қалған әшекейлердің сұлулығына , әшекейлігіне ескі көзбен қадірлеп кәзірге дейін қайтадан жаңғырту арқылы дайындауда, ондай бағалы заттарға алқа,сырғалардағы бағалы гауһар тастар(бриллиант) алмаз, металл (рубин) көк,жасыл түсті металдарды зергерлер қолдана білген.
2.1.2 Қазақ қолөнерінің ұлттық белгілерінің сипаты
Ертеден қазақ қолөнерінің түрлері алуан түрлі болып келсе, ол қолөнер бұйымдарының үлгілерін кәзіргі кезде халық қолданумен бірге халқымыздың көне бұйымдары ретінде тарихи мұражайлардан көріге болады. Ондай халқымыздың ұлттық бұйымдарына тастан, сүйектен бұйымдарына тастан,сүйектен,құмнан саз балшықтан, мал терілерінен, ағаштан, темірден, әшекейленген нақышты бұйымдарды өмірге келтірге білген халық. Оларға: шаңқобыз, сыбызғы, қобыз, домбыра, торсық, т.б. көптеген түрлері жатады.
Халық шеберлері тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металлды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр сияқтв ауыр да күрделі жұмыстармен ерлер шұғылданып келген. Сол себептен қолөөнер «ерлерге тән іс», «әйелдерге тә іс» деп екіге бөлген.
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши тоқу, кілем тоқу , алаша, басқұр тоқу, сырмақ сыру, текемет басу, шілтер шалу, теріден киім тігу сияқты нәзік жұмыстарды әйелдер атқарып отырған.
Тері илеу, киіз, текемет басу, ши тоқу,жұмыстарын әйелдер мен еркектер бірлесіп атқарып отырған. ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнерінің ішіндегі киіз үй сүйегін, ағаштан жасалған үй мүліктерін жасау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сырмақ сыру өнерлері кең өріс алды. Бұл өнерлермен бірге күні бүгінге дейін ер тұрман мен белдік, білезік, сырға, сәукеле, құрақ өнерлері кең өріс алған. Бұл өнерлермен бірге күні бүгінге дейін ер тұрман мен белдік, білезік, сырға, сәукеле, құлақ өнері өз мағынасын жоғалтпай қайта даму үстінде. Бұл өнер шеберін республикамыздың әр өңірінде ұйымдастырылып жүрген көрме жұмыстарында, республикамыздан шет аймақтарда әртүрлі көрмелерге қатыстырылып қазақ өнерін паш етіп,қазақ қолөнерінің өрістей түсулеріне өз үлестерін қосуда. Қазақ халқының «Қарыс қазы-балықта,қалың қазына-халықта» деген мақалды да осы өнер молшылығынан туса керек. «Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған» (Абай Құнанбаев). Қолөнердің қай түрін бағалай білетін өнерге әсіресе оңтүстік аймақтағы халықтарды жатқызуға болады. Қолөнер бұйымдарын жасап халыққа ұсынып жатқан байырғы қолөнер шеберлерімен бірге республикамыздағы қолөнер бұйымдарын шығарумен айналысып жатқан өндіріс орындарына Қапшағай фарфор (керамика) зауыты, Алматы, Ақтөбе қалаларында керамиклық бұйымдар мен ұлттық киім үлгілерін тігіп шығаратын фабрикалар («Алматы» тұскиіз фабрикасы, «сымбат» сән орталығы) айрықша орын алуда.Бұл аталған қолөнер бұйымдарын шығаратын әрбір облыс, аудан, қала көлемінде де шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кішігірім кәсіпорындар көптеп саналады.
Қазақ қолөнерінің барлық жағынан басқа халықтарда кездеспейтін өзіндік ерекшеліктері мен бейнеленіп ерекше орын алады. Қазақ елі ертеден кең дала сахарасын иемденіп жартылай отырықщыл және мал шаруашылығымен айналысып көшіп-қонып отырған халық екені тарихтан белгілі. Дегенмен, қазақ жерінде тарихы терең, өз дәуірінің мәдениетінен кенде емес көне қалаларда болғаны-қазақ жерінің жер қойнауында қалып қойған тарихи-археологиялық төбелердің көп екендігі деректі. Сондықтан қазақ жерінде қолөнердің қай түрі болса да өз заманында дами отырып, жалғасын тауып кейбір қолөнер түрлері қайта жаңғыртуда.
Қазақ қолөнері шығармашылықтың композициялық құрылым мен шешімі, пішіні, түр-түсі, бояуы, композициялық үндестігі, эстетикалық талғамын қолданысқа қолайлығы, ыңғайлы болуын, үнемді болуын, ұлттық болмыс айнасын тауып өз дәрежесінде дамыта білген өнердің бірі.
Қазақ қолөнерінің ішіндегі ең негізісі киіз үй болса, киіз үйдің жасауын, киіз үйдің бұйымдарын ойлап табудың өзінің маңызы зор. Сондықтан қазақ қолөнерінің әсемдік әлемінде ерекше көзге түсетіні - киіз үйдің күмбез төбелі, жұмыр пішінде болып, ең негізінде көшіп қонуға ыңғайлылығы. Оның сыртқы келбетімен ішкі жиһаздары, олардың орналасу тәртібі,атқарылатын қызметіне сай келуі, ішкі интерьерінің үйлесімділігінің бәрі ұлт нақышын бейнелейді. Дәл осындай күмбез пішіндер Шығыс елдердің сәулет өнерінде ерекше орын алған.
Тарихи көне қала Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбездері осы айтылған сәулет өнерінің ұлттық нақыштарын білдірсе,республикамыздың әр өңіріндегі тарихи-мәдени,діни ескерткіштермен кесенелердің архитектуралық құрылыстардың негізгі арқауы болған. Бұндай Тарихи мәдени ескерткіштерге бай өлке Маңғыстау өңірі. Бүгінгі күні ежелден келе жатқан күмбез пішінді үлгіні жаңадан салынып жатқан құрылыстың сәулет өнерінде жиі қолдануда.оған дәлел Астана, Алматы, Түркістан, Тараз қалаларындағы құрылыстық орындардың күмбез пішіндегі ұлттық нақыштар, қазақ қолөнерінің ұлттық сипатын айқын көрсетіп тұр.
Қазақ халқының негізгі ұлттық нақыштық сипаты ою-өрнектерімен ерекшеленіп,көрініп тұрады. Барлық қолөнер бұйымдарының әсемдік ажарын,құндылық жақтарын ою-өрнек арқылы көрінетіндігі айқын байқалады. Қай халықтың болса да үстіндегі киім үлгілеріне, олардың ою-өрнегіне қарай қай ұлт екендігін ажыратуымызға болады. Қазақ халқының қай бұйымын алсақ та,үнемі мүйіз тектес ою-өрнектер кездесетінін байқауға болады.
Мысалы, әсіресе үй жиһаздарының ішіндегі текемет, сырмақ,төсек сырмақ, киіз есік, сандыққап, шым ши, аяққап, әбдіре қаптарға тән негізгі ою «Қошқар мүйіз» ою-өрнегі болса әр түрдегі алаша, тоқыма кілемдер,қоржын киіз баулар-туырлық бау, үзік бау, басқұр сияқтылардың нақыш арқауы геометриялық өрнектер басымдау болып келеді.
Ағаштан жасалған төсек ағаш, сандық, әбдіре, жүкаяқ, кебеже, жағлан, саба аяқ, тегене, шара аяқ , кесе қап, т.б. бұйымдарда басым көпшілігінде нақыш белгілері өсімдік пішіндес гүлдік өрнектер басымдау болып келеді. Киiз басып, одан алуан түрлi дүние-бұйымдар жасау қазақтың ең ежелден келе жатқан қолөнерi. Киiзбен үйдi жапқан, жерге төсеген, керегеге керген. Сол киiзден кебеже, сандық қаптайтын әбдiреқаптар, ыдыс-аяқ салатын аяқ-қаптар жасаған. Одан кебенек, киiз қалпақтар мен киiз байпақ тiккен. Ер тұрманның терлiгi мен тоқымы, тебiнгiсi киiзден болған. Тағы басқа да тұрмысқа қажеттi бұйымдарының көбiне киiздi қолданған. Киiзден жасалған дүниелердiң көбi негiзiнен киiз үйдiң iшiн безендiруге арналған. Олардың арасындағы неғұрлым кең тарағандары: Киiз – ақ немесе басқа түстерден басылған, киiз үйдiң жабуына қажеттi туырлықтар, түндiктер және шаруашылыққа қажеттi бұйымдар жасайтын жұмсақ жүн; Текемет – киiз үйдiң iшiне төселетiн жайма киiз; Сырмақ – басылған киiздiң бетiне екi түрлi өрнек, бояумен жиектелiп, жұқа жүннiң үстiне матамен сырылып жасалатын төсенiш кiлем; Сырдақ – киiздiң үстiне алуан түстi жүн жiптермен кестеленiп тiгiлген төсенiш кiлем; Тұс киiз – киiздiң үстiне барқыт қиындыларымен жапсырыла тiгiлiп, өрнектелген қабырғаға iлетiн кiлем. Жүн– қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой Жүні көп өндіріледі. Қой Жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой Жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық Жүн деп бөлінеді. Биязы Жүн талшығының жіңішкелігі 14, 2 – 25мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл Жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау Жүн біркелкі ірілеу Жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25, 1 – 35мкм. Мұндай Жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң Жүн құрамында Жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң Жүннен кілем тоқылады. Қылшық Жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай Жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі Жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т.б. ешкі тұқымының Жүні биязылау келеді. Түйе Жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы Жүндерінен киіз, қоян Жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит Жүні емдік мақсатта қолданылады Жүннен жасалатын бұйымдар Арқандар • Ат арқан.Белдеу арқан.Желі арқан. Қом арқан .Қосарқан. Матау арқан. Сүйретпе арқан.Тарту арқан. Жіптер. Бас жіп. Бауыр жіп. Бұғалық жіп. Жан жіп. Керме жіп. Күрде жіп.Ноқта жіп.Өре жіп.Тең жіп. Киіз үй жабдықтары • Ақ басқұр. Ала басқұр. Бас бау. Босаға. Дөдеге. Кереге бау. Таңғыш.Түндік бау. Уық бау. Үзік бау. Киім-кешектер Жабағы күпі. Жадағай шапан.Жүн қолғап. Жүн шұлық. Түйе жүн далбағай. Түйе жүн кеудеше. Шекпен. Шидем шекпен. Төсеніштер Алаша. Бөстек. Кілем.
Киіз десе, көз алдымызға киіз үй мен киіз төсеніш елестейді, жалпы киіз ұғымы архаизм боп бара жатқан еді. Ал қазір жүннен түрлі бұйым басу шеберлігі қайта жаңғырып отыр. Қазіргі қолөнер шеберлері киіз басып, түрлі сәнді киімдер — пиджак, жейде, шәлі, шарф, бас киім жасайды. Сондай-ақ сөмке, шаш қыстырғыш, әшекей бұйымдарын, аяққа іліп алар сүйретпелер жасау да сәнге айналды.
Жүнді жуып, түту, бояу, киіз басу секілді процестің бәрін бір өзі үй жағдайында атқарады..
Біздің елде киізге , киіз үйге сұраныс күннен күнге артуда. Киіз басуға көңіл бөле бастаған қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханасы жоқ. Сондықтан жүнді үй жағдайында өңдеуге мәжбүрміз. Облыс орталығынан бір шеберхана ашылса, бір жағында өндіріс цехы қайнап, екінші жағында сауда қызып жатса нұр үстіне нұр болар еді.Әйтпесе, киіз бұйымдардың бағасы да қымбат. Қазір біздің қалада ұлттық нақыштағы шағын кәдесыйларды сататын жерлер саусақпен санарлық. Ал егер қолөнер шеберлері бір жерде жұмыс істеп, қолдан шыққан дүниелері де бір жерде сатылып жатса, бағасы да қазіргіден гөрі едәуір төмен болар ма еді…
Елде жүн бар, бірақ…
Жүннің емдік қасиеті бар. Мәселен, ит жүнінен тоқылған киімді ревматизммен ауырған науқастар кисе, пайдалы. Тіпті, ертеде адамдар бастарын шарқатпен
таңып, сол арқылы тіс немесе бас ауруларынан айыққан деседі.
Жүннен жасалған бұйымдар, әсіресе, ревматизм, остеохондроз және радикулитпен ауыратын науқастарға ұсынылатын болған.
Жүннің мынадай артықшылықтары бар: ылғалды сіңіреді, бойды термен бірге бөлініп шыққан улы заттардан арылтады, денені таза, құрғақ әрі жылы етеді. Барлық қасиеттерінің ішінде ең жақсысы — температураны бірқалыпты сақтау қасиеті. Жүннен иірілген жіп өсімдіктен алынған жіптен гөрі ерекше жылы әрі ылғалды өте баяу сіңіреді.
Қой жүні әр ауылда бар. Бірақ оны жаратып жатқандар аз. Асса, көрпе ішіне салып, иіреді. Болмаса өртеп жібереді. Киiзден киiм тiгу үшiн арнайы әппақ жүн таңдалып алынады. Оны мұқият тазалап, жуып, сабаумен түтедi, содан соң одан жұқа киiз басады. Кейде оның кiшiксiз әппақ болуы үшiн, бор қосып, қайнататын болған. Жүндi бояу үшiн қазақтар ХІХ ғасырдың ортасына дейiн әр алуан өсiмдiктердiң тамырларынан қайнатылған тұнбаларды және минералды тұздарды пайдаланған. ХІХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап Қазақстанға анилин бояулары әкелiне бастады да, ол бiрте-бiрте табиғи боямаларды ығыстырып шығарды. Киiз үйдiң бүкiл iшiн алып жататындай аса үлкен, ауыр текеметтердiң бетiне ақ, қызыл немесе көкке боялған, iрi өрнектермен иректелiп басылған жұқа жүн тартылады. Оның дайындалуы, киiздiң үстiне басылу техникасы сырмаққа қарағанда неғұрлым жеңiлдеу болғандықтан да ою өрнектерi кейде басылған киiздiң түсiмен астасып, графикалық кескiндерi шашыраңқы келедi. Осының өзi оған ою өрнектiң жалпы түспен үйлескен жеңiлдiгiн бередi. Оюдың бiр желiсiн жүргiзушi шебер неғұрлым алуан түстi етiп көрсету үшiн кезек-кезегiмен түрлi түстi жүндердi жиi қосып отырған. Оны қай түстi бояуының басымдылығына қарай әр түрлi атайды, мысалы сарала текемет, қарала текемет, қызылала текемет т. с. с. Сырмақ – мозаика техникасымен жасалған киiз кiлемнiң бiр түрi. Сырмақ жасау өнерiнiң терең тамыры халық шеберлерiнiң ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiп отырған, ежелден қалыптасқан дәстүрiнде жатыр. Мұнда бәрi бiртұтас келiсiм тапқан. Мозаикалық техниканы пайдаланудың өзi, яғни, жүннiң бiр түсiнiң екiншi түспен қабыстыра жиектелiп сырылуы кiлемнiң төсенiш ретiнде қолданылуына сай келедi. Мұндағы ою өрнек киiздiң бетiне бiркелкi сырылып, оны мезiлсiз тозудан сақтайтын болғандықтан, бұл жерде жапсырудың да, кестелеудiң де қажетi жоқ. Сырмақтар тозбайтын мықтылығымен ерекшеленедi. Жақсы сырылған сырмақтар 50 жылдан астам уақытқа дейiн шыдас бередi. Оған қоса, сырмақ сыруға жүн өте аз мөлшерде пайдаланылады. Сiмер оюшы бiр түстi жүндi екiншiсiнiң үстiне салады да, өзiнiң ойына алған өрнегiн жасайды. Және сол өрнектiң екi жақ шетiн бiрдей жиектей келiп, ортасын сырады. Одан соң ақ жүнге қара, не қоңыр, я болмаса керiсiнше қоңыр түске ақ жүн қапсырылады. Сонда сырмақтың өрнектелген бетiнде екi түрлi үйлесiмдi түс пайда болады. Бiрiнiң үстiне бiрi салынған жүндердi қабыстыра келiп, астындағы киiздiң бетiне салады да, оны жиiлеп сырады. Және ол салынған ою өрнекпен жиектелiп, бiрге сырылады. Түрлi түстi жүндердiң қосылған тұсындағы тұйық желiсiне бояулы жiп тiгiледi. Жалпы сырмақтар ұстамды, сабырлы сұңғаттылығымен ерекшеленедi. Егер текеметтерде көбiнесе жануардың болмысын ойға салатындай оюлар қолданылса, сырмақтарда өсiмдiк нышандарын бейнелеу басым. Сырмақтың орталық алаңы бар, ол өрнектермен бөлiнедi де, көбiнесе ешкi жүнiмен шашақталып, әдiптеледi. Әдетте оларды шашақты сырмақ деп атайды. Қазақтың қабырғаға iлетiн кiлемдерi – түскиiздерi, тiк бұрышты жалпақ киiз бетiне қызыл және қара барқыт немесе шұғамен күрделi өрнектелiп, кестеленген әдемi өнер туындысы. Түскиiздi қазақтар әдетте керегеге керiп, төсектiң тұсына iлген. Оның «түскиiз» аталуы да «тұс» деген түбiрден шыққан. Ол киiз үйдiң iшiне сән берiп, әрi суықтан қорғаған. Оны жасауға мозаика, өрнектеп жапсыру және кестелеп тiгу тәсiлдерi қолданылған. Алғашқы екi тәсiлмен жасалған түскиiздер iшкi түзу бұрышты жиектеген П әрпi тәрiздi кескiнмен көмкерiлген. Оның өрнектелуiне зооморфтық, яғни хайуанаттар болмысы және өсiмдiктердi бейнелейтiн нышандар бiрдей пайдаланылған. Кестеленген түскиiздер өзiндiк өрнектерiмен және композициялық шешiмдерiмен ерекшеленедi – орталық алаң қашанда жиектелген өрнек арқылы тұйықталған және онда алуан түрлi өсiмдiктер нышаны басым. Ал, кестеленген түскиiздердiң ең басты ерекшелiгi өрнектер алдымен матаның (барқыт, шұға, мақта-мата кездемелерi) бетiне кестеленiп безендiрiледi де, содан соң барып, киiздiң бетiне тiгiледi. Мозаикалық және өрнектеп жапсырылған түскиiздер Шығыс, Оңтүстiк шығыс, Орталық және Оңтүстiк Қазақстан аудандарында, сондай-ақ, Батыс Қазақстанның кейбiр аймақтарында кездеседi.Текемет басу кезінде қазақ ою-өрнектерінің әсемдік үйлесімділіктерін орындай білу эстетикалық талғамдарды жетілдіре түседі.
Киіз басу ісі мынандай еңбек дағдысы мен іскерлікті қалыптастыру мақсатын көздейді.
-өз қызметін жоспарлы атқарып,іс-әрекетін жүйелі ойластыруды;
-жұмыс орнын дайындай білуді;
-кейбір құрал-жабдықтарды (қайшы,ине,тарақ,т.б.) пайдалана білуді;
Киiз қапшықтар, ыдыс-аяқ салатын аяқ қап, кебеже, сандық салатын әбдiрақаптардың тұрмысқа пайдалы болғандығынан да киiз үйдiң iшiн әдемiлеп, көркем безендiруде алатын орыны ерекше маңызды болды. Бұл жиһаздар көркемдiгiмен көз тартады.Жұқа ақ киiздiң бетiне еркiн орналасқан ою өрнек үлкен киiз кiлемдердегi қатаң тәртiппен жүйелi салынған күрделi кестелеулерге қарағанда жеңiлдiк, әдемiлiк және талғампаздықты сездiредi. Қазақтың киiзден жасалған бұйымдарының көптеген түрлерiн, олардың дайындау техникасын, ою өрнек сырларын және бояу түсiнiң шешiмдерiн сараптай келгенде, киiз басу және өңдеу өнерi ұрпақтан ұрпаққа барған сайын жетiлдiрiле отырып, қазақтың халық шеберлерiнiң қазiргi жоғары дәрежедегi ұлттық өнерiн қалыптастырды деп қортынды жасауға болады.
Ою-өрнек
Қазақ қолөнерінің ішіндегі халық арасында ертеден дамып,күні бүгінге дейін әрбір ұлттық бұйымның ажарын,ұлттық бейнесін ашып көрсетуде ою-өрнектің орны ерекше.Ою-өрнек сәндік-қолданбалы өнердің негізгі бір түрі болып саналады.Ою-өрнек деген қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірігіп келіп,ою-өрнек деп аталады.Оюшы –әртүрлі өрнек үлгілерін жасаушы,қазақ ою-өрнегінің шебері.Қазақтың ою-өрнектері төрт түрге бөлінеді: өсімдік тектес,жануарлар,геометриялық формада,космогендік.Бұлардың әрқайсысының өзінің белгілі бір мағынасы бар.Мүйіз-қазақ оюының негізгі және ең көне мәнері.Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою-өрнегі кейде ұсақ,кейде ірі болып келеді.Ұсақ түрлері ағаш,сүйек,мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында пайдаланылады.Ірі түрлері сырмақ,текемет,алаша,кілем,сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. «Гүл» ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды.Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып.он екі жапырақтыою-өрнекке дейін кездеседі.Кесте тіккенде және киім кешектердің жағасына қалтасына,жиектеріне салады.Арпабас,көбелек,су өрнегі.Қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар.Олар:қызыл,көк,жасыл,сары,ақ,қара.Бұл бояулардың сол сияқты символдық мәні де бар.Көк түс-аспанның,ақ түс-ақиқаттың,сары түс-ақыл парасаттың,қайғы мұңның,жасыл түс-жастықтың,көктемнің символы. «Су өрнегі» деп әрбәр өрнекті айтады.Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық жасай отырып,дөңгелек,төртбұрыш бейнелер жасайды.Қошқармүйіз,ашатұяқ оюлары. «Қошқармүйіз»-ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп,оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақмүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады.Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барылқ түрінде кездеседі. «Түйетабан»-түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек.Ол кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ою-өрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді екі сызық қатарласып қосылмайды,түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келетін ою.
Қазақ жеріндегі жазылған деректерге және қолөнер шеберлерінің айтуына қарағанда дәлелденген ою-өрнектердің түрлері:ай,айбалта,айбас,ай мүйіз,айшық,алақан,алақұрт,аламыш,алаша,алты басар,арпа бас,ат ауыз,ат ерін,ат із,аша таяқ,айыр тұяқ,бағана өрнек,балта,марал мүйіз,доға,төрт гүл,төрт құлақ,тұмар,қос мүйіз,қошқар мүйіз,қырық мүйіз,қысқаш,қос алқа,қысқаш,құс табан,қос алқа.Бұл аталып отырған ою-өрнек аттары тек қана әдебиет беттерінен көпшілікке белгілі екі үйдің бірінен кездесетін өрнектер ғана,әлі де басқа ою-өрнек өнерін зерттеуді қажет етеді.Ою-өрнек атаулары зерттеуші этнографтар мынадай негізгі топтарға бөліп ұсынады:
1.Ай,күн,жұлдыздарға,көк әлеміне байланысты өрнектер.
2.Малға,малдың дене мүшелеріне байланысты ою өрнектер.
3.Аңға,аңның дене мүшелеріне байланысты ою-өрнектер.
4.Құрт-құмырсқаларға байланысты ою-өрнектер..
5.Құстарға байланысты ою-өрнектер.
Жүннен дайындалатын бұйымдар
Қазақ халқы ертеден мал бағып,мал қадірін біле білумен күн көріс тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарын жасай білген,оның ішінде жүндерді өңдеу,жүндерден әсем бұймдар жасау жолдарын асқан шеберлікпен жасай да білген халық. Сондықтан төрт түлік малдардың жүндері қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен рөл атқарған. Мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең қолайлысы көп қолданатын түрі түйе жүн мен қой, ешкі жүндері және ешкі түбіті оның қылы, жылқының жал құйрығы, түйенің шудасы. Жүндерден түрлі шаруашылыққа қажетті арқан-жіп, баулар, киім-кешек, киіз үйдің жабдықтарының әртүрлі текемет, сырмақ,алаша сияқты төсеніштік бұйымдар,қап,шекпен т.б. қажетті мүліктер дайындалған. Жүк артқан түйенің жүні ұйысып киіздей болып, әрі жұмсақ, қасиетті жүн болып келеді. Ол жүнді «жабағы жүн» деп атайды. «Жабағы жүн» астындағы жүнді «боздақ» деп аталатын үлпілдек жүн өседі де жабағы өзінен-өзі көтеріледі. Түйе жабағысынан әртүрлі жеңіл де жылы күпі тігіледі. Әжелеріміз жабағы жүнді түтіп көрпеге де салып, әртүрлі киімдер тоқылатын жіптер иірген. Әжелеріміз ертеден түйе жүндерінен неше түрлі ою-өрнек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқып келсе,бұл өнер түрлері әсіресе 70-жылдарға дейін қатты дамып келді. Сол сияқты түйе жүнін айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, баулар есуге өте қолайлы болып келеді.
Шудадан жамау-жасқаулық жіптер иіріледі. Бұрынғы қазақтың тон шалбары, сабасы мен торсықты көн ыдыстары осы шуда жібінен тігілген. Шуда жіпті «шертер керуіш» деп аталған саз аспаптардың шегі ретінде қолданған. Қой жүнінен «Жабағы», «Күзем жүні», «Қозы жүні», «Өлі жүн» және шет-пұшпақ деп 5 түрге бөліп атаған. Қойдың табиғи жүнінен Шидем шапан,күпі,ішпек,терілік,тыстан бөстек,көпшік,жеңіл байпақ тігілген.
Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан матаның сыртына шықпас үшін қылшықтары бүріліп қайнатады. Жабағы жүнді киімнің, көрпешенің астына салған, неше түрлі бұйымдар тоқу үшін иіру ісіне пайдаланады. Түтілген жабағы жүннен, киіз басылады, текемет, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер дайындалады. Күзем жүні мен қозы жүні шіруге икемді келеді. Тек қана бұл жүнді киімнің,көрпенің арасына салуға жұмсалады.
Ешкі жүні, түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шарф, шұлық, қалпақ, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімді тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнімен бір қырқып алып, түтін қылшығынан бөліп алады. Негізінен еш түбіті,түйе жүндері қымбат болып жібекпен теңдес келеді.
Өрмек тоқу өнері
Қазақ қолөнерінің бір түрі өрмек тоқу. Өрмек тоқу ісінің нәтижесінде қазақтың көптеген тұрмыстық тұтыну, шаруашылық бұйымдары мен заттары дүниеге келіп,халық қажетін өтей білген. Өрмек тоқу өнері қазақ қолөнерінің ішіндегі қарапайым түрі. Өрмек тоқу қалыбы (станок) деп те атайды. Өрмекті кез-келген жерге орналастырып керекті жабдықтары оңай табылатын өрмектің екі түрі бар. Біріншісі, аспалы немесе термелі өрмек деп атайды. Екіншісі, жай өрмек деп атайды. Жай өрмек шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау , басқұр сияқты енсіз бұйымдарды тоқуға арналады. Халық қолөнерінде жиі қолданып жүрген түрінің бірі жай өрмек.
Алаша тоқу
Қазақ халқының төсеніштік бұйымдарының біріне алаша жатады. Алаша бүктеуге, жинауға, алып-салуға қолайлы мүліктің бірі. Алаша ұстайтын орнына қарай әрі енді, әрі көлемді етіп тоқылады. Өрнекпен тоқылатын алашаның ені, әдетте, 40-45 см-ден аспайды. Сондықтан тоқылған алаша кесіндісін бір-біріне біріктіріп барып тігіп алаша дайындайды. Өрмекке жеңіләрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі бар. Біріншісі «су»,екіншісі «тіс» өрнегі. «Су» өрнегін өрмектің белгілі бір шетінен ерсі жіп пен қарсы жіптің өнбойын бір түсті етіп жүгіпті арқылы тоқиды. «Тіс» өрнегі осы екі жіптің екеуін екі түсті түрмен жүгіртіп тоқиды. Бұл өрнектеудің басқа да мүйіз,өсімдік,геометриялық фигуралар тәрізді күрделі өрнектерде қолданылады. Мұндай тоқуды «терме» деп атайды.
Кілем тоқу өнері
Кілем- сәнді тоқыма жиһазы. Негізінен сәндік, бөлме жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету мақсатында тұтынылады. Кілем тоқу ерекшелігіне материалына, көлеміне, ою-өрнегіне бояу үйлесіміне байланысты бөлінеді.
Кілем тоқу-тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеректен белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Қай уақытта да «шебердің қолы ортақ» деген емес пе? Кілем тоқу да киіз басу басу сияқты көршілер арасында тындырылатын іс. Өйткені, кілем тоқуға бастан-аяқ 3-4 адам,құруға одан да көбірек қатысады.Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланатын жүннен жасалған бұйымдардың ішінде басты орыналып, әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтпай келеді. Еліміздің түкпір-түкпіріне кең тараған осы бір өнер түрінің өріс алып, бай мазмұн-мағынаға ие болып, одан әрі дамып отырған жері, әсіресе республикамыздың оңтүстік аудандары (Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы,Жамбыл облысы).
Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне (түкті кілем,қалы кілем), өндірілген орнына қарай (Қызылорда кілемі,алматы кілем,Жамбыл кілемі),ру үлгілеріне қарай (Адай кілемі,Керей кілемі,Қоңырат кілемі,Үйсін кілемі)қосалқы белгілеріне байланысты (шашақты кілем,оқалы кілем) түрліше аталады.
Кілемді машинамен тоқу, шамамен 1825 ж.Еуропа Франц Жаккардтың өрнекті мата және кілем тоқу ісіне пайдаланатын машина ойлап табуының негізінде пайда болған. Осыдан 25 жыл өткен соң Англияда машинамен кілем тоқу қауырт дамыды. Қолмен тоқылған кілемге қарағанда, машинамен тоқылған кілемнің беріктігі мен көркемдік сапасы нашарлау, ал сыртқы түрі мен өрнегі жағынан одан кем емес, әрі өнімділігі жоғары және арзанға түседі. Кілемші қолмен жылына 10-12 метр кілем тоқыса, машинамен сағатына 4-5 метр кілем тоқылады.
Халық арасындағы кілем атаулары
Республика облыстарында кездесетін кілем түрлері де,атаулары да көп.Деректі материалдарға қарағанда олардың атаулары әртүрлі болғанымен тоқылу технологияларының айырмашылығы жоқ. Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркмен, орыс, украин, молдаван, азербайжан халықтарының арасындағы қолмен өрнек тоқу өнері бір-біріне ұқсас болып келеді.
Иран кілемдері де тоқылған жеріне байланысты «Ушан кілемі», «Құлама кілемі», т.б. болып бөлінеді. Оның негізгі гүлдері көрнекті жасалып, жиектері әсемдеп жазылған құран үзінділерімен безендіріледі.
Азербайжан кілемдері тоқылу үлгісіне, орнына байланысты «Ширван кілемі», «Қазақ кілемі» болып бөлінеді. Бұл кілемдер түсірілген күмбездердің қонымдылығымен, өрнектердің биязылығымен көз тартады.
Алаша тоқу өнері республикамызда кең тараған өнердің бір түрі. Соның ішінде термелеп тоқу әдісі қазақтың өте ертеден келе жатқан өрмек өнерінің бір түрі болса, осы әдіс көркем заттарды тоқуға ең бір қолайлысы болып саналған.
Қоржын
Өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см,ені 50 см болады. Ең әуелі қоржынның ұзыныдығына қарап астын тоқиды, сонан соң екі шетінің үстіне өрнектелген төрт бұрышты екі ою салынып тігіледі. Сонда қоржынның екі шетінде қалталар пайда болады.
Тоқылу әдістеріне байланысты қоржында түкті және түксіз болып екіге бөлінеді: кілем, терме алашалардың өрнектері түсірілген қоржындар жиі кездеседі. Қоржынды жайлауға шыққанда , күнделікті тұрмыста,көлікпен зат және тамақ алып жүруге пайдаланады.
Тоқыма бұйымдарын тоқу
Қазіргі таңда күні бүгінге дейін күнделікті тұрмысқа қажетті жеңіл-желпі киім-кешектерді, заттарды қолмен тоқылу өнері,тоқыма ілгегі арқылы тоқу ісі өз жалғасын табуда. Қолмен тоқу ісі ешқандай құрал-жабдықты,арнаулы орынды,белгілі бір мезгілді қажет етпейтін іс. Басқа өнерге қарағанда бұл өнермен кез-келген жастағы адамдар айналысып өз жігерлерін шыңдай отырып өз қажеттерін өзі жасауды. Қолмен тоқу өнерінің түрлері өте көп және жақты дамыған өнер түрі.
Бұл өнер қай халықтың болса да ұлттық өнерінде кең кездеседі.
3.Әртүрлі жіптерден,талшықтардан,кендерден,өсімдік сабақтарынан тоқылған сөмке,себет,тор қалта, т.б.
4.Шидек, қамыстан тоқылған заттар.
5.Тал шыбығынан, қамыстан тоқылған қораптар, шарбақтар, ыдыстар, орындықтар, ықтырмалар. Бұндай бұйымдарды тоқудың негізгі әдісі тоқылып отырған жіптің ілмегін санап,үлгіге қарап отырып тоқу. Бізбен шалып немесе сымды шыбықты тізіп отырып тоқудың өзінің бірнеше түрі бар. Мысалы; ілу, шалып ілу, орап ілу,т орлап ілу, өткермелеп ілу т.б. Қазіргі кезде қолғап, шұлық, ұйық, кеудеме т.б. заттарды тоқыма фабрикаларда тоқып өнім түрлерін түрлендіре түсуде. Тоқылатын бұйымнаң түріне қарай тоқыма жіптерді де әртүрлі материалдардан дайындалады.
Қорытынды
Қазақ халқы ерте заманнан бері басқа халықтар сияқты өз заманының куәсі ретінде қолөнердің барлық саласында өшпес із қалдырып отырған, қазақтың шеберлері тоқыған асқан алқызыл қазақ кілемдері, текемет пен сырмақтары әртүрлі әшекейлі зергерлік жұмыстары жатады. Бұл өнердің қай-қайсысы болса да өмір қажеттілігінен туған, оларды тек жасай да білген. Әрбір затты өз заманының адамдарына, оларды тұрмыс жағдайларына байланысты жасап отырған, кейбір қолөнер түрлері қазіргі қоғамдағы тұрмыс тіршіліктің, қажеттіліктің талап –талғамдарына сәйкес қолданудан қалып отырса, кейбір бұйымдар осы күнге дейін өз мағынасын жоймай күнделікті тұрмыста қолдануда. Оларға: сандық, текемет, жүкаяқ, бесік, күбі т. б.
Халық қолөнер шеберлері байлыққа байлық қосып, молшылық жасаумен қатар, сол баршылықты байыпты етуге тұрмыстық жиһаз мүліктерімізді сәндендіре түсуге үлкен үлес қосты. Қолөнердің әсем туындылары еңбек адамдарына рухани азық болатын, эстетикалық талғамдарын қанағаттандыратын, сұлу да әдемі, әрі тиімді ұнамды киімдерді халық шеберлері жасай білген. Бұл өнер түрлері мен әлі кез-келген жерлерде таңғажайып ою-өрнекті бұйымдарды кездестіруге болады. Қазіргі кезде қолөнер шеберлеріне көмек көрсету, оларды керекті құрал-жабдықтармен қамтамсыз ету,қолөнер мамандарын дайындайтын мамандар дайындау жұмыстары қолға алынуда. Қолөнер жұмысымен айналысып жүрген кәсіпшілер туралы, газет, журнал беттерінде үгіт-насихат ретінде берілуде. Сонда да болса бұл істер халық талғамын, талабын қанағаттандыра алмайды. Сол себептен қазіргі қоғам жастары келешегіміздің ұлттық болмысын, ұлттың ұлттық мәдениетінен айырылып қалмау үшін, алдын-ала ойластырып өз бойында сақтай білуге тәрбиелеу ісі өзекті мәселелердің бірі болуы тиіс.
Ұсыныс:
Киіз басуға көңіл бөле бастаған қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханасы жоқ. Сондықтан жүнді үй жағдайында өңдеуге мәжбүрміз. Облыс орталығынан бір шеберхана ашылса, бір жағында өндіріс цехы қайнап, екінші жағында сауда қызып жатса нұр үстіне нұр болар еді.Әйтпесе, киіз бұйымдардың бағасы да қымбат. Қазір біздің қалада ұлттық нақыштағы шағын кәдесыйларды сататын жерлер саусақпен санарлық. Ал егер қолөнер шеберлері бір жерде жұмыс істеп, қолдан шыққан дүниелері де бір жерде сатылып жатса, бағасы да қазіргіден гөрі едәуір төмен болар ма еді…
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Лтд»