kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока технологии,для урока."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптардағы еңбек пәнінен өткізген сабақ жоспарым

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока технологии,для урока."»

Пәннің аты

Уақыты:26.01.2018ж

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ұлттық киімдермен танысу. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері

Мақсаты





Білімділік: Оқушыларды  қазақ  халқының ұлттық киім үлгілерімен, түрлерімен таныстыру… 
Дамытушылық: Киім түрлерімен таныстырып, әсемдік талғамын, қызығушылықтарын арттыру. 
Тәрбиелік: Дәстүрді насихаттау, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар  қазақ  халқының ұлттық киім үлгілерімен, түрлерімен танысады… 
Киім түрлерімен танысып, әсемдік талғамын, қызығушылықтарын арттырады. 
Дәстүрді насихаттап, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиеленеді.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш

Сынып іші тып – тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ шешкізу:

1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. /киім/
2. Дорбаға тығып бас жағын,
Байлай салдым бас жағын. /тымақ/
3. Іші егіс, сырты тегіс. /тон/
4. Аузы бір құбыр. /шалбар/
5. Дөңгелек өзі, төртеу көзі,
Ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан. /түйме/
6. Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге. /сәукеле/

Жаңа сабақ

Бейне баян көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу.

1. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Қазақтың ұлттық киімдеріне
1 - Үкілі тақия
2 - Көйлек
3 - Қамзол
4 - Етік
5 - Кебіс
6 - Тымақ
7 - Шапан


Ер адамдардың сырт киімдерінің бірі - шапан. Ол ою - өрнегі және кестесімен, басқа халыққа ұқсамайтын киім үлгісімен ерекшеленеді. Ұлттық киімдер зермен көмкерілген ою-өрнектер, бағалы тастармен әшекейленеді Зер – сән бұйымдарын жасауға пайдаланатын әдемі, сары түсті жіп.
Ер адамдар тақия, бөрік, тымақ, қалпақ киген. Тымақ пен бөрікті сеңсеңнен, аң терілірінен жасап, барқыт қылсым, атласпен тыстайды. Тышоң бөріктердің бірнеше түрі бар. Тымақ – Қазақстанның солтүстік аймақтарында қыс өте суық болғандықтан, шопандар мен жылқышылар үшін таптырмайтын бас киім. Ал жаздың ыстық күндерінде тақия киген дұрыс. Ерлер киетін тақиялар «Қошқармүйіз», «шырмауық» өрнектерімен кестеленеді.


Оқушыларды топқа бөлу:

1 топ: Әйел адам киімдері

2 топ: Ер адамдар киімдері

3 топ: Аяқ киімдер

Сергіту сәті

Музыкалық әуенмен қимыл – қозғалыс жаттығуларын жасату.

Тапсырмалар



Қауіпсіздік ережесі:

                   1. Қайшыны ашық тастама.

                   2. Үшкір жағын адамға ұсынба.

                   3. Қағазды үнемде.

                   4. Таза, ұқыпты жұмыс жаса.

                   5. Жұмысыңды болған соң, үстел үстін жина.

         Оқушылар жұмысын жасайды. 

Берілген шаблон бойынша түрлі – түсті қағаздан киім үлгілерін жасау және оны тақтада құрастырып көрме ұйымдастыру.

1 топ: Әйел адамдар киімін жасау

2 топ: Ер адамдар киімін жасау

3 топ: Аяқ киімдер жасау

Қосымша ақпарат























































Қорытынды

Әр халықтың өз ырымдары, өз ерекшеліктері сонымен бірге өз ұлттық киімдері де болады. Қазақ халқының киімдері жас шамасына қарай ерекшеленген. Жастар киімі ою-  өрнекті , қызыл –жасылды болса, үлкендер киімінде өрнектер болады.

Киім- кешек үшін негізінен малдың жүні мен терісі пайдаланылады. Сонымен бірге сән- салтанатқа арнап ерекше құнды материалдан тіктіретін болған. Қазақтың киім-кешектеріне: тақия, бөрік сәукеле, шапан, тон, камзол, бешпент, бүрмелі көйлек, етік т.б жатады.

Камзол-ұлттық киімнің бір түрі. Камзолды көбіне аналар, әжелер қыз балалар киген. Камзолдың белі қыналып жасалған жеңі шолақ, жеңсіз де болады. Камзолдың етегі кең болады.

Бешпент – жеңілдеу тігілген киюге ыңғайлы, көйлектің сыртынан киетін киім. Бешпент негізінен қысқа болып келеді. Бешпентті ұлдарға киюге болады.

         Сырт киімдер: шапан, тон, тұлып, тымақ, етік, саптама етік.

         Сулық киім: шекпен.

         Бір киер: той думанда киетін қымбат материалдан сәнді етіп тігілген        киімдер.

         Ішкі киімдер: көйлек, қамзол, кәзекей.

         Қазақ халқы бас киімді аса қадірлейтін болған. Бұл баскиімдер екіге бөлінеді: Ер адамдарға, әйел адамдарға арналған.

         Ер адамдарға: тақия, бөрік, тымақ, қалпақ.

         Әйел адамдарға: тақия, сәукеле, бөрік, орамал, кимешек.

         Сәукеле ең сәнді, күрделі баскиім. Сәукеле- қалыңдықтың бас киімі. Оны той өткенше киетін болған. Сәукеленің төбесін асыл тастармен, алтын, күміспен әшекейлейтін болған.

         Тымақ пен бөрікті аң терісінен, сеңсеңнен жасап, барқыт пен атласпен тыстаған. 

Қазақ халқынын ұлттық киімдерінің көп ғасырлық тарихы бар. Ұлттық киімдер- эстетикалык мәні жағынан да маңызды дайындалған

¥лттық киім-бай тарихи , мәдени мұра, Қазақтың ұлттык киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Аяқ киімдер таза теріден сәндеп, ою жапсырылып жасалады. Және сәндеу үшін күмістен тағы басқа да асыл тастармен әсемделген. Аяқ киімдер ерлерге арналған саптама етіктер, мәсі мен кебіс және жас ерекшеліктеріне қарай сәнді оюлы етіктер болып бөлінеді. Мәсі –өкшесіз. Жұмсақ аяққа жеңіл киілетін қонышты аяқ киім.

Кебіс—көбінесе былғарыдан тігіліп, қалыпқа қатырылған қонышсыз аяқ киім.

Қазақта, әсіресе бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса кұрметті қонаққа ат мінгізіп шапан жауып, борік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады.

Тымақ- қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы түлкі тымақ.Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлк терісі тігіледі де,сырты мақпалмен, пүлішпен не басқа маталармен сырылып тысталады. 

Тақия -қазақта тақияның түрі көп.Соның ішінде аса сәндісі,көркем бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия.Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үкі тағылатын жеңіл бас киім.Айнала жиегіне ою салынып түрлі асыл тастармен комкеріледі. Тақияны барлық адамдарға жас ерекшелігіне қарай

Бөрік-жеткіншектерден бастап,ересек адамдарға дейін киетін бас киім.Ол етегін айналдыра қымбат тері күсіліп, доңгеленген пошымда,тігіледі.Пошымына қарай үкілі, камшат деп бөлінеді.

Сонымен, балалар бүгінгі сабақты қорытындылаймыз. Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігі қандай? (ою-өрнекпен, асыл тастармен, моншақтармен әшекейленеді, қымбат маталардан, аңдар терісінен тігіледі.

Үйге тапсырма

Тақырыпқа байланысты шағын эссе жазып келу.


Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект урока технологии,для урока."

Автор: Күйкіш Рысгул Жасұланқызы

Дата: 21.05.2018

Номер свидетельства: 470390


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства