kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сейітхан Мақпал Еділқызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жастықшалар " ашық сабақ 6 сынып

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сейітхан Мақпал Еділқызы»

Күні : 7.01.2017ж

Сыныбы: 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Диванға арналған жастықшалар.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін жүйелендіру. Заман талабына сай күнделікті өмірде өздеріне қажетті бұйымдардың қолдану ерекшеліктерін, қажеттіліктерін түсіндіру.

Сабақтың білімділік мақсаты: : Қол тігіс жұмыстары арқылы жастықша тігуге түснік беру. Шығармашылықпен жұмыс жүргізе білуге, ізденімпаздыққа,сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін шыңдау арқылы шеберлік деңгейлерін дамыту. Еңбекті ғылыми
тұрғыда ұйымдастыруға үйрету;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Халқымыздың қолөнерін жандандыру. Бұйымды жаңа дизайн талабына сай әсемдей білуге, тұтыну бұйымын
еңбек нысаны ретінде пайдалана отырып, танып білуге,іскерлікке , еңбек- сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал- жабдықтар: Мата, ине , жіп, түрлі-түсті қағаз, трафарет.

Сабақта қолданылатын әдістер:әңгімелесу, түсіндіру, ауызша баяндау, көрнекілік көрсету.

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: слайдтар, дайын әртүрлі жастықшалар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу ,сабақтағы оқушыларды түгелдеу;
Ә) Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

Сйқырлы қораб

II.Өткен тақырыпты қайталау.
1. Киім мен аяқ киімді неліктен күтіп таза ұстауымыз керек ?

2. Жеке тазалық дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Киім күтудің қандай тәсілін білесңдер?

4. Қандай киімді кимейді ?

5. Аяқ киімді қалай күтеміз ?

6. Қауіпсіздік ережелерінен сұрақтар.

III.Жаңа сабақ

Халқымыздың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар.

  • Тіл өнері

  • Саз өнері

  • Қол өнері

  • Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз.

Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер,апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзінідік тарихы бар.

Оқушылырдың құрақтың шығу тарихына байланысты жинаған аңыз-әңгімелерін тыңдау.Ырым-жырымдарды айту.

Құрақ құрау кезінде қойылатын талап –ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және матаның негізгі және арқау жіптерін ескеруіміз керек.

Құрақ құрау қыз-келіншектерді ысырапқорлықтан тыйып үнемділікке үйретеді.

Құрақ құрау үшін алдымен қажетті материалдар таңдап алынып,олар түрі,түсі,матасына қарай сұрыпталады.

Қыз ұзату,келін түсіру тойларында құдағилар бір-біріне құрақтан әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен сый-сыяпат апаратын болған.Әр уйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы – отбасының ұлт жандығын ғана танытып қоймайды.Бұл қазаққолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып,қазіргі заман талабына сай жарасым тауып отырғанын көрсетеді.Құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп,қазақты әлем халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашты.Қысқы «Азияда» күндерінде шетелдіктердің түрлі ұлттық сувинирлермен бірге құрақ бұйымдарын да көптеп сатып алып жатқанын көрдік.Құрақ құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып,оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге,оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.

Жұмбақ:Шүберек-қабығы
Іші-құс мамығы (жастық)

Жастық — адамның басына жастауға арналған үй бұйымы.

Жастықтың ішіне көбінесе құстың мамығы салынып, сырты матамен тысталады. Оны "бидай шүберек" деп атайды. Бидай шүберектің сырты әртүрлі асыл матамен қапталады. Оны "жастық тыс" деп атайды. Жастық тысын ауыстыруға қолайлы болу үшін түйме қадалады не бау тағылады. Құстың мамығынан жасалған жастықты "құс жастық" дейді. Жастық көбіне бір кісілік болады. Ал оның салт атқа мінгенде ер үстіне салынатын түрін "көпшік" деп атайды.

*Зерттеушілік әңгіме: -не байқадыңыздар? 
-Жастықтың қандай түрлерін білеміз?
-диван жастықтар, құс жастық,
-Олар неден жасалады? (аққудың мамығынан, қаздың мамығынан, синтепон т.б.)
Жастық-адам басына жастауға арналған тұрмыстық бұйым. 
-Жастықтың ішіне көбінесе құстың мамығы не болмаса мақта салынып, тыс кигізілген. 
-Тысы оюмен өрнектелген. 
-Жастықтың тысын ауыстыруға қолайлы болу үшін, бір шетін тікпей қалдырған. 
-Ол жерге түйме, ілгек немесе сыдрма тіккен. 
-Жастық шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша, пішінде тігіледі. 
-Жастықты адам басына жастайтын болғандықтан, оны баспай, аяқтың астына тастамаған. 
Жастықты қашан ойлап тапқан?
"Жастық" атауы ең алғаш ежелгі Египеттің тарихи қолжазбалары мен еңбектерінде кездеседі. Сол уақыттың байлары жастанған жастықтар бір ғана мақсатта керек болған. Яғни бай-қуаттылардың арнайы жасатқан шаш үлгілері бұзылып кетпес үшін қатты жастықтар қолданылыпты,
XIX ғасырда "Күншығыс елінде де" геометриялық фигурадағы қатты жастықтар қолданысқа еніпті. Нефрит, бамбук, фарфорларды қолдана отырып жасалынған жастықтарға әртүрлі аңдардың және өсімдіктердің суреті салынған-ды. Араға уақыт салып барып гректер бірінші рет жастықтың жұмсақ түрлерін жасап шығара бастады. Сабан, құсқанаттары салынған жастықтар шынында да адамдарға жайлылық сыйлапты. Ал жұмсақ заттар қан айналым мен энергияны тартып алады деген тұжырым сол уақыттан бастап жойылған. Ежелгі Грекиядан алынған жастықтар Римге арнаулы жүлде ретінде баратын болған. Әсіресе, қаз қанаты толтырылған жастықтың бағасы мен құнында шек болмаған көрінеді. Тіпті, кейбір римдік әскер басылар арнайы мергендерді бөліп алып, қаздарды атып алуға шығатын болған.

Мәселен, Нирон жақсы ұйықтап тұру үшін жастығының астына білезік пен жылан терісін қойып ұйықтапты-мыс. Ал Октавиан Август болса, әрқашан жақсы жатып, ұйықтауға болатын жастықтарға ерекше құмарлық танытып өткен екен деседі. Сабақтың тақырыбы: «Жастықты көркемдеп тігу» 

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту. 

Құрақдың екі мағынасы бар: 1. көлдің жағасында өсетін өсімдік,

2. мата қиындыларынан бұйым жасау.

2. Жастықшаны қандай матадан тігеміз?

Көздері майда бөліктермен өте нәзік әрі әдемі түстер мен құралады.

3. Жастықтың ішіне не салады ?

4. Бидай шүбек деп нені атайды ?

ҮІІ. Оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеріп тиісінше бағалау. 
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: 
Жастықша бетін тігіп аяқтау

Бекітілді: __________________________________







Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп

















Ашық сабақ



Тақырыбы: «Диванға арналған жастықшалар»



















Сыныбы: 6 «Б»

Пән мұғалімі: Сейтхан Мақпал Еділқызы













Қойлық ауылы

2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Сейітхан Мақпал Еділқызы

Автор: Сейтхан Мақпал Еділқызы

Дата: 09.02.2017

Номер свидетельства: 389942


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства