Просмотр содержимого документа
«Монша?пен ж?мыс жасау»
Моншақпен жұмыс жасау
Мақсаты: оқушыларға моншақтан, бисерден әр түрлі бұйым жасау технологиясын үйрету.
Білмділік мақсаты: оқушының моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсатты: моншақпен жұмыс істеуде оқушының қол икемділіктерін, шығармашылқ қиялдарын, ой - өрісін дамыту, кәсіптік бейімділігін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, өз бетінше жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих, математика.
Көрнекіліктер: моншақтан жасалған бұйымдар, сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер.
Қажетті құрал-жабдықтар: моншақ, бисер, леска, қайшы.
I Жаңа сабақты түсіндіру.
Моншақ сөзінің шығуы «мойын-шақ» немесе «мойынтақ» деген
сөздерден құралады деген пікір бар. Моншақ-мойынға тағатын әшекей бұйым. Моншақты сонау ерте замандарда қолданыста болғандығын қазба жұмыстары нәтижесінде табылған әшекей бұйымдарды дәлелдейді.
Біз сол моншақтан құмыра түрлерін, нан салғыш, конфет салғыш, салфетка, білезік түрлері т.б. заттар жасаймыз.
Сарамандық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережені естен шығармаймыз. Оқушыларға алдын ала нұсқау карталары, сызба жұмыстары тарқатылып беріледі және толығымен түсіндіріледі. Нұсқау карталарымен жұмыс жасағанда есте сақтау қабілетті жоғары болып, түстерді айыра білу қажет, түс үйлесімділігі сәйкес болу керек.
Сумоншақ түрлері
таяқша домалақ
сопақша
Шыны Керамика
бисерді неден жасайды
Хрусталь Металл
Бүгін өнердің түрлерін, олардың ерекшеліктері туралы мағлұмат алдыңдар. «Моншақ» сөжұмбағын шешіп көрейік.
Сөзжұмбақ: «Моншақ»
М
О
Н
Ш
А
Қ
Ресейде бисерді өз тәжірибесімен жасаған кім? (М. Ломоносов)
Бисерді көп шығарған ел. (Жапония)
Бисер қандай заттан жасалады? (Шыны)
Шашқа тағатын әшекей. (Шашбау)
Кестелі баскиім. (Тақия)
Мойынға тағатын әшекей. (Алқа)
III Жаңа сабақты бекіту
Қорытындылау. Оқушылардың жұмысын бағалау.
Үйге тапсырма: моншақпен жұмыс
«Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі