білімділік: оқушылардың білім деңгейін байқау.Тәуелсіздіктің қарсаңында оқушыларды отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.Оқушылардың пән бойынша білімдерін анықтау;
білімділік: оқушылардың білім деңгейін байқау.Тәуелсіздіктің қарсаңында оқушыларды отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.Оқушылардың пән бойынша білімдерін анықтау;
тәрбиелік: тәуелсіздіктің қарсаңында оқушыларды отанды , елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, мақал-мәтелдер
Техникалық құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, жылжымалы тақта, бейне таспалар
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Негізгі бөлім
Таныстыру
«Сен білесің бе?»
«Өнер тамған он саусақ»
«Шебер қол ештеңені таңдамайды?»
«Бәрін білгім келеді»
«Қиялдан шыққан туынды»
Көрермендермен сайыс. «Кім тапқыр?»
ІІІ. Қорытындылау
Би « » бишілер тобының орындауында
1-жүргізуші. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Алдарыңызға бүгінгі «Еркіндігім елдігім, Тәуелсіздік теңдігім» сайысының қатысушыларын шақырамыз. Сайысқа қатысушылар:
8А сыныбы
8Ә сыныбы
8Б сыныбы
2-жүргізуші.
- Қайырлы күн құрметті қонақтар! Аяулы да ардақты ұстаздар, көрермендер және қатысушылар! Бүгінгі « Еркіндігім елдігім, Тәуелсіздік теңдігім.» атты білім сайысымызға қош келдіңіздер! 1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды.Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
2-жүргізуші. Сайыс жоспарымен, шартымен таныстырып өтейін. Оқушылардың басты назарларында ұстайтын нәрсе жылдамдық, шапшаңдық, тез ойлап, уақытты ұтымды пайдалану, жауаптары жинақы, нақты болуы керек.
1сайыс.«Таныстыру».Әр топ атын, ұранын, эмблемасын, газетін таныстырады.
2 сайыс. «Сен білесің бе?». Сайыс шарты бойынша 25 жыл аралығында еліміздің елеулі оқиғалары жайында сұрақтар қойылады. Сұрақтарға жауап беру керек.
3 сайыс. «Өнер тамған он саусақ» деп аталады. Бұл кезеңде қыздар өздерінің қолдарынан қандай істер келетінін көрсетеді. Жасаған бұйымды жарнамалайды.
4 сайыс. «Шебер қол ештеңені таңдамайды». Үй тапсырмасы ретінде тақырыптар берілген. Үй тапсырмасын қорғау. 2-3 минут уақыт беріледі.
5 сайыс. «Бәрін білгім келеді»деп аталады.Оқушылар Отан,елге, туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді жатқа айту керек. Шарты: бірінің айтқанын екіншісі қайталамай кезек-кезек айтады
6 сайыс. «Қиялдан шыққан туынды» деп аталады. Таратылып берілген санаулы заттардан өнер туындысын жасап шығару. 2 мин. (Әр топтың қиял ұшқырлығы бағаланады)
Көрермендермен сайыс.Кім тапқыр?
1-жүргізуші.
Біліміңді саралап
Төрелігін айтатын,
Әділ баға беретін
Әділ қазы алқасын
Таныстырып өтейін.
1.Сызу,бейнелеу өнері пән мұғалімі ________________________
Енді біз сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыру бөліміне кезек берейік. Өздерін таныстыру.
1-жүргізуші. Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар, Қазақстан – бұл озат ел танысыңдар. Көк байрағы, елтаңба, әнұраны, Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
1-жүргізуші. «Сен білесің бе?».Сайыстың шарты: еліміздің елеулі оқиғалары жайында сұрақтар қойылады. Сұрақтарға жауап беру керек. Әр топтан бір оқушыдан қатысады.
Ендеше іске сәт дейміз!
I оқушы
Қазақстанда ең биік тау шыңы қалай аталады? (Хан тәңірі)
Елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады? (135 ұлт өкілдері)
Н.Назарбаев қашан Қ Р-ның президенті болып сайланды? (1999 жылы)
Ұлттық валютамыз теңгенің суретін салған топ жетекшісі(Ағымсалы Түзелханов)
Егде жастағы әйелдің бас киімі?(кимешек)
Қазіргі тігін машиналарының қандай түрін білесіңдер?(сырып тігетін, арнайы және жартылай автоматты болып келеді)
Матаның оң және теріс беттерін қалай ажыратуға болады?(суретіне, жылтырлығына, тегістігіне қарай)
Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не?(үтіктеу)
Еңбек етсең ерінбей(тояды қарның тіленбей)
2-жүргізуші. Оюда оям, шебермін,
Нақыштап кесте тігемін.
Елім жерім баршаға,
Бақытты ғұмыр тілеймін, келесі кезеңіміз «Өнер тамған он саусақ» деп аталады. Бұл кезеңде қыздар өздерінің қолдарынан қандай істер келетінін көрсетеді.
1-жүргізуші. 3 сайыс барысында сайысқа қатысушылардың алған, жинаған ұпайлары туралы айтуға сөз әділ қазы мүшелеріне беріледі.
Музыкалық номер.
2-жүргізуші.
Өнердің екі жағы бар, пішіні-техникада, мазмұны-ой. Өнер-адам бойындағы құдіреттіліктің көрінісі. Ендеше оқушыларымыздың үй тапсырмасы етіп алған сайысымызға кезек келді. «Шебер қол ештеңені таңдамайды». Үй тапсырмасы ретінде тақырыптар берілген. Үй тапсырмасын қорғайды. 2-3 минут уақыт беріледі.
Оқушылар үйден орындап келген тапсырмаларын әділ қазылар алқасының алдарына апарып көрсетеді, қорғайды, көңіл бөлейік.
1-жүргізуші. Менің елім қазақ деп аталады.
Арман, қиял алысқа апарады.
Әр адамның жатталып санасында,
Биіктерде шырқалсын Отан әні.
«Атамекен» әні
1-жүргізуші. 5 сайыс. «Бәрін білгім келеді»деп аталады. Оқушылар Отан,елге, туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді жатқа айту керек. Шарты: бірінің айтқанын екіншісі қайталамай кезек-кезек айтады
1-жүргізуші. Сен Отан ,еліміз, жеріміз туралы мақалдар білесің бе?
2-жүргізуші. – Ия, білемін!
1-жүргізуші. – Есіңде қалғандары бар ма?
2-жүргізуші. – Бар, айтайын ба!
Отан-оттан да ыстық.
Туған жердің қадірін,
Шетте жүрсең білерсің.
1-жүргізуші. Жақсы, өзің біразын біледі екенсің.
Әр топ мүшелері бірінің айтқанын екіншісі қайталамай кезек-кезек айту керек.
Көрермендермен сайыс.Кім тапқыр? 1.«Тәуелсіздік»сөзінен жаңа сөздер жасау керек. Кім көп сөз құраса, сол топқа ұпай қосылады.
2.Бүгінгі сайысымыз қызықты өту үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз. 1- Асық 1) Үш мақсатты ата. Жол мақсаты – жету, дау мақсаты- біту, сауда мақсаты- ұту. 2) Үш арсыз Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. 2- Асық 1) Үш биді атаңыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. 2) Үш жүзді ата? Ұлы жүз , Орта жүз, Кіші жүз 3- Асық 1) Үш арыс Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров 2) Үш сауап Шөлге құдық қазған. Өзенге көпір салған. Жолға ағаш еккен 4-Асық 1) Үш байлық Денсаулық, ақ жаулық, он саулық. 5- Асық 1) Төрт қонақ. Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ 6- Асық 1) Бес асыл Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым 2)Бес дұшпан Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ 7-Асық 1) Бес қаруға нелер жатады. Мылтық, найза, садақ, қылыш, айбалта
2-жүргізуші. 6 сайыс. «Қиялдан шыққан туынды»- таратылып берілген санаулы заттардан өнер туындысын жасап шығару. 2 мин. (Әр топтың қиял ұшқырлығы бағаланады)
1-жүргізуші.Кең байтақ, туған өлкем Қазақстан.
Мен сені әрқашан да мақтантұтам,
Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,
Баршаны байлығымен таңқалдырған.
Төбеңде көкбайрақты желбіретіп,
ЖАСАШЫ, ЖАСАЙ БЕРШІ ҚАЗАҚСТАН!
«Көк тудың желбірегені» әні
2-жүргізуші. Әділ-қазылар мүшелері, апайлар сайыскерлердің, оқушылардың жұмыстарының қорытындысын айтсаңыздар.
Қорытындылау.
1-жүргізуші. Жарыста жеңілісте, жеңісте болады. Жалпы қай өнер болсын адамның шеберлігін, ұшқыр ойын қажет етеді.
1 жүргізуші: Егемен еліміздің болашағы біздің қолымызда.
2 жүргізуші:Тәуелсіздіктің тірегі білімде.
1 жүргізуші: Білімнің арқасында елімізді, жерімізді дамыта аламыз.
Екі жүргізуші бірге: Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Осымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған « Еркіндігім елдігім, Тәуелсіздік теңдігім.» атты білім сайысымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!