Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. Бифштекс тағамын дайындау»
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жұмыртқамен бірге берілетін бифштекс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге ет пен жұмыртқаның өзіндік ерекшелігі мен құндылығын, жұмыртқамен бірге берілетін бифштексті дайындау әдісі туралы түсінік бере отырып, үйрету.
Дамытушылық: Еуропа асханасының тағамын реттілікпен дайындай отырып, қолөнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Бифштекс тағамын әсемдеу жұмысын жаңа заман талабына сай жүргізу барысында әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, топтық жұмыс, СТО, «Кубизм» стратегиясын қолдану
Көрнекіліктер: слайд, технологиялық карта, интерактивті тақта, технологиялық карталар.
Пәнаралық байланыстар: тамақ дайындау технологиясы, азық түлік тауарларын тану, биология, орыс тілі, ағылшын.
Сабақ құрылымы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақтарды қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Ағымдағы нұсқау
V. Қорытынды нұсқау
VI. Азық-түліктерді үш тілде атау
VІІ. Сабақты қорытындылау.
VІІІ. Бағалау
ІХ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Студенттермен амандасып, журнал бойынша тексеріп, түгендеп, жұмыс киімдеріне назар аудару.
Студенттерді екі топқа бөлу.
1.«Дәрумендер» тобы
2. «Дастархан» тобы
ІІ. Өткен сабақтарды қайталау
Өткен сабақтардан сұрақ қою арқылы сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақтың негізгі жауабы жаңа тақырып «БИФШТЕКС» шығады.
Балықты қабыршағынан, ішкі мүшелерінен, қанатшаларынан, терісінен тазарту әдісі қалай аталады? (Бөлу)
Пиязтұқымдастарын қалыңдығы 1-2 мм етіп, көлденеңінен турау формасы қалай аталады? (сақина)
Картоп көкөнісінің томарша формасында турап дайындалатын гарнир түрі? (фри)
Тағам дайындауға арналған өнімдер? (Шикізат)
Қабыршақтарынан тазарту әдісі жүргізілетін балықтар тобын ата? (қабыршақты)
Балық өнімдерінде көп кездесетін ағзадағы зат алмасуға әсер ететін дәрумен? (Е)
Көкөністерді ұзына бойына екіге бөліп, бірнеше бөліктерге кесу формасы? (Бөлікше)
Ұзындығы 4-5см, қиындысы 2мм болатын көкөністерді турау-кесу формасы? (Сабанша)
СӨЗЖҰМБАҚ
8
7
6
5
4
3
2
1
С
К
Е
Т
Ш
Ф
И
Б
ІІІ. Жаңа сабақ
Бифштексті дайындау нұсқау картасы
Қажетті азық-түліктер атауы
Мөлшері ( кг)
Тартылған ет
1 кг
Тұз, бұрыш
Татымына қарай
сүт
1 стакан
жұмыртқа
1 данадан
пияз
1 дана
Етті толық механикалық-аспаздық өңдеу
Еттартқыштан өткізу
Шала фабрикатқа тұз, бұрыш, еттартқыштан өткізілген пияз және сүт қосып араластыру
Арнайы формаға келтіру
Екі бетін дайын болғанша қуыру
Бөлек қуырылған жұмыртқаны үстіне қойып ұсыну
Жұмыртқамен бірге берілетін бифштекс.
Қажетті ыдыс-аяқтар: аспаз тақтайшасы, ас қасығы, таба, пышақ, тәрелке
Жұмысты бастамас бұрын әдеттегідей қауіпсіздік ережесін қайталау
ІV. Ағымдағы нұсқау БИФШТЕКС(ағылш. Beef –ет және Steak- кесек) ағылшындардың ұлттық тағамы, барлық Еуропа аспаздығында кең таралған тағам түрі. Бифштекс - таза еттен немесе фарштан әзірленетін қою тағам. Механикалық толық аспаздық өңдеуден өткен етті сіңірінен ажыратып, еттартқыштан өткізеді. Әзірленген жартылай фабрикатқа (еттартқыштан өткізілген ет) татымына қарай тұз, бұрыш еттартқыштан өткізілген пияз және 1стакан сүт қосып әбден араластырады. Дайын ет массасын арнайы дөңгелек формаға келтіріп,(қалыңдығы 2см, шамамен 100-150гр), қыздырылған майы бар табаға салып, даярлық дәрежесіне дейін (қанды, шала және толық қуыру) екі бетін 15 минут шамасында қуырады.
Үстіне бір дана қуырылған жұмырқаны қояды. Ұсынар кезде сыбаға табасына немесе тарелкеге қуырылған картоп, болмаса көкөністің бірнеше түрінен дайындалған күрделі гарнир, көкжелкек салып, жанына бифштекс қойып, өз қалауымызша
V. Қорытынды нұсқау. Өнімнің сапасына қойылатын талаптар
Жартылай фабрикат кесектері бетін жел қақпаған, түсі, иісі сапалы ет сипатына тән болуы керек.
Тұрпайы сіңір, шеміршектер болмауы тиіс.
Өнімде бүліну, күн қаққан, қарайған, шіріген, көгерген ақаулары болмауы керек.
Дайын өнімге аспаз инесін түйрегенде қан сөлі бөлінбеуі және жұмсақ болу тиіс.
VІ. Бүгінгі дайындаған тамағымызға қажетті азық-түліктерді тауып, үш тілде атау.
Тартылған ет фарш stuffing
Тұз соль salt
Бұрыш перец pepper
Сүт молоко milk
Жұмыртқа яйцо eggs
Пияз лук onion
VІІ. Сабақты қорытындылау.
А) Жаңа сабақ түсінігін тексеру үшін «Кубизм» стратегиясы бойынша сұрақ қою.
1. Ет құрамында кездесетін витаминдер?
2. Етті механикалық аспаздық өңдеу әдістері?
3. Ет бифштексі қай елдің ұлттық тағамы?
4. Еттен дайындалған бифштексті жылулық өңдеу әдісі?
5. Ет бифштексі қанша уақытта дайын болады?
Ә) Студенттердің сарамандық жұмыстарын тексеріп, қателерін қарау, білімдерін бағалау, баға қою.
Б) Үй тапсырмасы: Бифштекстің дайындалу тәсілін жазып, бүгінгі өткен тақырып бойынша үйде тағам әзірлеп суретке түсіріп алып келу.