Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Т?стер ?йлесімділігі»
ҚР ОҚО Шардара қаласы М.Горький атындағы жалпы орта мектебі технология пәнінің мұғалімі Алимбекова Ж.У.
Сабақтың тақырыбы: Түстер үйлесімділігі Мақсаттары: білімділік: түстер түрлері туралы түсінік беру. дамытушылық: ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал ету, эстетикалық талғамдарын дамыту. тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1/Ұйымдастыру кезеңі.
2/Қызығушылығын ояту.
3/Үй тапсырмасын тексеру.
4/Жаңа сабақ.
5/Сарамандық жұмыс.
6/Қорыту. Бағалау.
7/Үй тапсырма беру.
8/Рефлексия.
Ассоциация құру
түс
Жаңа сабақ
Түстану – түс туралы ілім жүйесі.
Түстер хроматикалық және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша – ашық (ашық сұрғылт немесе қара сұрғылт) бойынша ерекшеленеді.
Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтығы арта түседі.
Ахроматикалық түстер
Хроматикалық түстер
Жылы және суық түстер
Суық түстер
Түс спектрінің жасыл, көк, күлгін бөлігі жатады.Суық түстерді аспан, су мен мұздың түсімен сипаттайды.
Жылы түстер
Түс спектрінің сары-қызыл бөлігі жатады.Жылы түстерді күннің нұрымен, отпен сипаттайды
Түстік шеңбері /Гете шеңбері/
Түстік шеңбер
Түстік шеңбер бірге қатар қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұл шеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызыл, қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк, күлгін көк, болып жалғасып отырады.
Негізігі түстер сары, қызыл және көк түстер болып табылады.
Контраст түстер – бір біріне қарама қарсы түстер.
И. Ньютонның түстік шеңбері
Әр бір түстердің адамға тигізетін психологиялық әсері болады.
Қызыл түс: күш қуат береді,ауырған адамды тез жазылуына ықпалын тигізеді,қан қысымын көтереді, өздерін көрсеткісі келетін батыл, белсенді адамдар таңдайды.
Қызғылт түс: жүйке жүйесін тынықтырады, көңіл кұйді көтереді, терең ұйқыға батырады.
Қызғылт сары түс: ағзаны жасартады,күнделікті міндеттеріңізді орындауға зеріктірмейді.
Сары түс:жұмысты зейінмен орындаға ықпал етеді болашаққа сене ‚ өмірге үміттене қарауға көмектеседі.
Жасыл түс:бұлшық еттің күш салуын төмендетеді, адамды тыныштандырады, шаршауын басады.
Көгілдір түс:бұл түсті көбіне шығармашыл, сезімтал адамдар таңдайды, адамның ашуын басады
Көк түс:адамды тыныштандырады, адамға деген сенімділікті оятады
Күлгін түс: адамның көңіл күйін көтереді, шабытын оятады, ұйқыны тыныштандырады.
Қара түс: жағдайды басқаруға, абыройын, беделін көтеруге ықпал етеді.
Ақ түс:үйлесім, үндестікке ұмтылатын адамдар таңдайды,тыныштандырады, қоршаған ортаны жақсы көзбен қабылдауға көмектеседі.
Сарамандық жұмыс:
Қорытындылау
Өткен тақырып бойынша сұрақ қойып жаңа тақырыпты бекіту.