Ою-?рнек ерекшелігімен эстетикалы? л?зз?т береді. С?ндік, ?семдік, ?демілікті білдіреді. О?ушыларды ?ол?нерге баулу ар?ылы еліне, жеріне, ?неріне деген с?йіспеншілігін арттырады деген сенімдемін. ?мыт болып бара жат?ан ?нерді ?айта жандандырып, оны? шы?у тарихын, ?алай пайда бол?анын балалар?а толы? т?сіндіру. Ою-?рнекті? к?неден келе жат?анын д?лелдейтін б?йымдар ар?ылы с?ндік ?олданбалы ?нерге баулу. Б?л ?нер ?рпа?тан-?рпа??а жал?асып келе жат?ан ?нер. Шебер ?р бір жаса?ан ?лгісіне ат ?ойып отыр?ан ж?не ??ым сый?ыз?ан. Шебер ?ана ою-?рнекті? тілін білген. Б?гінгі біздер, ?рпа? ою тілін т?сінуге тырысуымыз керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ою-орнектин пайдасы»
Ою - өрнек қазіргі кезде үмыт болып бара жатыр. Қазіргі уақытта түскиіз, бітпес орнына кілем ілініп, сырмақ орнына кілем жайылады. Халықтық педагогика ерте бастан еңбекке, ұлттық қолөнерге жас ұрпақты жас ерекшеліктеріне қарамай баулыған. Сол себепті мен сәндік қолданбалы өнерге үйретуге өз бағдарламамды дайындауға жөн көрдім.
Ою-өрнек ерекшелігімен эстетикалық ләззәт береді. Сәндік, әсемдік, әдемілікті білдіреді. Оқушыларды қолөнерге баулу арқылы еліне, жеріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырады деген сенімдемін. Ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның шығу тарихын, қалай пайда болғанын балаларға толық түсіндіру. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар арқылы сәндік қолданбалы өнерге баулу. Бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер. Шебер әр бір жасаған үлгісіне ат қойып отырған және ұғым сыйғызған. Шебер ғана ою-өрнектің тілін білген. Бүгінгі біздер, ұрпақ ою тілін түсінуге тырысуымыз керек.
Ою - өрнектермен танысқан оқушылардың дүниетанымы, өзін қоршаған орта және тұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамиды.
Өз сабағымда жаңа түр, жаңа мазмұн енгізу басты мақсатым.
Бағдарлама:
Авторлық бағдарлама мемлекеттік стандартқа сүйене отырып жазылды. Осы бағдарлама арқылы оқушылардың әрі қарай дамуына көп ықпал етеді. Қазақ халқының ою-өрнегінің шығу тарихын толық меңгеріп,өздері күрделі ою-өрнек элементерін сызып құрастырады.
Мақсаты:
Болашақ ұрпақтарымызды ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет салаларына енгізе отырып, осы өнерді қайта жаңарту, оған жаңа мазмұн беру.
Міндеті:
Ұлттың дүниетанымын, ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу.
Күтілетін нәтиже:
Казіргі кезде халқымыздың қолөнерін, ұлттық салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін бағалап, қызығушылығын арттыру. Оқушыларға өздері оқып үйренген ою-өрнек негіздерін іс жүзіндегі маңыздылығын көрсетіп, олардың практикада алған білімдерін өмірдле қолдануы. Жасалған бұйымдарды мектепішілік және қалалық көрмелерге шығару.