Эстетикалы? п?ндер бірлестігіні? 02. 02- 09. 02 арасында ?ткізілген
апталы?ыны? есебі
02. 02. 2016 ж. к?ні акт залда эстетикалы? п?ндер бірлестігіні? салтанатты ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатына директорды? ?дістемелік ж?мыстары ж?ніндегі орынбасары А. Ж. Садыков ж?не м??алімдер, мектеп о?ушылары ?атысты. Зал талап?а сай безендіріліп о?ушыларды? жаса?ан б?йымдарынан к?рме ?йымдастырылды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«эстетикалы? п?ндер апталы?ы»
Эстетикалық пәндер бірлестігінің 02. 02- 09. 02 арасында өткізілген
апталығының есебі
02. 02. 2016 ж. күні акт залда эстетикалық пәндер бірлестігінің салтанатты ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатына директордың әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары А. Ж. Садыков және мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысты. Зал талапқа сай безендіріліп оқушылардың жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.
03. 02 . күні музыка сабағынан 5 а сыныбында Қайыпов Қайрат « Үнді халықтарының рагасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Қайраттың ашық сабағы жақсы деңгейде
өтті. Балалар сабаққа жақсы қатысып отырды.
03. 02. күні мектеп кітапханасында жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге 5-6-7-8 сынып оқушылары қатысты. Жәрмеңке жоспарға сай өтті. Нәтижесінде қайырымдылық қорына 3300 теңге жинақталды. Түскен ақшаға 5 – сынып оқушысы ( көп балалы отбасы) аяқ киім және оқу құралдары алып берілді.
03. 02 . күні өзін- өзі тану сабағынан 2 г сыныбында Нұрымбетова Гүлшат «Обал мен сауап» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Гүлшаттың ашық сабағы қанағаттанарлық деп бағаланды.
04. 02 күні өзін- өзі тану сабағынан 5 в сыныбында Джувбаева Светлананың «Сабырлық пен ұстамдылық» тақырыбында ашық сабағы болды. Светлана ашық сабағын өте жақсы деңгейде өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
04. 02 күні өзін- өзі тану сабағынан 6 б сыныбында Замаддин Арайдың «Денің сау болсын десең» тақырыбында ашық сабағы болды. Арайдың сабағы жақсы деңгейде өтті. Арай сабағында қажет болған көрнекіліктерді тиімді пайдаланды.
05. 02 күні 8 – сыныптар арасында акт залда «Мәнерлеп оқу мен көрініс» тақырыбы бойынша сайыс өткізілді. Сайыста әрбір сынып оқушылары өз өнерлерін жақсы қырынан көрсетті.
Нәтижесінде 8 сынып оқушылары арасында жеңімпаз атанды.
05. 02 күні технология сабағынан 7 б сыныбында Альмуратова Динаның «Йықты бұйымдарды модельдеу. Түнгі көйлекті пішу» тақырыбында ашық сабағы болды. Дина ашық сабағын жақсы деңгейде өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
05. 02 күні технология сабағынан Айтджанова Амангулдің «Алжапқыш сызбасының құрылымы» тақырыбында ашық сабағы болды. Амангул ашық сабағын жақсы деңгейде өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
06. 02 күні технология сабағынан 5 д сыныбында Қойбағарова Орыншаның «Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік» тақырыбында ашық сабағы болды. Орынша ашық сабағын қанағаттанарлық деңгейде өткізді.
07. 02 күні 6 – сыныптар (ұлдар арасында) акт залда «Керемет жетілік» атты сайыс болды. Сайыста әрбір сынып оқушылары өз өнерлерін жақсы қырынан көрсетті.
Нәтижесінде 6 сынып оқушылары арасында 6 д сыныбы 1- орын, 6 ғ сыныбы 2- орын, 6 а сыныбы 3 – орындарға ие болды.
08. 02 күні технология сабағынан Купеков Сүлейменнің 5 а сыныбында «Ұлттық оюларды ою» тақырыбында ашық сабағы болды. Сүлеймен ағай ашық сабағын жақсы деңгейде өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
08. 02 күні технология сабағынан Джантілеуова Айшаның 8 ғ сыныбында «Киіз үйдің қаңқасы, ішкі жасауы» тақырыбында ашық сабағы болды. Айша ашық сабағын жақсы деңгейде өткізді. Оқушылар ұлттық құндылығымыз болған киіз үйдің құрылысы, ішкі жасаулары, түрлері, тарихымен толық танысты.
08. 02 күні 5 – сыныптар арасында акт залда «Өнерлінің өрісі кең» атты (қыздар арасында) сайыс болды. Сайыста әрбір сынып оқушылары өз өнерлерін жақсы қырынан көрсетті
Сайысқа балалар жақсы дайындалған.
Нәтижесінде 5 г сыныбы 1 – орын, 5 а сыныбы 2 – орынға ие болды.
09. 02 күні мектебіміздің акт залында апталықтың жабылу салтанаты болды. Жабылу салтанатында апталық кезінде белсене қатысқан сыныптармақтау қағаздарымен марапатталды.