Просмотр содержимого документа
«Костюмді дайындау және пішу»
Модуль өо9матаны дайындау, пішу және жеке өлшем бойынша бұйымдарды дайындау
Тақырып 9.7 Костюмді дайындау және пішу
Тақырыпша 9.7.1 костюмді дайындау кезінде ТҚ ережесін сақтау. Фасон таңдау. Өлщем алу, есептеу және конструкциялық сызбасын құру
Өндірістік оқыту шебері: Жамбылқызы Анар
2 бағам топтың № МК 18-7
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
Оқыту-кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Фасонды таңдау. Өлшемдерді алу, конструкциялық сызбасын есептеу және сызу, матаның оң терісін бетін анықтау.
Дамытушылық
Жауапкершілігін арттыру, ой-өрісін дамыту. Дұрыс шешімін қабылдау нәтижесіне баулу.
Костюмдік жиынтығын құрайтын жакет, әйел адам үшін басты киім болып табылады
Костюмның ерекшеліктері
Жакет астарлы және астарсыз болады. Оның стилінде силуэті де әртүрлі. Алдыңғы бойында қолтықтан, иықтан, бүйір қиындықтарынан түскен бедерлер, бел, иық, кеуде бүкпесіне, қатпалардан, иініштерден тұруы мүмкін. Етек жағына моделге қарай қиықты-жарма орналасуы да болады. Жеңдер әртүрлі-қондырма, реглан, жартылай реглан, реглан-пагон,тұтас пішілген, аралас жеңдер болады. Жағасы да моделіне байланысты: қайырма, тік, апаша, ағылшын, хомут жағалар болса кейде өңір жиегімен алмасады, ал жағасыз болса әрлеуші матамен жиектейді немесе әдептейді. Мойын ойындысы формасы-дөңгелектеген, үшбұрыштанған, төртбұрышты болуы мүмкін.
Өлшем алу
Барлық үлгілер өлшемдерін 3 топқа ажыратуға болады:
1. Айналым (мойын, иық, білек, кеуде, бел, бөксе)
2. Еңдері (артқы бой, кеуде, иық)
3. Ұзындықтары (белге, қолға дейінгі)
Өлшем алу тәртібі мен реттілігі: Өлшемді арнайы сантиметрлік таспамен түсіреді. Өлшер кезде таспа тығыз немесе бос болмауы керек. Ұзындықтың өлшемін толық жазады. Өйткені сызба тұлғаның жартысына ғана орындалады.
Өлшем алу ережелері
Өлшем алу үшін адам еркін әрі қимыл-тұрысын өзгертпей тұруы керек.
Бел сызығына жіп(рәзіңке) байланып, ол қатаң көлденең орналасуы қажет.
Өлшемді адамның оң жағында тұрып алдымен алдыңғы жағынан, одан кейін артқы жағынан өлшейді.
1 өлшем ом, одан әрі өлшеуіш сантиметрлік таспаны, қолтық астына ауыстырады да, арқадағы таспаның жағдайын өзгертпейді.
Шартты белгі, өлшем аты, өлшеу тәсілдері
Киімді конструкциялау
-суреттер
-қосымшалар
-есептеу формуласы
-сызбалар
Киімді конструкциялау процесінде қосымшаларды қолданамыз
Қосымша дегеніміз – еркін қимыл-қозғалыс және ауа қабатын жасау үшін қосылатын керекті шама.