kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

То?ыма то?у ?нері

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні: Е?бекке баулу.

М??алімі:Т?рікбенбаева К?лайым Жа?сыбай?ызы.

Сыныбы: 3

Саба?ты? та?ырыбы:То?ыма то?у ?нері.

Саба?ты? ма?саты:1.Білімділік.То?ыма то?у ?нері туралы ма?л?мат беру.

                                     2.Дамытушылы?.Ж?мыс барысында о?ушыларды? ой-?рісін,   

                                        к?ркемдік тал?амдарын арттырып шеберлігін дамыту.                                      .                                       Е?бек да?дысын ?алыптастыру.

                                      3.Т?рбиелік.?з бетімен ж?мыс жасау?а,бір-біріне к?мектесуге,

                                         ??ыптылы??а, тазалы??а, ?немділікке т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі:Аралас саба?.                     

Саба?ты? ?дісі:Т?сіндіру, ?ирету, сараманды? ж?мыс.

Керек ??ралдар:Ілмек біз, жіп, ?айшы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«То?ыма то?у ?нері »



Пәні: Еңбекке баулу.

Мұғалімі:Түрікбенбаева Күлайым Жақсыбайқызы.

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы:Тоқыма тоқу өнері.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік.Тоқыма тоқу өнері туралы мағлұмат беру.

2.Дамытушылық.Жұмыс барысында оқушылардың ой-өрісін,

көркемдік талғамдарын арттырып шеберлігін дамыту. . Еңбек дағдысын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік.Өз бетімен жұмыс жасауға,бір-біріне көмектесуге,

ұқыптылыққа, тазалыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:Түсіндіру, үирету, сарамандық жұмыс.

Керек құралдар:Ілмек біз, жіп, қайшы.

Еңбек қауіпсіздік ережесі электронды тақтадан шығады.

1.Сымды,тоқу ілмегін арнайы қобдишада сақтау керек.

2.Сымды,тоқу ілмегін қолда дұрыс ұстау керек.

3.Тоқу ілмегін жолдасыңа ұшымен ұсынба.

4.Ілмекті аузыңа салма.

5.Ілмектің ұшын жоғары көтерме,көзден алыс ұста.

Пән аралық байланыс:Математика,бейнелеу,тарих.

Көрнекіліктер:Тоқылған сулықтар,тоқылған бұйымдар(нәски,қолғап),моншақтан дайындалған гүл шоқтары.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.а)Сәлемдесу.

ә)Түгелдеу.

б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы еске түсіру.Үйге қандай тапсырма берілді?Тақырып толық айтылады.(Моншақтан гүл тоқу).

Үй тапсырмасын орындау үшін ойланып біраз еңбектеніңдер.Ендеше,мына мақалдың жалғасын тауып көрейік,кім жалғасын дұрыс тапса өтілген сабақтан сұрақ қойылып, үй жұмысы тексеріліп баға қойылады.

1.Еңбек етпесең - елге өкпелеме,

(Егін екпесең – жерге өкпелеме).

С.Ұсақ моншақтар нелерден жасалады?

Ж.(тастардан, әйнектерден,пластмассалардан).

С.Оларды не деп атайды?

Ж.(бисер).

2. Берекені көктен тілеме,

(Еткен еңбектен тіле).

С.Ұсақ моншақтардан нелер жасауға болады?

Ж.(алқа,сақина,сырға,білезік және гүлдер,жапырақтар т.б.)

3.Көп еңбек еткенге,

(Бақыт басын иеді).

С.Әр гүлде неше күлте бар?

Ж.(бес күлте бар).

С.Бір гүл дайындау үшін неше моншақ керек?

Ж.(Бір гүл дайындау үшін 45моншақ керек).

4.Шығармашылық сұрақ.’’Ғылымға қол жеткізу үшін 1% білім 99% еңбекпен жеттім’’-депті бір атақты ғалым.

Еңбексаіз ғылым,

(балсыз арамен тең).

С.Түймедағы гүл шоғын дайындау үшін тағы нелер қажет?

Ж.(Гүлдің аталық ұрығы және жапырағы).

5.Үй жұмысын тексеріп,мадақтау.

“Түймедағы гүл ” шоғын моншақтан тоқып аяқтаған.Үлгі етіп жұмыстары көрсетіледі.

Танымдық түсінік,ақпарат беру.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Абай атамыздың “Егер ісім өнсін десеңіздер,ретін тап”-деген сөзін еске түсіре отырып,

Бүгінгі үйренетін өнер түрімен танысып,үйренеміз.Бүгін сіздер тоқу өнерімен танысасыңдар.

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан,ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған өнер.Қазіргі заман талабына сай,туысхан халықтар шығармашылығымен толықтырылып,байытылып,дамып адамдарды сұлулыққа жетелеуде.

Халқымыздың тұрмысы күннен-күнге жақсарып келеді.Сондықтанда әр адам соңғы сән үлгісімен,талғамымен киінгенді жақсы көреді.Әр адамның талғампаздығын,Қайталамбас ерекшелігін,міне тоқ өнері танытады.Адамдар тоқумен айналысқанда міндетті түрде жеке басына қажет нәрсе тоқып алу үшін емес,осы тоқу барысында түрлі-түсті бояулар әлемнің үйлесімділігін,түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның шеберлігін,ой өрісін,қабілетін дамытады.Алуан түрлі бояулар сырына тоқталатын болсақ,әр түсің өзінше ерекшелігі,

маңызы бар.Әр түс табиғат пен байланысып тұрғандай.

Ақ түс-адалдық,достықтың.

Кок түс-аспан мен суды және қанағат пен салмақтылықты.

Жасыл түс-көктем мен дастық шақты,еркіндікті.

Қызыл түс-күн мен отты және белсенділік пен өмірге құштарлықты.

Сары түс-ақыл мен білімділікті,байлықты суреттейді.

Тоқу барысында осы түстер үйлесімі жарасымды орындалуы(керек)міндетті.

Тоқыма тоқу үшін мыналар қажет. 1)біз,2)жіп

Біздің өзі әр түрлі болады.

1)Қарапайым сым темірден жасалынған біз. Шұлық,шарып тоқу үшін қажет.

2)Екі басы сым темірден жасалынған,ортасы пластмасса кигізілген қарапайым біз.Бұл сыммен кеудеше,шәлі тоқылады.

3)Ілмек біз.Аты айтып тұрғандай,жіпті іліп тоқуға арналған біз.Ілмек бізді әр түрлі материалдан жасауға болады.Ата-бабамыз қойдың кәрі жілігінен бөлініп шығатын жіңішке сүйектен жасалған.Бұл бізді мықты жіңішке ағаштан,шәй қасықтың сабынан жасауға да болады.Ілмек біздің шығу тарихына келетін болсақ ,ілмек бізбен тоқу өте ертеде,Солтүстік Африкада ХІІ-ХІV ғасырда,одан Шығыс Еуропада,Ресейде,Азия елдерінде ілмекпен тоқу өнері дамыды.Тоқыма тоқу үшін таза жүннен,мақтадан,синтетикадан иілген жіптер пайдаланылады.Жіпті қойдың,ешкінің,түйенің жүнінен иіреді.Оларды қырқып,жуып,құрғатып тазалайды,иіреді.Содан кейін жіптен мата,тоқыма бұйымдары тоқылады.

Қолмен тоқу еркше орынды,белгілі уақытты қажет етпейді.Тоқу құралы ілмек біз өте шағын және ыңғайлы.Бүгінгі сабақта ілмен бізбен тоқу әліппесін үйренесіңдер.Ілмекті оң қолға,тоқыма жіпті сол қолға бас бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен ұстап үйренеміз.

IV-Сарамандық жұмыс 20-мин

Ілмекпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат,рахым-ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз.

-деп Абай атамыз айтқандай өнерді үйренуге талаптанайық.

Ілмек бізбен тізбекбау тоқып үйренеміз.Сарамандық жұмыс барысында ілмек бізді дұрыс еркін ұстауға дағдыландыру,әр оқушыға көңіл бөліп қадағалау.Сарамандық жұмыс барысында жаңа сабақты бекіту.Тоқу үшін бізге қандай біз керек?Тізбек баумен нелер дайындалады?

Шығармашылық деңгейдегі оқушылар сарамандық жұмыс барысындағы екінші 10-минутында оқушылық деңгейдегі балаларға үйрете бастайды.Ұжымдық жұмыс барысында балалар бір-біріне көмектесу барысында адами қасиеттері нығая түседі.Достық,бауырмалдық,кішіпейілдік орнаған сынып ешқандай қиындыққа мойымайды.

V-жұмыс орнын жинау 2-мин

Еңбек құралдарын арнайы қобдишаға салып жинақтау.

VI-үйге тапсырма,бағалау 3-мин

Үй жұмыстарын бағалау

Үйге тапсырма:Ілмек бізбен тізбек бау тоқу,25см-30см ұзындықта.

Тақтадан бес жұлдыз суреті көрсетіледі














































Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Еңбекке баулу 3сынып оқулығы.

Авторы:Т.Оралбекова,Қ.Дүйсебаева.


2.Еңбекке үйрету.Републикалық ғылыми әдістемелік журнал.2006жыл.№11-12


3.Мектептегі технология.Республикалық әдістемелік журнал.2008жыл.№5


4.Еңбекке үйрету. Республикалық ғылыми әдістемелік журнал.2006жыл.№7-8


5.Бастауыш мектеп.2007жыл.№5

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
То?ыма то?у ?нері

Автор: Т?рікпенбаева К?лайым

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 169653


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства