kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

КСП "Бисермен жұмыс істеу техникасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

готовая  разработка для уроков  технологии

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«КСП "Бисермен жұмыс істеу техникасы"»

№ 15 гимназия

Сабақтың тақырыбы:Бисермен жұмыс істеу техникасы

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға бисермен кестелеу туралы түсінік беру. Бисермен кестелеу әдістерін үйрету.

  2. Оқушылардың шығармашылық қаблетін дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, ынтасын арттыру.

  3. Халқымыздың қол өнерін сүйе білуге, қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу. Қауіпсіздік техника ережелерін есте ұстау.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:Түс айырмашылығы, жіп бағыты, кестеленген дайын бұйымдар.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасып,түгендеп шығу.

  • Үй тапсырмасын сұрау:Балалар өткен сабақта біз қандай тақырыппен танысқан едік? \Бисер тоқу және кестелеу әдістерімен.\

  • Өткен сабақты қайталау үшін «Қоржын алу» ойынын ойнаймыз. \алдарыңда қоржын.\ Бұл қоржынның ішінде ғажайып нәрсе бар. Бұл не екенін көру үшін өткен тақырыпқа байланысты қоржыннан алынған сұраққа жауап берсіңдер, қоржынның аузы ашылып, ғажайып нәрсе көресіңдер.

  • Қоржынды ашқысы келген балалар өздерімен бірге үйде жасаған жұмыстарыңды ала шығыңдар.

Балалардың үйге берілген жұмысын тексерген соң, қаржын аузын ашуға рұқсат беріледі.

Қоржынды ашуға арналған сұрақтар.

  1. Кесте тігу үшін қандай маталар пайдаланады?(мақта мата,сиса,кенеп,жібек)

  2. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн?\жіңішке ине мен кесте жіп\

  3. Бисермен кесте тігу үшін қандай ине алған жөн? \бисермен моншағына арналған жіңішке ине\

  4. Тігістің қандай әдісі бойынша тігіледі? \инені алға шаншу әдісі бойынша\

  5. Кестелеу үшін қандай құрал керек? \қайшы, жіп, мата, кергіш ине\

  • Ал енді, балалар, қоржын аузы ашылып, сұрақтарға сүрінбей жауап бердіңдер. Ішінен вазадағы «Гүл шоғы» шығады.

    • Ой, керемет, балалар! Нені көрдіңдер? Суреттеп беріңдер.

    • Иә, дұрыс айтасыңдар. Бұл вазадағы гүл шоғы. Гүлдің әдемі, түрлі- түсті бисерлермен әсемделіп, тоқылған түрін көріп отырсыңдар.

    • Сонымен, қоржынды ашқанда қандай әсер алдыңдар?

    • Балалар, табиғи гүлдердің әрқашанда адамның көңіліне қуаныш сыйлап, көңіл -күйіне әсер ететіні анық. Ал, өнер иелері осы гүлдерді әр түрлі тәсілмен бейнелей білген ғой. Гүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің барлығының құрамында хош иісті заттар мен дәрумендер, эфир майлары, бояу заттары бар. Сондай -ақ медицинада дәрі -дәрмек жасау үшін қолданылады.

Сарамандық жұмыс.

Вазадағы гүлді кестелеу үшін түс айырмашылығын білуіміз керек. Тақтадағы суретке қараңдаршы, гүлдің түсі қандай?\Қызыл\

Егер зер салып қарайтын болсаңдар, қызыл болғанымен әр түрлі түсті көруге болады.\ақшыл жасыл, сарғыш қызыл, күңгірт қызыл\. Жапыраққа назар аударсақ, олардың да әр түрлі түстер көруге болады\ақшыл жасыл, сарғыш жасыл, көгілдір жасыл\. Сонымен бірге сендер жіп бағытын білулерің керек. Ол мына плакатта көрсетілген. Сарамандық жұмысты жасағанда тиянақтылық пен ұқыптылықты естеріңде сақтаңдар. Қауіпсіздік техника ережелерін естен шығармаңдар!

Қорытынды.

  • Гүл туралы қандай ақынның өлеңдерін білесіңдер? Бір шумағын айтыңдар.\оқушылар кезектесіп айтады\.

  • Ал, енді гүл туралы қандай ән білесіңдер? \М.Шахановтың «Туған күн» әнін және жастардың «Аппақ гүлдер» әндері орындалады\.

Бағалау. Еңбекке ынтасы. Икем-дағдысының қалыптасуы. Қауіпсіздік ережесін сақтауы. Жұмыс нәтижесі.

Үй жұмысы. «Гүл шоғы» жұмысын кестелеп келу.







































































Бөлім 3 А Дизайн және технология

9 мектеп-лицей


Дата: --. -- 2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспаған саны:

Сабақ тақырыбы


Дизайн, киім макеттеу (қағаз, мата және т. б. материалдар).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)



1. Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту. 1.5 Тапсырма бойынша нобай салу. 2. Жасау және дайындау 2.3 Жасау технологиясы

5.1.5.1 Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау.

5.2.3.2 Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым дайындау

5.2.3.1 Тоқыма бұйымдарын пішу және сыру тігісін қолдану арқылы қол еңбегі құралдарымен, тігін машинасында өңдеу.

5.2.6.1 Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау.

Сабақ мақсаттары

  • Дизайн терминдерді зерттеу;

  • Қазақстандық танымал дизайнерлер мен қол өнершілердің жұмыстарын қарастырып танысу;

  • Берілген шаблон арқылы қазақ киімнің дизайынын құрастыру;

  • Киім бөлшектердің өлшемдерін анықтап, шаблон мен ликалдарды орындау;

Бағалау критерийлер

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

  • Композицияның негізгі заңдылықтарын ескере отырып, нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындаса;

  • Түрлі материалдардан қарапайым бұйым дайындайды;

  • Пішу және сыру тігісін қолдану арқылы қол еңбегі құралдарымен тігеді;

  • Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау;

Тілдік мақсаттар


Д) Дизайн – дизайн – disain

Киім бөлшектері – детали

одежды – clothing details

Ой – идея – idea

Композиция – композиция – composition

Шаблон – шаблон – template

Макет – Макет – layout

Құндылықтарды дарыту


- Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

- Жұмыс және шығармашылық, өмір бойы оқыту

- Өмір бойы оқыту, құрмет, ынтымақтастық және ашықтық.

- Тарих, мәдениет және тілдердің жалпылауы

Жаһандық азаматтығын арттыру

Әлемдегі заманауи дизайнерлердің шығармаларын қарастырып, зерттеп доғары деңгейлі сұрақтар арқылы талдау. Түрлі өнер туындылырына сүйене отырып, эстетикалық көз қарасын білдіру арқылы дамыту, болашақты тірбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу, өнер тарихы, сызу, технология

Бастапқы білім

Тігін бұйымдарының классификациясын зерттеп шықты

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5 мин







10 мин



10 мин















5 мин



5 мин


«Миға шабуыл» оқушылардың назарын аудару

1 Тапсырма: - Дизайн сөздің мағынасын қалай түсінесіндер? 1-2 бағанды толтыр.

2 Тапсырма: Активити, оқушылар берілген суреттерді сөздермен сәйкестендіреді. Көршілес сыныптасымен жауап парағын ауыстырып, дұрыс жауабын тексеріп, бір-бірін бағалайды.

Жауаптар: 1-Е 2-Д 3-Ж 4-К 5-А

6-Б 7-В 8-Г 9-И 10-З

- Оқушыларға «дизай» сөздің анықтамасын қарастыруға тапсырмалар беріліп, бар білімдерін жобаны құрастыру процесте қолдануды сұрайды. Берілген тапсырмалар орындағаннан соң олар өздері қорытынды жасап, дизайын туралы мысалдар келтіріп 3-ші бағанды толтырады (ЗХУ).

- (Д) Дизайн (ағылшын тілінен design) — ниет, жоспар, мақсат, ,, шығармашылық тұлға, сызба ж/е жоба, есептеулер, құрылыс; нобай, рсурет, ою, композиция, өнер шығармашылығы.


3 Тапсырма: Активити (киім бөлшектерін модельге жинау)






4. Рефлексия

Сабақтың қорытындысы: мақсатын жетістік критерий талқылау



Дизайн түрлері



\










Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Барлық оқушылар ОМ қол жеткізді деп қорытынды жасау себебім, олар тапсырманы орындап өз идеяларын сыныптастарға таныстыру арқылы көрсетіп дәлелдеді.

Иә, бөлек тапсырма бойынша саралау дұрыс жүргізілді, себебі барлық оқушылар жетістіктер критерийлеріне қол жеткізіп, ОМ меңгере алды.

Сақталды

Сабақ жоспардан қандайда бір ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Шартты түрде қойылған белгілер

(К) = бүкіл сыныппен жұмыс (Д) = мұғалімнің көрсетуі

(Г) = топтық жұмыс (Ф) = қалыптасатын бағаны қолдау

(И) = жеке жұмыс (T) = мұғалімнің түсіндіруі

(Э) = оқу эксперименті () = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер





Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспардың

3 А Бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп:

8 ЖББОМ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Қуандық А

Сынып:

5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бұйымды сәнді безендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.6.1

Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау.

5.2.3.2

Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым жасау



Сабақтың мақсаты

Қауіпсіздік іс - шараны сақтай отырып, бұйымды сәнді безендіруді орындаудың өндірістік процесінің аяқталу кезеңіне өту

Жетістік критерийлері

1. Құралдар мен құрал – жабдықтарымен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын сақтау.

2. Бұйымдарды әрлеу материалдарымен сәнді безендірумен айналысады

3. Шығармашылық жұмыс өте ұқыпты және аяқталған болып табылады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Талшықтар мен материалдардың жіктілігін, тоқыма материалдарының құрамын, жай мата тоқитын өрімдерін білу және суреттеуді

істей алады.

Оқушылар:

Табиғи және химиялық тоқыма талшықтарын суреттеуді;

жіп негіздерінің бағытын білу, сыртқы сипаттары бойынша және сипап білу арқылы мата мен талшықтарды аңықтау және салыстыру, түсініктемелер беруді, аңықтау және талқылауды

істей алады.

Маталар қасиеттерінің кестелерін презентациялау.

Пәндік лексика және терминология

Диалог және хаттар үшін пайдалы фразалар топтамасы

тоқыма материалдары, талшық, табиғи және химиялық талшықтар, мақта, зығыр, жүн, жібек, вискоза, мата, тоқымашылық, негізгі, үлестік және арқаулы жіп, кескілеу, тоқыма өрімдері, қасиеттер, оң және ішкі жақтары.

Маған мына маталар белігілі …

Мен маталарды … осыдан дайындайды деп ойлаймын

Мен мынандай …. талшықтар түрлерін білемін

Мата …. жіптерден құралады.

Бұл жағдайда арқаулық жіп/ негіздері….

Әдемілеу Декор Decoration
Сурет Рисунок Drawing
Мәдениет Культура Culture

Құндылықтарды дарыту

  1. Басқалардың көзқарастарын құрметтеу және бағалай білу.

  2. Өзінің және басқалардың жұмыстарына қатысты басқалардың пікірлерін тындай білу және дұрыс қабылдау.


ЖаҺандық азаматтыққа тәрбиелеу

Құрақ өнеріндегі әлемде белгілі азаматтардың шығармашылығын қарастыра отырып, алған білімдеріне негізделе тәсілдерді өз жұмыстарында қолдану.

АКТ қолдану дағдылары

Өз жобаны құрастыру үшін ғаламторда ақпаратты іздеу.

Түп нұсқалық оқыту

Қол өнершілердің және әрлеушілердің шығармашылығын зерттеп, ол түпнұсқалық өнеге болып табылатын жұмыстарына талдау жасап, өз қабілеттіліктерін және дағдыларды қолдану мен дамыту

Пән аралық байланыстар

Бейнелеу өнері мен технология пәні бойынша теориялық білімдерді қолдану.

Бастапқы білім


Кестеге негізделіп оқушылар топтамалардың бір - бірімен байланыстырып тігін орындады.

Сабақтың барысы

Жоспарланған жұмыс кезеңдері

Сабақта жопарлаған іс-әрекет


Ресурстар

1 жұп

Басталуы 5 минут

  1. (Д) Мұғалім оқушыларға оқу мақсаттарын қарастыруға және бірлесіп сабақ мақсаттарын аңықтауды ұсынды.

  2. Сабақ жұмысымен және жетістік өлшемімен танысу.

  3. Сабаққа дайындығын тексеру.

Жұмыс үлгілері.

Құралдар мен материалдар. Осы техникада бұйымдарды орындау үшін тігін машинасы үшін қандай құралдар керек.

- орташа өлшемдегі инелер; жіптерді кесу және киім пішу үшін екі дана қайшы; сантиметрлі лента немесе өлшегіш; шаблондарды орындау үшін картондар; әр түрлі түстегі мақта- мата жіптері; матасыз материалдар (синдепон, ватин, флизелин); тігіншілер боры; түйреуіштер; тігін машинасы; үтік; үтік тақтасы; үтіктелген ник; термопистолет,желімді өзекшелер, стразалар, металик жіптері, моншақтар, бисерлер,скетчбук.



http://www.rukodelie.ru Тігуді жақсы көретіндер үшін


http://masterica.narod.ru/index.htm - "Мастерица".


.http://stitchaholik.narod.ru/index.html –Барлығы тігу туралы – тарихы, стилі, техникасы, әрлендіру, сабақтар және т.б.


http://www.neva-mozaika.ru/ - Қолөнер, тігу кестелері бойынша Петербург сайты

2жұп

5 минут













5 минут













5 минут





60 минут

(К) Оқушылар ұсынған сөздерге сөз тіркестеріне қарай сұрыптайды.

Әдемілеу Декор Decoration
Сурет Рисунок Drawing
Мәдениет Культура Culture

1 іс- әрекет (И) (К) (П) Мұғалім толық жоспарға назар аударуды ұсынады

Сұрақ: Осы сабақта не орындауымыз керек? Ол үшін бізге не керек?

(П) Оқушылар бұйымды жасау үшін кесінділерді, сонымен қатар, керекті материалдар мен құралдарды келесі кезеңге дайындайды.

2 іс- әрекет Тігін құрал - саймандарымен, құралдар мен материалдармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік іс- шаралары бойынша ережелерді қайталау.

Мұғалім: Қол жұмыстары мен тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде негізгі ережелерді есте сақтау өте маңызды. Ал, енді негізгі қауіпсіздік ережелерін қайталап өтейік.

  1. іс- әрекет (П) (Ф) Мұғалімнің жетекшілігімен тәжірибе

Оқушының технологиялық картасын қолдана отырып, өзінің жұмысында табиғи және жасанды материалдар (стразалар, металлик жіптері, моншақтар, бисерлер, атласты лента, тоқыма бау) қолданып бұйымдарды сәндеуді орындап өзінің шығармашылық жұмысының аяқталу кезеңіне өту.

Оқушылардың практикалық жұмыстары кезінде мұғалім сынып жағдайын бақылап отырады, оқушыларды жұмыстың жақсаруы бойынша іс-әрекет жасайды.

- оқушыларға тәжірибелік жұмысты орындау бойынша келесі нұсқау жүргізеді:



  • оқушылар әр түрлі тәсілдер арқылы жоспарланған кестеге сәйкес өзінің бұйымын сәндеуді орындайды.

  • сәндеу тәсілдерінің дұрыс орындалуын қадағалайды;

  • тәжірибелік жұмысты жасаған кезде мүмкін болатын қиыншылықтар туралы ескертеді.

  • Жұмыстың көлемі мен сапасының орындалуын бақылайды.

  • Қауіпсіздік іс- шарасын сақтауды қадағалайды;

  • Оқушылардың пайда болған қиыншылықтарына қарай көмек көрсетеді

  • Оқушылар суреттің беткі қабатына, мысалы стразаларды желімдейді немесе өрнектің шеттерін бисермен қаптайды, сонымен қатар, құрақ бұйымын периметр бойынша атласты лентамен тігіп, оның үстіне моншақтар, пайеткамен, тоқыма баулармен сәндейді.

 4 іс- шара Сабақтың қорытындылау

(К) (П) Оқушылар өздерінің аяқталған жұмыстарын ұсынады және шарт жоспарларына сәйкес бір – біріне баға береді.

Сыныпқа өзінің орындаған жұмыстарын көрсетеді.

Үй жұмысы

  1. Рефлексия

Менің жұмысым аяқталған болып табылады ма?

Шығармашылық жұмысты орындау процесінде менің жұмысымның жетістігі неден құралады? Қандай жаңашылдық алдым?


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дифференциация тапсырмаларды талдауда, нақты оқушыдан күтетін нәтижеден, оқушыға жеке жәрдем беруде, жеке қабілеттілігін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарында (Гарднер бойынша көптеген интеллектер теориясы) байқалуы мүмкін.

Дифференциация уақытты рационалды пайдалануды ескере отырып, сабақтың әрбір кезеңінде пайдалануы мүмкін.


Сіздер оқушылар сабақтан қандай деңгейде білім алғанын бағалау үшін тәсілдерді жазу үшін осы бөлімді пайдаланатын болыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Пайдаланылатын физикалық минуттер және жұмыстың белсенді түрлері.Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік іс-шаралар Ережесінен тармақтар.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақтың мақсаты/ оқыту мақсаты шынайы болды?

ОМ барлық оқушылар білді ме?

Жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс өткізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталынды ма?

Сабақтың мақсаты мен жоспарынан қандай алшақтықтар байқалды?


Жалпы баға



Сабақтың қандай екі мәнісі жақсы өткізілді (оқыту сияқты оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсарту үшін не әсер етті (оқыту сияқты оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ бойынша мен сынып туралы немесе нақты бір оқушының қандай жетістіктері/ қиыншылықтарына көзім жетті, болашақта неге назар аударуым керек ?










































Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың:

3 А Бөлімінің


Дизайн және технология

Мектеп:

8 ЖББОМ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Қуандық Айтолқын

Сынып:

5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Құрақ тәсілімен шығармашылық жұмыстарды құру және өңдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.3.2Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым жасау

5.2.6.1Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау.


Сабақ мақсаттары

Құрақты тігу бұйымдарының өңдірісін әрі қарай жалғастыру. Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, шығармашылық жұмыстың келесі кезеңіне өту.


Жетістік кркритерийлері

1. Құралдар мен құрал - саймандармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

2. Оқушылар жеке жұмысын құрған кезде керекті барлық дағдылардың жоғарғы деңгейін, өзіңдік жұмыс жасағандығын, сенімін көрсетеді.

3. Тәжірибе жазбаларын жасайды : бейнесуреттер, түсініктемелер, аннотациялар, қорытынды және нәтиже.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Талшықтар мен материалдардың жіктілігін, тоқыма материалдарының құрамын, жай мата тоқитын өрімдерін білу және суреттеуді істей алады.

Оқушылар:

Табиғи және химиялық тоқыма талшықтарын суреттеуді;

аңықтау және талқылау ; жіп негіздерінің бағытын білу, сыртқы сипаттары бойынша және сипап білу арқылы мата мен талшықтарды аңықтау және салыстыру, түсініктемелер беруді істей алады.

Маталар қасиеттерінің кестелерін презентациялау.

Пәндік лексика және терминология

Диалог және хаттар үшін пайдалы фразалар топтамасы

тоқыма материалдары, талшық, табиғи және химиялық талшықтар, мақта, зығыр, жүн, жібек, вискоза, мата, тоқымашылық, негізгі, үлестік және арқаулы жіп, кескілеу, тоқыма өрімдері, қасиеттер, оң және ішкі жақтары.

Маған мына маталар белігілі …

Мен маталарды … осыдан дайындайды деп ойлаймын

Мен мынандай …. талшықтар түрлерін білемін

Мата …. жіптерден құралады.

Бұл жағдайда арқаулық жіп/ негіздері….

Схемасы Схема Scheme
Сурет Рисунок Drawing
Текстура Текстура Texture

Құндылықтарды дарыту

  1. Қазақ халқының қолөнер кәсіпкерлерінің шығармашылығы арқылы ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерін құрметтеу.

  2. Өзінің және басқалардың жұмыстарына қатысты басқалардың пікірлерін тындай білу және дұрыс қабылдау.

  3. Балаларды жұпта жұмыс істеуді тәрбиелеу.

  4. Эстетикалық қажеттілікті дамыту.

ЖаҺандық азаматтыққа тәрбиелеу

Құрақ өнеріндегі әлемде белгілі азаматтардың шығармашылығын қарастыра отырып, алған білімдеріне негізделе өз жұмыстарында қолдану.

АКТ қолдану дағдылары

Өз жобаны құрастыру үшін ғаламторда ақпаратты іздеу.

Түп нұсқалық оқыту

Қол өнершілердің және әрлеушілердің шығармашылығын зерттеп, ол түпнұсқалық өнеге болып табылатын жұмыстарына талдау жасап, өз қабілеттіліктерін және дағдыларды қолдану мен дамыту


Пән аралық байланыстар

Бейнелеу өнері мен технология пәні бойынша теориялық білімдерді қолдану


Пән аралық байланыстар

Оқушылар әрлеушілік шығармашылық жұмыстарын құру спецификасын ескере отырып, құрақ матасынан кесінділерді орындады.


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұсытар

Қорлар

1 жұп

басталуы 5 минут

  1. (Д) Мұғалім оқушыларға оқу мақсаттарын және бірлесіп сабақ мақсаттарын аңықтауды ұсынады.

  2. Сабақ жұмысымен және жетістіктің өлшемімен танысу.

  3. Сабаққа дайындығын тексеру

Жұмыс үлгілері.

Құралдар мен материалдар. Осы техникада бұйымдарды орындау үшін тігін машинасы үшін қандай құралдар керек.

- орташа өлшемдегі инелер; жіптерді кесу және киім пішу үшін екі дана қайшы; сантиметрлі лента немесе өлшегіш; шаблондарды орындау үшін картондар; әр түрлі түстегі мақта- мата жіптері; матасыз материалдар (синдепон, ватин, флизелин); тігіншілер боры; түйреуіштер; тігін машина; үтік; үтік тақтасы; үтіктелген ник;

- маталар: кішкентай суреттермен (ситец, сатин, лен) мақта- маталы қажет . Маталар бір- бірінен түстер, сурет, қалыңдығы, фактура тығыздығына қарай айырмашығы болуы мүмкін. Скетчбук.

http://www.rukodelie.ru Тігуді жақсы көретіндер үшін


http://masterica.narod.ru/index.htm - "Мастерица".


«Құрақ көрпе» Компаниясы қазақ халқының салт- дәстірәне қарай сәнді киімдер мен интерьер заттарын өндіреді

ttp://www.voxpopuli.kz/main/ra-krpe-nacionalnye-tradicii-sovremennyy-podhod-12331.html

  1. жұп

5 минут













5 минут













5 минут





60 минут

(К) Оқушылар үш тілде ұсынған сөздерге олардың сөз тіркестеріне қарай сұрыптайды. .

Схемасы Схема Scheme
Сурет Рисунок Drawing
Текстура Текстура Texture

(К) Мұғалім: Қазір біздер соңғы сабақта істеген жұмыстарымызға қайтадан оралайық.

1 іс-әрекет (И) (К) (П) Мұғалім толық жоспарға назар аударуды ұсынады

Сұрақ: осы сабақта не орындауымыз керек? Ол үшін бізге не керек?

(П) Оқушылар бұйымды жасау үшін кесінділерді, сонымен қатар, керекті материалдар мен құралдарды келесі кезеңге дайындайды.

2 іс- әрекет: Тігін құрал - саймандарымен, құралдар мен материалдармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік іс- шаралары бойынша ережелерді қайталау.

Мұғалім: Қол жұмыстары мен тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде негізгі ережелерді есте сақтау өте маңызды. Ал, енді негізгі қауіпсіздік ережелерін қайталап өтейік.

(И)(Мұғалім ине, түйреуіш, жіптер, қайшылар, тігін машинасы, үтік бейнеленген суреттері бар карточкаларды көрсетеді, ал, оқушылар ҚЕ әрбір карточка бойынша сұрақтарға жауап береді.

3 іс- әрекет (П) (Ф) Мұғалімнің жетекшілігімен тәжірибе

Оқушылардың практикалық жұмысы кезінде мұғалім нұсқау жүргізеді, сынып жағдайын бақылайды, оқушыларды жұмыстың жақсаруы бойынша жұмыстарды іс- әрекет жоспарын сақтау жобасының бұрын жасалынған әрлендіру модельдеріне сәйкес жоспар бойынша орындайды.

Нұсқау жүргізеді:

  • Дайын болған топтамалардың бір- бірімен қосылу тәсілдерін дұрыс орындауын қадағалайды;

  • Тәжірибе жұмыстарын орындаған кезде мүмкін болатын қиыншылықтар туралы ескертеді.

  • Жұмыстың көлемі мен сапасын бақылайды.

  • Қауіпсіздік іс- шараларын сақтауды бақылайды;

  • Оқушы қиыншықтарған тап болғанда көмек көрсетеді.

  • Алдыңда болған кезеңдегідей, дәл сол тәсілмен сіз таңдаған нұсқауға сәйкес үшбұрыштар немесе басқа пішіндерден барлық жоспарланған «ою- өрнек» құрастыру

  • Жинаған «суретті» үтіктеп, сыртқы беті мүлтіксіз болуы керек.

Тәжірибені (мысалы: күнделікке, топтамаға немесе тіркеу журналына) жазуға мынадай жазбалар кіреді:

• бейнесуреттер

• жол- жобалар

• аңдатпалар

• түсініктемелер

• мәселелерді қалай шешті

  1. іс- әрекет (К) (П)

Сабақтың қорытындылары

Оқушылар өз жұмыстарын көрсетеді және бұйымдарды әрі қалай жақсартуға болатыны туралы ұсыныстар алады.

Сыныпқа өз жұмыстарын көрсету.

Үй жұмысы:

1. Алған білімді іске асыруды әрі қарай жалғастыру үшін практикалық жұмысты орындау үшін керек материалды әкелу.

Үй жұмысы

  1. Рефлексия

Мен не істедім, әрі қарай нені жетілдіруге болады?

- тағы да не істеуіміз керек…?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мұғалім тәжірибе жұмысын орындаған кезде оқушыларды қадағалап отырады, керек кезінде қосымша немесе қайтадан түсіндіреді,

көрсетеді, көмектеседі.

Бұл бөлімді сабақ кезінде оқушылар нені үйренгенін бағалау үшін қолданылатын тәсілдер туралы жазылымдар жасау үшін қолданыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Пайдаланылатын физикалық минуттер және жұмыстың белсенді түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік Ережелерінен қоладанылатын тармақтар.

Рефлексия по уроку

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты/ оқыту мақсаты шынайы болды?

ОМ барлық оқушылар білді ме?

Жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциациясы дұрыс өткізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталынды ма?

Сабақтың мақсаты мен жоспарынан қандай алшақтықтар байқалды?


Жалпы баға


Сабақтың қандай екі мәнісі жақсы өткізілді (оқыту сияқты оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсарту үшін не әсер етті (оқыту сияқты оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ бойынша мен сынып туралы немесе нақты бір оқушының қандай жетістіктері/ қиыншылықтарына көзім жетті, болашақта неге назар аударуым керек ?









































Сабақ жоспары



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы:

Түстермен фактурасы әр түрлі тоқыма материалдарын зерттеу



Осысабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)


Сабақ мақсаттары

Эсикз салу, тәжірибелік тапсырманы орындау үшін материалдарды таңдау.

Бағалау критерийлері

Батиктің еркін техникасымен танысты.

Эскизін скетчбукке салды.

Материалдарды таңдады.

Тілдік мақсаттар


Сабақта қолданылатын пәндік терминдер:

Еркін батик, рамка.

Еркін батик техникасы акварельмен сулы қағазға салу техникасына ұқсайды. Себебі,...


Құндылықтарды

дарыту

Өзге елдердің сәндік-қолданбалы өнерімен танысып, өзгелердің өнерін сыйлауға үйренеді.


Пәнаралық байланыс

Математика, география, өнер пәндеріндегі теориялық және тәжірибелік дағдыларын пайдалану.

АКТ қолдану

дағдылары

Ноутбук, принтер және т.б.

Бастапқы білім

Өнер. Тарих. Әдебиет. География.







Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұ = ұжымдық жұмыс

Сабақ мақсаттары мен жетістік критерийлері айтылады.


Презентация РР 1,2,3 слайд.



5 мин.





































8 мин.





















20 мин


Ұ = ұжымдық жұмыс:

Еркін батик техникасында берілген бейнематериалды тамашалаңыз. Бейнематериалды тамашалаудың критерийлері:

Еркін батик техникасында қандай материалдар қолданылады?

Қандай ерекшеліктері бар?

Скетчбукке жазып отыру.

ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ: Оқушылардың ішінде еркін техникада емес, резервтің көмегімен суық батик жасаймын дегендерге суық батиктің техникасын көрсетуге болады.

Ұ = ұжымдық жұмыс:

Еркін батик пен суық батик техникасымен танысып шығады. Олардың қандай ерекшеліктері бар. Ауызша талдау қажет. Екі техникада салынған картиналарды өзара салыстырып, оқушылар қандай техникада тәжірибелік тапсырма орындайтындықтарын анықтау қажет.

Т= топтық жұмыс: Топта еркін батик техникасында кішігірім тәжірибелік тапсырма орындауға болады.

Тәжірибелік тапсырма.
Еркін батик техникасында кішігірім жұмыс орында.

Тапсырманы орындаудың критерийлері:

А4 форматындағы матаны рамкаға бекіт.

Гүл сал(көшірме жасауға болады).

Гүлдің бейнесін жасау үшін қандай түстерді қолданасың?

Түстерді қалай үйлестіруге болады?

Жұмысыңды таныстыр.

Ө=өздік жұмыс:

Эскиз сал.

Эскизді орындаудың критерийлері:

Скетчбукке орында.

Түрлі түсті етіп сал.


Бейнефильм: Ирисы(1 мин).

Рисуем маки(4 мин)

















Презентация РР. 4-9 слайд











Бейнефильм: Ирисы(1 мин)







Мақта-мата, подкладочный шелк, акварель бояулары, батик бояулары, қылқалам.














Сабақтың соңы

5 мин.

Келесі сабаққа тапсырманы орындау үшін қажетті материалдардың тізімін жаз.


Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғарықандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

(смайликтер, тағыбасқа)


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушылардың әрбіреуі жеке жұмыс істейді. ЖАДА методикасын қолдануға болады.

Галереяға саяхат

Сурет салу барысында, бояуды киіміне, бояуды үстелге ағызып алмауға тырысу қажет. Және жұмыс үстелін жинап кетуді. Қайшы, канцеляр пышағын ұқыпты қолдану.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға





Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



1:.



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



1:





2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




















.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
КСП "Бисермен жұмыс істеу техникасы"

Автор: Ахметова Асягуль Жумабековна

Дата: 14.02.2019

Номер свидетельства: 499776


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства