kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы бюджеті. Жобалау негізі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Семинарда берілген іс шараны? жоспары. Технология ж?не экономика п?ндерінен біріктіріліп жасал?ан саба? жоспары. ?азіргі заман талабына сай жасалын?ан "Отбасылы? бюджеті" туралы іс шара. ?азіргі кезде о?ушылар к?бінесе отбасына а?шаны? ?алай келіп жат?анын, оны ?алай ?немдеу керектігін, отбасылы? табыс?а ?з ?лесін ?осу білмей жатады. Міне осындай м?селелерге к?птеген жауаптарды осы саба?тан алу?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы бюджеті. Жобалау негізі.»

Сабақтан тыс іс-шараның тақырыбы:

Отбасы бюджеті. Жобалау негізі.


Мақсаты: Оқушыларға үй экономикасы жайлы түсінік беру. Отбасы бюджетін дұрыс ұйымдастыруды, кіріс және шығыс кезін есептеуді үйрену. Оқушыларға үй экономикасы оның маңызы мен мақсаты жөнінде түсінік беру. Логикалық ойлау жүйелі жоспар құру, іскерлік қабілеті дамыту. Үй бюджетін жоспарлауға, шеберлікпен атқаруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, компьютерлер, жеке тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: экономика, технология, математика, информатика.
Өту барысы: 
I. Кіріспе сөз:

Бюджет – белгілі бір мерзімге есептелген кірістер мен шығындар жоспары. Бюджетті қолда бар және жұмсалатын қаржыны есептеу үшін,құрастырады. 1 слайд

Біздің барлығымыздың отбасымыз бар. Біз онда тәрбиеленеміз, демаламыз, еңбек етеміз, барлық қуаныш пен қиыншылықты бірге бөлісеміз. Барлығының ортақ ісі – отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына мүмкіндік туғызу. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысты да барлығына ортақ. Оның мүшелерінің керегіне жұмсалады. Жұмыс істеп табыс табу арқылы отбасы қоры жиналады. Олай болса «Отбасы бюджеті» біздің отбасымыздың экономикасы. 2 слайд

«Бюджет» - сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады екен. Біз әр күнімізді, мерекені, жұмыстың бәрін жоспарлаймыз. Сол секілді ақшаны да санап, жоспарлы жұмсаған дұрыс. Үй бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыстарды және шығындарды тиімді құрастырып, есептеп отыру.

Жоспар - белгілі бір жұмыстың алдын  ала жасалған жобасы.

Жоба – бір істі жүзеге асыру, орындау үшін жасалған нұсқа.

Бюджет – мемлекет, әр түрлі мекемелердің кіріс, шығыстың сметасы.

Смета – алдын ала жасалатын кіріс пен шығыстың есебі.

Бюджет қалай тиімді болады? Ол үшін отбасылық кірістерді және шығыстарды дұрыс құрастыру қажет. Кірістер дегеніміз – барлық ақшаларыңыз. Шығыстар дегеніміз жаратылып жатқан ақша 3 слайд.

Кірістерге шәкіртақы, зейнетақы, айлық жалақы, құнды қағаздар, жәрдемақы. т.б жатады. Шығыстарға –салық,

азық –түлікке жұмсалатын қаржы, киім- кешек, жиһазға жететін қаржы 4 слайд. Қалай ойлайсыздар, отбасы бюджеті де болуы мүмкін бе?

II. Сұрақтарға жауап беру

1 сұрақ:

Ал оқушылар сендер өздерің отбасылық бюджетке кіріс кіргізе аласындар ма?

Оқушылар өз ойларын айтады.

2 сұрақ:

Қандай әдістермен отбасылық бюджетке кірістер кіргізе аласыңдар?

Оқушылар өз ойларын айтады.

III. Оқушылардың өз қолдарымен жасалған бұйымдарымен танысу.

Бұл тапсырмалар оқушыларға бір апта бұрын үй тапсырмасы ретінде берілген. Сол үйден орындап келген тапсырмаларын тақтаға алып шығып таныстыру.

1 топ 5 сынып қыздары – Жоспар тобы керек емес заттардан күнделікті қолдануға қажетті бұйымдар жасаған. Сол заттарға қандай материалдарды қолданды. Бұл бұйымды жасау үшін қанша уақыттары кетті. Қандай шығындар кеткені туралы айтып беру.

2 топ 6 сынып қыздары - Жоба тобы тоқыма бұйымдарын жасайды.

3 топ 7 сынып қыздары - Бюджет тобы бисерден әр түрлі әшекей бұйымдар жасайды.

III. Оқушылар жасаған бұйымдардың пайдасын компьютерде есептеу.

Оқушыларға компьютерлер беріледі. Ол компьютерде Excel-де жасаған бұйымдарының пайдасын есептейді. Оларға алдын ала дайындалған кесте беріледі. Сол кестедегі мәліметтерді жүйелі түрде толтыру қажет.

Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі.

Ол кесте төмендегідей үлгіде:

Аталуы

Сан мәні

1

Бұйымның атауы

алқа

2

Бір бұйымға кеткен шығын

200 тенге

3

Осындай бұйым жасауға қанша күн қажет болды?

3 күн

4

1 айда осындай қанша бұйым жасауға болады?

10 дана

5

Бір айда жасайтын бұйымның шығыны

2000 тенге

6

Бір бұйымды қаншаға сатуға болады?

600 тенге

7

Бір айда сатқан бұйымның бағасы

6000 тенге

8

Түсетін пайда

4000 тенге

9

Түскен пайданың пайыздық үлесі

67 %

IV. Әр топтан жобаларын қорғау. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өздерінің жобаларын қорғайд. Есептеген пайдаларын айтып түсіндіру қажет.

V. Қорытынды жасау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Отбасы бюджеті. Жобалау негізі.

Автор: Кенжегалиева Салтанат Максотовна

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311960


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства