Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Жа?а жылды? шыршаны безендіру.»
Тақырыбы: Жаңа жылдық шыршаны безендіру.
Мақсаты: Жаңа жылдық шыршаның бейнесін безендіруге үйрету. Бейнені қабылдауын дамыту, түстерді ажырата білуге үйрету. Ұқыпты жұмыс істеуге үйрету, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал –жабдықтар: түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, шырша.
Сөздік жұмыс: шырша-елка, безендіру- украсить.
Ұйымдастыру:
Алақанды ашайық ,
Күн нұрын салайық.
Жиналған жылу шуақтарын,
Қонақтарға шашайық.
Балалар мазмұнына қарай қимыл жасайды.
Балалардың назарын далаға аудару.
Балалар, қарандаршы дала қандай аппақ, күн суық, адамдар жылы киініп жүр.
-Бұл бізде жылдың қай мезгілі?
-Қыс
Жұмбақ жасыру:
Тікен –тікен тік пісте,
Қысы ,жазы бір түсте (Шырша)
-Сендер жаңа жыл мерекесін жақсы көресіндер ме?
-Ия
-Ал жаңа жыл мерекесіндене міндетті түрде болуы керек?
-Шырша
-Шыршаны қайдан алуға болады?
- Базардан
Балалар тыңдаңдаршы біреу есік қағып тұрған сияқты?
-Ия
-Балалар бізге қонақ келіпті. Қош келдіңіз! Кіріңіз төрлетіңіз.
Айжан:
-Салеметсіңдер ме, балалар? Қалдарың қалай? Менің атым, Айжан. Мен базардан шырша сатып алғанмын. Осы шыршамды безендіру үшін сендерден көмек сұрап келдім.
- Балалар, Айжанға көмектесесіңдер ме?
- Ия, көмектесеміз
-Балалар, шыршаны безендіру үшін бізге не қажет?
- Түрлі –түсті қағаз, қайшы ,желім, қарандаш.
- Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар мына алдымыздағы әдемі ойыншықтар жасауымыз керек.
Дайын суретті бастырып, қыйып жапсыру. Айжан:
-Балалар сендер өте тамаша ойыншықтар жасай алады екенсіңдер. Енді сергіп алайық.
Сергіту сәті. (Әуен ырғағымен)
-Балалар, Айжанның шыршасында ойыншық аз болып қалды. Тағы бір ойыншық жасап берейік.
Дайын суретті бастырып, қыйып, жапсыру.
Тілдік жаттығу:
У-у-у –мөлдір су,
Ша-ша- шырша,
Ұз-ұз-ұз-көкше мұз.
Айжан:
-Балалар сендерге көп рахмет! Сендер менің шышамды әдемі етіп безендірдіңдер, мен енді жаңа жылға дайынмын. Менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Сау болыңдыр!