kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зейнуллина Жайнагул Шукировна

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспар. Көркем еңңбек пәні бойынша құрастырылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зейнуллина Жайнагул Шукировна»


Түркістан облысы. Келес ауданы

«№40 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Бекітемін:

Мектеп директоры:

К.Ешанкулов


«Үлгілі үйдің ұл-қыздары»

Сынып сағат


Бағыты: Отбасы тәрбиесі

Сыныбы: 10

Сынып жетекшісі: Кадирова Т














2021-2022 оқу жылы


Тақырыбы:  «Үлгілі үйдің ұл-қыздары!»

Мақсаты:  

Білімділік: Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір  заңдылықтарын білуге үйрету;

Дамытушылық: Адамгершілік қасиеттерге  бағыттай отырып, оқушының    рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін,  дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;

Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге  тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.

Көрнекілігі:  нақыл сөздер, маркер.

Түрі: сынып сағаты

Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, тренинг, жағдаяттық сұрақтар.

Ұйымдастыру кезеңі.

     Мұғалім.

 Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,                                  

Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Үлгілі үйдің ұл-қыздары» сынып сағатымызды   бастаймыз.

ІІ Видеоролик. Тақырыпты ашу

Мұғалім сөзі:

Ибалы ұлдар

    Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні  «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді.  Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.

Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды.

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,—

Бес нәрсеге асық бол, - деп  Абай атамыз айтқандай, адамның  ішкі рухани казынасының молаюы өз қолында

ІІІ. Даналық әліппесі.

«Бесік жыры»

«Халық аңызы»

«Билер сөзі»

«Халық жыры»

«Бабалар батасы»

«Нақыл сөз»

«Домбыра күйі»

«Аталар сөзі»

Ибалы қыздар

    Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық  мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.    

                             Ал   имандылық қасиеттерге

● қарапайымдылық

● сыпайылық

● мейірімділік

● кішіпейілділік

● ізеттілік

● адалдық жатады


ІV. Отбасы – бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының маңызды сипаты – оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.

Видеоролик. «Отбасылық құндылықтар»

Адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі және тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.

Постер қорғау. «Отбасы моделін» жасау.

 

 V. Ұлттардың бала тәрбиелеуі. Қызықты мәліметтер

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
 Н.Ә.Назарбаев

Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?

Үндістан балалары.

Қытайдың балалары.

Франция балалары.

Румын балалары.

Мұғалім:

Қазақ балаларының тәрбиесі – Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келегеннен бастап оның өсіп, дене бітімі дұрыс қалыптасып, ақыл ойының жетілуіне дейін үлкен көңіл бөлген. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді тербелген тал бесікке салған. Аяулы анасы бөбегін әдемі әлдиімен сусындатып, ардақты әженің ертегісін тыңдатып, әкенің қамқорлығына бөленген бала болашақта нағыз халқына қалаулы, еліне елеулі болады деп сенген. Іңгәләп, дүние есігін ашқан соң бала аппақ парақтай пәк болары анық.

VІ. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып тәрбиесі

Салт-дәстүр –ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Салт-дәстүр – халық өмірінің айнасы. Оның жас ұрпаққа берер тәлім тәрбиесі таудай-ақ. Алайда оны жаңа ғасыр жастары ата-баба көзіндей қып, қажетіне қолданып жүрме?

Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай,

осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу– ата – ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті.      

  Атадан – ұлағат, анадан – ғибрат.

Осы орайда үйдегі әдет ғұрыптарымыздың бірі, «Қазақ елі қонақжай ел» «табақ тарту» дәстүрі.


Сол салт дәстүрдің, әдет-ғұрыптың бірі «табақ тарту», «ою өрнек» түрлерін ажырату. Ұлдар – табақ тарту ережелерін, жіліктердің аттарын атайды, қыздар – ою өрнектердің мағынасын түсіндіреді.

Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде  жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой.                                                                                       

 VII. Жүректен жүрекке. Оқушыларға жеке-жеке парақ таратылады. Параққа ибалы ұл мен инабатты қыз болу үшін қандай тәрбиені ұстану керек екендерін жазып тақтаға жабыстырады.

VIII. Қорытынды

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?

 Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

Аң жортар  аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп  Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.































































Жалғасын тап – деп аталады. Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал – мәтелдеріді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру.

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Зейнуллина Жайнагул Шукировна

Автор: Зейнуллина Жайнагул Шукировна

Дата: 01.10.2023

Номер свидетельства: 637483


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства