kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми-зерттеу жобаны? та?ырыбы: «Т?рмысты? б?йымдарды был?ары ?алды?тарынан жасау»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зерттеуді? ма?саты ж?не міндеті:

?нерк?сіптік ж?не т?рмысты? ?алды?тар туралы м?ліметтерді жина?тау ж?не олар?а талдау жасау;

Т?рмысты? ?атты ?алды?тарды ??деуді? ?лемдік ?дістерімен танысу ж?не олар?а талдау жасап, экологиялы? тиімдісін аны?тау; 

Т?рмысты? ?алды?тар проблемасын шешу ма?сатында?ы мемлекет тарапынан жасалып жат?ан іс-?рекеттерге талдау жасау;

?аланы? т?рмысты? ?атты ?алды?тармен ластану д?режесін  ба?алау;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми-зерттеу жобаны? та?ырыбы: «Т?рмысты? б?йымдарды был?ары ?алды?тарынан жасау»»


Орал облысы

Тасқала ауданы

«Сәулет»мектеп-лицейі


Бағыты:

Таза табиғи орта- Қазақстан 2030 стратегиясын іске асырудың негізі


Секциясы:

Қоршаған орта және экология






Ғылыми-зерттеу жобаның тақырыбы:


«Тұрмыстық бұйымдарды былғары қалдықтарынан жасау»






Орындаған оқушы:

Тукешева Бейнура 10б сынып



Жетекшісі технология пәнінің

мұғалімі: Идрисова Ж.Б.







Орал-2015




Мазмұны



  1. Абстракт (Аннотация)

  2. Кіріспе

  3. Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеті

  4. Зерттеу жұмысының зерттеу бөлімі

  5. Қорытынды

  6. Пайдаланған әдебиеттер

  7. Жетекшінің пікірі




Содержание:

  1. Абстракт ( Аннотация)

  2. Введение

  3. Цель исследования

  4. Исследовательская часть

  5. Заключения

  6. Использванная литература

  7. Отзыв руководителя




Contents:

1. Abstract (Summary)

2. introduction

3. The purpose of research4. research part of the

5. Conclusions

6. References

7. Reviewed head











1

Абстракт. Аннотация.


Тема научного проекта: Исползование остаточных материалов кожи тумар

цель исследовательского проекта: при использование различных остаточных материалов раскрыть свой безграничные способности для эксперементов

Гипотеза: Вохране окружающей среды правильное использование остаточных материалов играет важную роль. Охрана окружающей среды и моя забота и прямую связана с моей работой.


Этапы и процедуры исследования: В начале работы я познакомилась с работой швейной фабрики «Диана», познакомилась с работой обувьного цеха. Участвовали на выстовке других школ, посетили колледж № 2 и у мастера Гульнар Каиржановны видели много различного вида работы с остатками кожи


Результаты работы и выводы: после всего увиденного я решила поделиться с искусством из остаточных материалов с однокласниками и научить их тоже делать различного виды изделии


Abstract. Annotation.
The theme of the scientific project: integrate the use of residual materials skin TUMAR
the aim of the research project: when using different residual materials to reveal his infinite capacity for эксперементов


Hypothesis: Вохране environmental proper use of residual materials plays an important role. Environmental protection and my concern and is directly connected with my work.

Stages and procedures of the research: In the beginning of my work I met with the work of the garment factory «Diana», got acquainted with the work обувьного shop. Participated in the show other schools, visited the College № 2 and the master Gulnar Каиржановны have seen a lot of different kinds of work with the remnants of the skin


Results and conclusions: after seeing so I decided to share with the art of residual materials with classmates and teach them to make different types of product









2


Абстракт (Аннотация)




Зерттеудің мақсаты және міндеті:


Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;



Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау;



Тұрмыстық қалдықтар проблемасын шешу мақсатындағы мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-әрекеттерге талдау жасау;



Қаланың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;





















3

Қалдықтарды қолдануды жан-жақты зерттеу, қоршаған ортаға зиянсыз болуын қарастыру. Шығармашылық жұмыстар арқылы мақсатқа жету. Қалдықтарды қолдана отыра жан- жақты зертттеу, бұйымның әдемі және зиянсыз болуын қарастырып,ескірген былғары аяқ-киімдер, күртеше мен қол дорбаларды лақтырмай пайдаға асыру. Ұлттық қолөнердегі теріден жасалатын бұйымдарды дайындаудың технологиясы, әдіс-тәсілдері, формаларымен танысу.

Күнделікті тұрмыста өзімізге қажетті заман талабына сай теріден жаңа бұйым жасап шығарудың жолдарын түсіну. Халқымыздың қол өнерін жандандыру, жаңа дизайн талабына сай бұйымдарды әсемдей білуге үйрену, эстетикалық талғамдарымен шеберлік ынта қабілетін өз бетінше қолдана отырып шығармашылықпен жұмыс жүргізе білуге, жұмысты орындау кезінде ұқыптылықпен жасауға, сәндік талап қоя білуге үйрену.


Гипотезасы. Қалдық материалдарды қолдану- қоршаған ортаны сақтауға, жалпы экологияны қорғауға назар аудартатын құралдардың бірі деп ойлаймын. Өйткені бұл мәселе қай салада болсын басты рольдердің бірі болып келеді. Сондықтан менде осы өзекті материалды алып отырмын. Қалдық материалдарды қолдану- қоршаған ортаны сақтауға, жалпы экологияны қорғауға назар аудартатын құралдың бірі деп ойлаймын.

Өйткені қазіргі заманда тағамдардың көбі пластик материалында жасалып шығарылады,завод, фабрикадан көп қалдықтар шығарылады, сондықтан қалдықтар көбейіп қоршаған ортаны ластайды. Сол материалдарды қолданып көптеген бұйымдар жасауға болады.


Зерттеудің кезеңдері.


Қазақстанда былғары аяқкиім өнеркәсібі ертеден дамыған. Ісмерлер былғары аяқкиімдерді өздері тіккен. Теріні қолдан илеп, оның жеткілікті шикізат қорын жасап отырған. Кейінірек былғары шығаратын зауыттар іске қосыла бастады. 19 ғ-дың басында Петропавл қаласында, сол ғасырдың аяғында Семей қаласында сиыр, қой терілерін илеп, аяқкиім тігетін арнаулы кәсіпорындар ашылды. 1941 - 65 ж. Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында былғары шығаратын зауыттар салынды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында республикада Семей былғары комбинаты, Петропавл хром зауыты және Алматы тері-қайыс бұйымдары кәсіпорындары жұмыс істеді. Соғыс жылдары көшіріліп әкелінген былғары зауыттарының жабдықтары негізінде Жамбыл, Қызылорда және Петропавл қаласыларында жаңа

кәсіпорындар құрылып, Былғары аяқкиім өнеркәсібі жеке сала ретінде қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта (1999) аяқкиім фабрикалары

Алматыда,Қостанайда, Қызылордада, Семейде орналасқан. Олар жылына шамамен 14 млн-ға жуық былғары аяқкиім өнімін шығарып келеді. Алматы қаласындағы “Жетісу” былғары аяқкиім тігу фабрикасы жылына 2 - 3 млн. жұп аяқкиім өндіреді. Қостанай былғары аяқкиім фабрикасы 1942 ж. Симферополь


4


қаласынан көшірілген былғары аяқкиім комбинат негізінде құрылған. 1980 - 85

жылдары ол жылына 2,5 - 3,0 млн. жұп аяқкиім шығарды. Қазіргі кезде оның

өндірістік қуаты толықтай пайдаланылмағандықтан, бұл көрсеткіш 1,2 млн. жұпқа дейін төмендеді (1997). Қызылорда былғары аяқкиім фабрикасы 1943 ж. Мәскеу қаласынан көшірілген “Париж коммунасы” фабрикасының жабдықтары негізінде құрылған. Ол ұзақ жылдар бойы 2,6 млн. жұп аяқкиім шығарып келсе, кейін оның мөлшері екі есе азайды (1997). Семей аяқкиім ф-касы 1941 ж. Киевтен Семейге көшірілген аяқкиім фабрикасы негізінде құрылған. Алғашқы кезде ол 20,5 мың жұп аяқкиім өндірсе, 1983 ж. оның мөлшерін 5,2 млн. жұпқа жеткізді. Өндірістік қуаты толықтай пайдаланылмағандықтан, кейін өнімі 1 млн. аяқ киімге дейін азайды (1997). Республикада отандық былғары аяқкиім өнеркәсібі нарық жағдайына бейімделіп, жаңа технологиялар негізінде сапалы өнімдер шығаруға көшті (1999). [1]

Зерттеу барысында ең алдымен біздің қаламызда орналасқан «Диана» акционерлік қоғамының бас инженер технолог Лесникова Ирина Николаевнамен танысып, қызық мағлұматтар алдым. Оларда былғары қалдықтарын пайдаға асырып, жакет, дорбалар,етектер тігеді екен.

Келесі барған жеріміз аяқ киім тігетін цех. Етіктен көп қалдық қалады. Осы қалдықтардан пано жасауға болады. Зерттеу кезеңінде тігін шеберханаларына бардым,онда мастер қалдықтан жасалған жұмыстармен таныстырды. Апайыммен бірге бірнеше мектептерді араладық. Шебер қолдар үйірмесін жүргізетін Эльмира Жардемқызымен ақылдасып, оның жұмыстарымен таныстық. Былғары қалдықтарынан жасалған көптеген жұмыстар көрдік. Былғарыдан қамшы, пано, картиналар тағы да басқа ұлттық бұйымдар жасалған. №2 техникалық колледжге бардық. Колледжде тігіншілік мамандығының қыр-сырымен мастер бөлісті. Колледждің іші өте әдемі, мұнда сыртқы киім (пальто, плащь, былғарыдан күртешелер) тігеді. Қолөнер бұйымдарының да өте күрделі жұмыстары бар. Колледжде бір күндік саяхат аз етіп алдыма, тағы келуге мақсат қойдым.















5

Зерттеу жаңалығы. Қалдықтарды пайдаға асыру үшін қазіргі заманға сай, жаңа технологияларды пайдалана отырып әдемі пано, тұмар түрлерін жасап сатып пайда келтіру, тоқыма жіптер қалдықтарынан гобелен түрлерін тоқу. Былғары қалдықтарынан түрлі сумкалар тігу, паннолар жасау т.б құнды нәрселер жасалуы, баклажка қалдықтарынан түрлі бұйымдар жасалуы.

Қалдықтарды пайдаға асыру қол өнері қазіргі заманда ең әдемі, өтімді, қымбат бұйымдар. Мектеп қабырғасында да оқушылардың қалдықтан жасалған бұйымдарын сату, бізде мектеп-интернат болғандықтан материал табу қиынға соғады, сондықтан қалдықтармен жұмыс жасаймыз, мысалы мата қалдықтарынан ою-өрнек пайдаланып көрпешелер тігу,жіп қалдықтарынан пано жасау, қағаздар қолданып, папье-маше технологиясында ыдыстар, жеміс- жидектер жасау, былғары қалдықтарынан ұлттық бұйымдар жасау, былғарыдан гүл түрлерін жасау. Біздің мектебімізде тігінші жұмыс жасайды мата, жіп қалдықтарын тігінші апайдан аламыз. Былғары өңдеу өндірісі Англияда жоғары бағаланады. Алдымен  Лондон, одан кейінгі орында  Бирмингем, Бристоль, Лидс, Суффолттағы Стоунмаркет графтығы тұр. Әсіресе бұл елдерде ағылшындық ер-тоқымға арналған тауар, яғни шошқа терісі ерекше сұраныста. Одан кейін ұлтандық әрі түрлі-түсті былғары терілердің тұтынушысы көп. Франция елі болса, былғары биялайларымен белгілі. Әсіресе, Аннонэ, Шамбери және Париж қалалары бұл өндірісте басқа елді шаң қаптырып кетеді. Сондай-ақ жоғары сапалы былғары етік тауарын өндіруде бұл ел Франциядан кейінгі екінші орынды еншілеген.

Былғары өндірісінде үлкен жетістікке қол жеткізген елдердің тағы бір тобы – Бельгия, оның Брюссель, Люттих, Ставелот, Гент, Изегем және Турнэ қалалары, сондай-ақ Данияның коменгаген қаласы.

















6






Кіріспе



Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында, тұрмыс тіршілігінде табиғат байлықтарын әр түрлі деңгейде, әр түрлі талаптармен, қолдан келгенінше игере отырып, өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады. Өз қажетін қанағаттандыру «алмақтың салмағы бар» деген қағида бойынша табиғатқа белгілі дәрежеде зиян келтіру, жапа шектірумен қабаттасып отыратынын бүгінде әркім біледі. Адамзат тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай зияндардың бірі - қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластауы.Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе.Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады

Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады.

Ерекше назар аударуға және кідіртпей өңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз. Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді.

Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді. Тұрмыстық қалдықтарды жіктеу және топтастыру аса күрделі де қиын мәселе. Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады. Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады. Сонан соң қалдықтар химиялық құрамына қарай органикалық және бейорганикалық деп бөлінеді.



7





Тұрмыстық қалдықтар





Газ тәрізді Қатты Сұйық





Органикалық бейорганикалық





Зиянды Зиянсыз





Пайдаға асырылатын Пайдаға асырылмайтын







Жанатын Жанатын Жанбайтын Жанбайтын



қатты сұйық қатты сұйық



8







Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.

Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жапыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі.

Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары – макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады

Егер сіз тіге алсаңыз, жасанды гүлдер жасай білсеңіз, былғары, бисер және қауырсынмен жұмыс істей алсаңыз, онда сіз дизайнерлік заттарды қиындықсыз шығара аласыз. Алдымен адам өз брендіне, сосын бренд адамға қызмет етеді.

Қолдан жасалған сәндік бұйымдардың кең тарауы бұл бизнес түрінің дамуына жол ашты.

Сол себепті мен былғары қалдықтарын пайдаға асыруды қолға алдым.Өз жұмысымда ескі, қалдық заттар адамға әлі де пайдаға асатынын дәлелдегім келді.Былғарыдан жасалған бұйымдар ұзақ уақыт қызмет атқарады, бірақ адамдар сәннен кеткесін киім, аяқ киім, сумке тағы басқа заттарды лақтыра салады, қоқысқа айналдырады.Бірақ осы қалдықтан жаңа бұйым жасап адам қажетіне әліде ұзақ пайдалана алады. Былғар ең бірінші адам меңгерген материал, ертеде былғарыдан аяқ киім, үстеріне былғары жамылып киім киген, ыдыс аяқ, сумке, белбеу, жіптер, қаружарақтар, қайықтарын жамаған. Былғары жұмсақ, жиыруға ыңғайлы, қиюға оңай, мықты материал, бірақ былғары қол жете бермейтін қымбат материал. Сондықтанда мен былғары қалдықтарын пайдаға асыруды жөн көрдім.






9




Соңғы уақыттарда Республикадағы көптеген ғылыми зерттеулер, қалдық материалдар қолданбалы қолөнері жастарға тәрбие беруде ерекше маңызға ие болатынын дәлелдеуде. Барлық халықтар сияқты қазақ халқының да қолөнерінің өзіне тән өсу жолы, ерекшеліктері, даму тарихы бар. Ол тарих сонау ерте заманнан, өз тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-саймандар, бұйымдар жасаудан басталады. Табиғаттағы әртүрлі шикізаттарды түрмыс-тіршілікке пайдалану атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дами келе өнер туындыларына айналып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Қалдықтарды екінші рет тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады.




Зерттеу тақырыбын «Тұрмыстық бұйымдарды былғары қалдықтарынан жасау»деп алып отыруымның себебі, қалдық материалдарды қай уақытта болса да іздеп, табу қиынға соқпайды.Былғарыдан жасалған бұйымдар әрқашанда сәнді, әрі ататегіміздің бізге қалдырған өнері деп санаймын.Қазақ халқына тән осы өнерді жалғастырып, басқа халыққа үлгі-өнеге болуымыз тиіс.Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы тиіс.Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою-өрнек, былғары бұйымдары.Былғары бұйымдары әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман - ойының,тілек мүддесінің нышаны. Былғары қалдықтарымен жұмыстану адамға шығармашылық жағынан көптеген жаңа ойлардың туындауына, немесе жаңа ізденістерге ұмтылуға жаңа әсер береді. Қазіргі заманға сай, қызықты да өмірде қолданатын нәрселер жасауға ұмтылдырады. Өз жобамда қабырғаға ілетін бұйым жасауды қолға алдым.

Әсіресе қазақ халқынының наным-сенімінде аса терең мәнге ие және елеулі орны бар екені жоғарыдағы мысалдардан да аңғаруға болады. Ал, лексика-семантикалық жағынан тілдік ерекшеліктеріне қарай, қолданылуы жағынан түрленіп, ерекшеліктері мен өзгешеліктерін айқындау әлі де зерттеуді қажет етеді.








10

Қорытынды



Осы жұмысымның соңында еңбектенсең, жоқ нәрседен үлкен жұмыс шығаруға болатынына көзім жетті. Әр түрлі қалдықтарды пайдалана отырып, тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасауға болады, мысалы былғары қалдықтарынан (аяқ киім қалдықтары, ескі сумке қалдықтары, былғарыдан тігілген киім қалдықтары) киімдер, сумкалар тігуге болады және паннолар, мата қалдықтарынан киімдер, көрпелер, ойыншықтар және паннолар жасауға болады. Жасай бастаған кезде ең басты проблема материал екенін бірден түсіндім. Оны дүкеннен сатып ала алмайсың, метрлеп сатпайды. Үйде жай жатқан  ескі заттарды пайдаға жаратуға болады. Бұл көңілге қонымды іс. Күртелер мен етіктердің былғары бауларын, сондай-ақ белбеулерді панноны әшекейлеуге пайдаландым. Қолөнерді ұнатып, шын жүрегіңмен жасауға кіріссең туындылардың идеялары қолына былғарыны алған кезде бірден туындайды екен. Егер саған жұмыс қызықты болса, ол ауыр болмасы анық. Сонымен қатар тұмар туралы көп мәліметтер білдім.

Былғары қалдықтарын тұмар жасау үшін қажетті құралдар: күнделікті қолданып жүрген жіп, желім, үлкен және кішкентай қайшы, пышақ, кортон, сызғыш.



Материал

Бағасы

Шығын

Былғары

Екінші қолданыс

---------------

ДВП

Екінші қолданыс

---------------

Картон

Екінші қолданыс

---------------

Қайшы

Бұрыннан болды

---------------

желім

Бұрыннан болды

---------------

Сызғыш

Бұрыннан болды

---------------

пышақ

Бұрыннан болды

---------------

Былғары қалдықтарымен жұмыс өте қызықты және ешқандай қаржы талап етпейді.

жобаға қатысу себебім қалдықтардан жасалатын бұйымдармен, олардың жасалу технологиясымен, қалдықтарды орынды пайдалану әдістерімен танысу. Осы тақырыпты зерттеуімнің мақсаты қалдықтардан жасалатын бұйымдардың тиімділігін, экологияны, өзімізді қоршаған ортаны қорғауда мектеп жасындағы балалардың да мол үлес қоса алатынын көрсету





11



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 14-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.

2.  Шойбеков Р. Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1991

3.Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы. – Алматы, Атамұра, 4.Арғынбаев X. Қазақ халқының қол өнері ғылыми зерттеу Әмиргазин Қ.2010

5.Қолданбалы көркем өнер. Алматы РИК 1995.-50 Ш. қол Рауан 1992-120 б.
6. Әбдіғапбарова Ү.М. Казақтың ұлттық ою-өрнектері (оқу -1999 ж., 152 Ж. мұрасындағы ұлттық өрнек және рең ғылыми әдістемелік
монография, КарГУ, Қарағанды. 1996 ж.
7. Еспенбетов Б. Шидің және № 7, 42-43 Еспенбетов Б. Оқушыларды халықтың қолданбалы өнеріне баулу. Бастауыш
мектеп, №9,10 б., Алматы, 1988.
8. Жәнібеков У. Культура казахского ремесла — Алматы: 1982.- Б. Казахского народа- Алматы:
Казақстан, 1973-2236.9

9. Қасиманов С. Қазақ халқының қол енері - Алматы: Қазақстан, 1969,-2486

10. Маргулан А.Х. юрта и ее 1964, А.Х. искусство. Алматы: Өнер;
т. 1,1986, с. 256

11. Өстеміров К. «Еңбекке баулу» 4 – сынып. Алматы: Атамұра, 2000 – 142 О. «Жүн қолөнері технологиясының сарамандық жұмыстары», «Білім
- образование», Алматы – 2001 ж. №2, 33 – 35 «Ши тоқу - 2002 ж. №7.



12



Жетекшінің пікірі



Тукешева Бейнура 10 б сынып оқушысы ғылыми зерттеу жобасына «Тұрмыстық бұйымдарды былғары қалдықтарынан жасау»

тақырыбын алып отыр. Осы тақырып бойынша оқушы 2015 жылдың наурыз айынан бастап айналасып келеді.

Бейнура өте іздемпаз, өз жұмысына мұқиат, үлкен жауапкершілікпен қарайтын оқушы. Бұған дейін оқушы технология сабақтарында аралас технологиямен түрлі қалдық заттарды араластыра қолданып көптеген жұмыстар жасады. Оқушының жұмыстары өте әдемі, таза орындалып жүрді. Қолға алған жобаны Бейнура үлкен жауапкершілікпен, жұмысқа деген қызығушылығы, бастаған жұмысының эскизін өзі тауып, компазициясын дұрыс шешуі, әр түрлі бір біріне сай келмейтін қалдық материалдарды қолдана білуі көп және жан-жақты ізденгенін көрсетеді.Тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуі, жаңашыл жан-жақты құрастыруы, қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасауы мені қуантады.

Облыстық туризм орталығы ұйымдастырған мектеп оқушыларының аралығындағы сайыстарға қатысып бірінші орын алып марапатталды.Осы жобаға қатысуы оқушының шығармашылық деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Алдағы уақытта оқушыға шығармашылық жетістіктер тілеймін.




Пікір жазушы: технология пәнінің мұғалімі

Идрисова Ж.Б.

















13




Рецензия

На работу учащегося ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Тема: _____________________________________________________________

Направление ______________________________________________________

Отзыв:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Выводы и рекомендации:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рецензент__________________________________________________________

Подпись и дата_____________________________________________________












14

Эскиз салу



Былғары тандау(түстер)










15




Лекал жасау




Былғары кесу


16

Былғарының өлшемдері






ДВПға құрастыру


17




Желіммен біріктіру



Тоқыма жіппен әшекелеу

























18

Рамкаға салу







19


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?ылыми-зерттеу жобаны? та?ырыбы: «Т?рмысты? б?йымдарды был?ары ?алды?тарынан жасау»

Автор: Идрисова Жанар Ба?ытжвновна

Дата: 23.02.2016

Номер свидетельства: 297630


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства