Сабақтың басы | Ұйымдастыру Ең алдымен оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне бір ауыз мақтау сөз айтады. Бұл оқушылардын сабақты жақсы көңіл- күймен бастауына ықпал етеді. Шаттық шеңбер қалпын бұзбастан «Сұрақты тосып ал» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау жүргізіледі. (әдіс ережесі: мұғалім оқушыға допты лақтыру арқылы сұрақ қояды. Допты тосып алған оқушы сол сұраққа жауап беріп, допты мұғалімге қайтарады. Мұғалім сұрақ қоюды жалғастырады. Егер оқушы сұрақтың жауабын білмесе допты басқа оқушыға беруіне болады.) Осы әдістен кейін балалар «Алтын себет» әдісі арқылы себеттен қималар алу арқылы 3 топқа бөлінеді: 1- топ (қызыл), 2- топ (сары), 3- топ (көк). Қолдау көрсету Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. | Қималар салынатын себет |
Сабақтың ортасы | «ДЖИГСО» әдісі: Оқушылар тақырыпты жазады. Интербелсенді тақтада «Көркемдеп күйдіру» туралы мәліметтер беріледі. Тақырыпты оқушыларға түсіндіріп кету, содан кейін «ДЖИГСО» бойынша тақырыпты оқып, жұппен, топпен талқылау алған мағлұматтарды талқылайды, постерлерін қорғайды. Қалыптастрыушы бағалау: «Өзара бағалау» әдісі. тапсырма. «Ойлан-толған» әдісі ( Өзіндік жұмыс) Оқулықпен жұмыс Ұсынылған көркемдеп күйдіру суреттері арқылы сұрақтарға жауап беріңіз. Суретте қандай көркемдеп күйдіру түрлері көрсетілген? Көркемдеп күйдіруді не үшін қолданған? Көркемдеп күйдіру түрлерінің айырмашылықтары неде? Бағалау критерийі: Дескриптор: Білім алушы Көркемдеп күйдірудің түрін, ерекшеліктері мен бағытын ажыратады; Көркемдеп күйдірудің даму бағыттарын анықтайды; Көркемдеп күйдіру әдістерінің түрлерін сипаттайды. Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» әдісі тапсырма. Оқушылардың қажеттілігін анықтау үшін және бүгінгі алған білімінің әлсіз тұстарын, ақпаратты қабылдау барысында білімінің қалыптасуын және дағдысының дамуын анықтау үшін «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы шығармашылық жұмыстар орындайды. Берілген суреттердегі қолөнер туындыларын сұрақтарға сүйене отырып, сипаттаңыз. Берілген қолөнер туындылары қалай аталады? Тұрмыста не үшін қолданады? Олар қандай материалдардан жасалған? Қалай безендірілген? Бағалау критерийі Дескриптор: Білім алушы Қалыптастырушы бағалау «Көршің қандай?» әдісі 3-тапсырма. «Кім жылдам?» әдісі (Жұптық жұмыс) Практикалық жұмыс. Төмендегі әдістерді таңда. топ. Көркемдеп күйдіру үшін алдын ала бұйымның дизайнын салу: топ. Пирография өнерімен ағашты сәндеу: топ. Ағашты күйдіру әдісі арқылы талапқа сай безендіру. Бағалау критерийі Тарихи және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін қолдана отырып, өз бетінше зерделейді және сипаттайды. Дескриптор Көркемдеп күйдіру үшін алдын ала бұйымның дизайнын сала алады; Пирография өнерімен ағашты сәндей біледі; Ағашты күйдіру әдісі арқылы талапқа сай безендіріп, өз тәжірибесінде қолданып, қорғайды; Қалыптастырушы бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі | оқулық, көрнекі суреттер Сәйкестендіру қағаздары мен бейнелі суреттері Қауіпсіздік ережелер жақылған парақшалар Терможелім, ағаш, ине, тақтай, құралдар, сурет сызба |
Сабақ соңы | «Пікір алмасу» (Showdown). Әрбір топ тақырыпқа қатысты 3 сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады. Бағалау: "Смайликтер" арқылы топтар бірін - бірі бағалайды «Бағалау ағашы» әдісі -бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды. -бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды. -бүгін сабақта түсінбеген сұрақ- тарым бар, оқуым керек. | |
1-тапсырма, өзіндік жұмыс «Ойлан-толған» әдісімен алдын ала дайындалған тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы орындайды. Диалог және қолдау көрсету тәсілі Кейбір оқушылар тапсыманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек беріледі.Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауапта алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қоямын.Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды роль атқарады. тапсырма, жұптық жұмыс «Ойлан, жұптас, бөліс!» әдісін қолданып, оқушылар жұптық жұмыс орындайды. Ландшафт түрлерін анықтайды және талдау жасап, кестені толтырады. Тапсырма тәсілі Мұның құрамына білім деңгейі әр түрлі оқушыларға арналған тапсырмала кіреді.Оқушылардың қажеттілігіне қарай түлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасайды. тапсырма, «Кім жылдам?» әдісі қолданылып тапсырма орындайды. Әр оқушыға сызба құрал -жабдықтарын пайдалану әдістері бойынша сызба тапсырмаларын үлестірмелі карточкалар бойынша жылдамдыққа орындайды. Қарқын тәсілі Кейбір оқушылар басқаларына қаағанда жылдам жұмыс жасайды.Қосымша тапсымалады көп күш жасауды талап ететін оқушылар үшін қолданамын. | тапсырма бойынша өзіндік жұмыста «Бағдаршам» әдісін пайдаланып, мұғалім тарапынан бағаланады. тапсырма бойынша жұптық жұмыста «Өзара» әдісін пайдаланып, әр жұп бір-бірін өзара бағалайды. Орындалған тапсырма бойынша дұрыс және бұрыс жақтарын атап көрсетеді. тапсырма бойынша жұптық жұмыста «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін пайдаланып, әр жұп бір-бірін бағалайды. Екі жұлдыз-екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы) Бір тілек-жақсартуды қажет ететін нәрсе туралы атап кетеді. | Практикалық жұмысты орындау барысында құрал- жабдықтармен жұмыс жасау қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Терможеліммен және инемен жұмыс ережелерін ескертіп отыру. |