kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Фотосуретші қолындағы микроскоп

Нажмите, чтобы узнать подробности

фотосуреші қолындағы микроскоп туралы жалпылама түсінік беру 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Фотосуретші қолындағы микроскоп»

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары



1 – Бөлім. Визуалды өнер

Мектеп: "Қайназар №1 орта мектеп"

Күні: 06-12.09.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мұрат Ж.Н.

Сынып: 7 а, ә, б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Өнердегі заманауи техникамен ғылыми жетістіктер. Табиғаттағы микро суреттер.




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Қоршаған орта элементтерінің визуалды сипаттамасын (композиция, түс, пішін, фактура, пропорция) өзінше түсіндіру

Күрделі шығармашылық идеялары мен сезімдерін білдіру үшін, өнер құралдары мен әртүрлі техникада таңдалған қасиеттері мен тәсілдерін визуалды элементтерді таңдау және негізделген түрде анықтау

Сабақ мақсаттары

  • Табиғаттағы микро суреттердің бейнесі қалай құрылып, неге микро суреттерге тиесілі екенін біледі, түсінеді және анықтайды.

  • Сандық бейнелеу, сандық микроскоп арқылы жасалған суреттермен зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Жетістік кр кретерийлері

  • Білу

Микро әлемнің не екенін біледі.

Микро әлемнің композициялық пішінін және симметриялық бейнесін анықтай біледі.

  • Түсіну

Микро әлем бейнесіне жүргізілген өмірмен байланысты мысалды түсінеді.

  • Қолдану

Әрі қарай жалғастыру үшін өз бетінше композициялық ою-орнектерді қолданады.

  • Талдау

Көптеген микро әлем суреттердің ішінен өз үлгілерін құру үшін бір суретті талдайды.

  • Синтездеу

Ғылым және өнер арасындағы байланысты табу.

  • Бағалау

Өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалау.

Тілдік мақсаттар



Микромир

Micro world

Микро әлем

Композиция

Composition

Композиция

•Мен ... орындау үшін ... қолдандым.

• Микроскоппен қарау арқылы мен … байқадым.

• Мен … көмегімен сызық орындауға тырыстым.

• Суретін салу барысында … материалдар мен … техникаларын қолдандым.

• Бұл инсталляцияда … образын трансформациялау арқылы алдым.

• Нобай, пішін, құрам, ритм, сызықтық, динамика, фактура, сынық, қатты, жұмсақ, сыртқы сызық, нобай, қалам, монохром, инсталляция, пластика.

• Өнердегі заманауи бағыттар:кубисттер – нұсқаны деформациялау, футуристтер – динамизм мен қозғалыс, орфисттер – түстерді үйлестірудегі үйлесімділік, пуристтер – машиналық эстетика, оп–арт, поп–арт.


Құндылықтарды дамыту





Оқушылар микроскоптың көмегімен түрлі жасуша құрылымдарының және өсімдік материалының бірқатар бейнелерін зерттейді.

Пәнаралық байланыстар

Микроәлемді зерттеу үшін, биология пәнімен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

Презентациялар, жобалар мен зерттеулер жасау үшін интернет-ресурстарын пайдаланады;

АКТны қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

Белсенді оқыту тәсілдерін қалыптастыру үшін интерактивті тақтаны пайдалану.

Бастапқы білім



Оқушылар пейзаж, натюрморт, портрет, мүсін, композиция негіздері, кескіндеме және графика туындылары туралы біледі. Көлемді-кеңістікті композиция, пішін құру, елестету арқылы және нұсқаға қарап, адам денесінің тепе-теңдік пен қимыл-қозғалысын көрсету дағдылары бар.Кескіндеме, графика және мүсін техникалары мен материалдарын игерген.аудиторияға өз жұмыстарын ұсыну бойынша тәжірибелері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы














Ұйымдастыру уақыты, сыныптағы атмосфераның құру.

Сабақтың тақырыбы: Өнердегі заманауи техникамен ғылыми жетістіктер. Табиғаттағы микро суреттер.

Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы микро суреттердің бейнесі қалай құрылып, неге микро суреттерге тиесілі екенін біледі, түсінеді және анықтайды.

Бұл сабақта мұғалім слайдтар мен бейнетаспалар көмегімен өнердің заманауи жетістіктерін, сурет салудың ерекше түрлері мен техникаларын (SandArt, StreetPainting, «Эбру» техникасы, светографика, микроскопиялық фотосуретттер) көрсетеді

Мұғалім түрлі бағыттар, материалдар мен тәсілдермен орындалған кескіндеме, графика, мүсін өнері туындыларының ерекшеліктеріне, оның ішінде, заманауи бағыттағы өнер түріне басты назар аударады.

Мұғалім оқушыларға өз пікірлерін айтып, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

  1. Қандай өнер туындылары сіздерге түсінікті болды?

  2. Қандай жұмыстар сіздерді қызықтырды?

  3. Қандай жұмыстар сіздерде түрлі көңіл-күй (шаттық, түсініспеушлік, таң қалушылық, ашу ыза) тудырды?

  4. Заманауи өнерде олар бір-бірінен қалай ажыратылады?

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар.



Интерактивті тақтаны пайдалану.










Ксения Симонова туындылары (құм анимациясы)

Дария Пушанкина (су бетіндегі суреттер)


Курт Венер,


Джулиан Бивер жұмыстары (асфальттағы үш өлшемді суреттер)


Михаил Ларионов (светографика)


Сабақтың ортасы
































1.Тапсырма:

Оқушылар топқа бөлініп, авторлардың жұмыстарын қарастырады:


1.Роберт Гук,

2.Антонина ван Левенгук,

3.Роб Кесселер

4.Михаила Ларионова

Ол бейнелерде оқушылар Роб Кесселердің жұмыстарына ұқсас бірқатар клеткалар мен өсімдіктердің үлкейтілген құрылысын көріп, оларды салыстыра алуы керек.


Оқушыларға сұрақ қою:

Микросуреттерді қалай түсінесіздер?

Өмірде көзге көрінбейтін заттарды мысалға келтіріңіздер?

Микроскоппен көретін суреттердің көрінісі қандай болады?

Қандай пәндер микроәлем туралы қарастырады?

Сіздер қалай ойлайсыздар, осы суреттерді өнер туындыларына жатқыза аламыз ба?


2.Тапсырма:

Оқушыларға микроскоппен кепкен жапырақтар, жәндіктер мен т.б. көреді және оларды бір-бірімен салыстырып, ұнағанын нобай ретінде сурет альбомдарына салады.

Оқушылар тәжірибелік жұмысты түрлі тәсілдермен орындайды.










Роб Кесселер (микроскопиялық фотосуреттер)


Роберт Гук

Энциклопедия Антони ван Левенгук

Антони Ван Левенгук открыл биология вклад микроскоп




Василий Кандинский







Сабақтың соңы



Оқушылар өз жұмыстарынан шағын көрме жасайды, оларды шабытандырған идеялармен бөлісіп, талқылайды.

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.















Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



А деңгейлі оқушылар сурет салу кезінде дизайн элементтері, пішіні, түсі, материалы, жарық пен көлеңке түрін пайдалана отырып, өздері көргісі келетін кез келген бейнемен идеяны / өсімдіктер, фантастикалық жануарлар мен жәндіктерді бейнелейді.

В деңгейлі оқушылар микро суреттер, өсімдік жасушаларын біледі,микроскоппен қараған көріністі салады.

С деңгейлі оқушылар микро суреттерді орындау үшін материалмен техниканы өз бетінше таңдайды.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

1. Мұғалім нұсқауы бойынша ғана барлық әрекетті орындаңыз.

2. Жұмыс кезінде кенеттен кез келген қозғалыстар жасамаңыз.

3. Пән бойынша жұмыс орнында нұсқауларды орындаңыз.

4. Сабаққа қажетті бояулар мен материалдарды, абайлап қолданыңыз.

5. Мұғалімнің рұқсатынсыз жұмыс орнын қалдырмаңыз.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Фотосуретші қолындағы микроскоп

Автор: Мұрат Жұлдыз Нұрланқызы

Дата: 29.10.2017

Номер свидетельства: 435265


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства