Просмотр содержимого документа
«Кәсіп түбі- нәсіп»
«Әулиеағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
«Кәсіп түбі –нәсіп»
Абильева А.С.
«Жарқын болашақ кілті білімді жастарда»
1-Жүргізуші:
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан !
2-Жүргізуші
Деп Абай атамыз жырлағандай біздің де түлектеріміз дүниенің бір бөлігінде өз орындарын тауып, қаланып жатса ол да бір бақыт емес пе.Бүгін біз осы тақырып аясында ой өрбітеміз.
1-Жүргізуші:
Армысыздар еңселі елдің жарқын болашағын жасау жолында тер төгіп жүрген ұлағатты ұстаздар,бүгінгі кешімізге жиналған көпшілік қауым!
2-Жүргізуші
Армысыздар алыстан ат терлетіп келген қадірменді қонақтар.Киелі мекеннің төріне қош келдіңіздер!
1-Жүргізуші:
Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар- жас ұрпақ.Бүгінгі жас ұрпақ- жарқын болашақтың кепілі. Егеменді елдің жарқын болашағы елбасының жолдауының іске асырылуы мен бағалы.Елбасы жолдауы әдеттегідей жетістіктерімізді саралап,кемшілігімізді бағдарлауға ең бастысы баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталған.
1-Жүргізуші:
«Барлық істің басшысы-білім мен ұғым» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай егеменді елдің тірегі –білімді ұрпақ.Демек,болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.
2-Жүргізуші
Бүгінгі уақыт талабы- жаңа технологияны жетік меңгерген, өздігінен шешім қабылдай алатын ,білім мен білікпен қаруланған жеке тұлға болып қалыптасу.
1-Жүргізуші:
Ия,уақыт көшінен қалмау үшін белгілі бір маман иесі болуды мақсат етіп жастарымыз қалаға арман қуып ағылып кетіп жатыр. Мамандық түрлері көп.Ұстаз,дәрігер,заңгер,актер,режиссер т.т.б. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Белгілі бір маман иесі бола тұра мамандығына сәйкес жұмыс таба алмай жүрген жастар қаншама.Бірақ бұл өз алдына бөлек бір мәселе.
2-Жүргізуші
«Мамандықты кез-келген адам таңдайды,бірақ білікті маман болу кез-келгеннің қолынан келе бермейді.Сондықтан дәрігерлік мамандықты таңдағанда жеті рет ойланып,бір рет шешім қабылдау керек.Адам өмірі ойыншық емес»-дейді бас дәрігер .........................................
1-Жүргізуші:
Студияға қонағымызды шақырамыз.
2-Жүргізуші
Студияға қош келдіңіз!
1-Жүргізуші:
Қазіргі жастар көпшілігі дәрігерлік мамандықты таңдайды.Осыған байланысты өз ойыңызды айтсаңыз.Дәрігер болу қиын ба?
Сұрақ
1.Жастардың дәрігерлік мамандықты таңдауы дәрігер жалақысының көптігіне негізделген ба?Әлде олар өз мамандықтарын жүрек қалауымен таңдай ма?
Студияға сұрақ
1.Араларында дәрігер мамандығын таңдаған жастар бар ма?
2.Дәрігер мамандығы несімен қызықты?(жалақысы,киімі,беделі)
3.Дәрігер мамандығы қажырлы еңбекті,көп ізденуді талап етеді.Тіпті, өмір бойы оқуды талап етеді.Сендер сондай құрбандыққа дайынсыңдар ма?
2-Жүргізуші:
Студиямыздың келесі қонағы бүкіл өмірін бала оқытуға арнаған абзал жан.
«Мен өз мамандығымнан ешқашан жалыққан емеспін.Қайта тусам да осы мамандықты таңдар едім»,-дейді мектебімізде ..... жыл еңбек еткен қарт ұстаз..............................
1-Жүргізуші
Бүгінгі бағдарламамызға қош келдіңіз!
2-Жүргізуші
Сіз ұзақ жыл осы мектепте еңбек еттіңіз. Бұрынғы жастарда да алға деген ұмтылыс болды ма?Ол кезде қайтсе кеңес өкіметінің өзі асырайды деген ұғым қалыптасқан заман болды.Қазіргі жастарда керісінше, өмір сүргің келсе , табысқа жеткің келсе оқы,еңбектен деген ұғым қалыптасқан. Қазіргі жастар мен бұрынғы жастардың айырмашылығы бар ма?
Сұрақ
1.Сіздің тәжірибеңізде сабақты жиі тастап ,сабаққа көңіл бөлмей кететін оқушылар болды ма?
2.Олардың ішінде қазір табысты қызметте істеп,ел ішінде беделге ие болған азаматтар бар ма?
3.Қазір білім міндетті емес,ақшаң болса бәрін сатып аласың деген ұғым бар.Тіпті,кейбір мектеп бітіріп кеткен студенттер сабағын оқымай,жұмыс істеп ақша тауып,сессиясын жауып жатқандар баршылық.Тіптен, екінің бірінде кездесетін жағдай деп айта аламын.Сіз бұған не айтасыз?
Студияға сұрақ
1.Сендер қалай ойлайсыңдар ,балалар.Табысқа жету үшін білім керек пе,әлде ақша ма?
2.Араларында ұстаз мамандығын таңдаған оқушылар бар ма?
3.Қазіргі заманда білім жүйесіне қатаң талаптар қойылған.Осы талаптарды білесіңдер ме?(компьютерлік сауаттылық,жаңашылдық, үш тілділік) Сол талаптарды орындауға дайынсыңдар ма?
1-Жүргізуші:
Талаптарыңа нұр жаусын құрметті болашақ әріптестер!
2-Жүргізуші
Студиямыздың келесі қонағы:
«Табыс табу үшін әдемі дипломның қажеті жоқ.Ең бастысы-білімділік, шеберлік,ептілік.Және өз ісіңді шын көңілмен істеу керек»,- дейді ауылымыздың шағын кәсіпкерлерінің бірі ............................................ Студия төріне шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Қош келдіңіз!Сіз ауылымызда біраз шаруаның басын дөңгелетіп,үйде отырып-ақ пайда табудың жолын таптыңыз.Ісіңіз оң болсын.
2-Жүргізуші
Әңгімемізді бастамас бұрын ізбасарларыңызға кезек берсек.