kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көркем еңбек. Әуе перспективасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

мұғалімдерге арналған көмекші құрал сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көркем еңбек. Әуе перспективасы»

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

келмегендер

Сабақтың тақырыбы:

Әуе перспективасы.


Осы сабақта қойылатын оқу мақсаттары




5.1.1.1

Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

Сабақ мақсаты



Білу және түсіну

  • Перспектива заңдылығымен танысу

  • Ауа перспективаның басты ережелерімен танысу

Зерттеу

  • Табиғатты бейнелейтін суретшілердің жұмыстарымен таныстыру

Сыни ойлау

  • Сәндік материалдар мен орындау техникасын дамыту

  • Ауа перспектива заңдылығымен табиғат бейнелеуді үйрету

Білімін қолдану

  • Сұрақтарға дұрыс жауап беру

  • Шығармашылық жұмысты орындау

Жетістік критерийі

  • Перспектива заңдылығымен танысады

  • Ауа перспективаның басты ережелерімен танысады

  • Табиғатты бейнелейтін суретшілердің жұмыстарымен танысады

  • Сәндік материалдар мен орындау техникасын дамытады

  • Табиғат бейнелеуде ауа перспектива заңдылығын сақтайды

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді

  • Шығармашылық жұмысты орындайды


Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология:

Перспектива, ауа перспективасы, дымқыл техникасы

Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы:

  • Ауа перспективаның ережесі...

  • Леонардо да Винчидың жұмысын қарастырғанда...


Дағдыландыру құндылықтарды

Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.

Оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату.

Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.

Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Алдыңғы білімдері

Өнер, тарих,

ИКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны суретшілердің жұмыстарын зерттеу үшін қолдану.


Жоспар

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс әрекет

Ресурстар




Сабақтың басталуы

(3 минут)









(5 минут)

Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылардың зейінін шоғырландыру

(МК), (Ұ) «Миға шабуыл» оқушылардың назарын аудару,монитордағы суреттер арқылы сабақ тақырыбын ашу.

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтау

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу Жетістік критерий мен дискрипторлады ашу.



(Т) Топқа бөлу. «Адасқан сөздер» әдісі арқылы: Кескіндеме, графика, мүсін өнері, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер ережелерін ің дұрыстығын анықтау.

(Ж) (Қ) Оқушыларға роликтерді қарап шығып, өз түсініктерін айтуды ұсыну. Қазақстандағы пейзаж жанрының қандай ерекшеліктерін білесіздер?

Табиғаттың түрлі (орман, шабындық,теңіз, таулар, шөл дала, және т.б.) көріністері бейнелеген көшірме жұмыстар дайындап оқушылар көзқарасын байыту, сонымен бірге табиғаттың түрлі өзгерістерін (бұлтты, жаңбырлы, тұманды, таң, кеш) оқушыларға берілген картиналарды талдап, сұрақтарға жауап беруді ұсынып, орындату.

Көшірмелердегі ауа кеңістігіндегі көкжиек сызығын визуалды әдістерінің ерекшеліктерін талдау.

Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, сұрақтарға жауап береді.

Бұл картинада жалпы не бейнеленген?

Бұл картинада табиғаттың қандай күйі бейнеленеген?

Табиғаттың күйін қалай анықтай алдыңыз?

Алдағы бейнелеу жоспарын қандай түстер арқылы табамыз?

Алдыңғы жоспардағы заттарды бейнелеудің ерекшеліктері неде?

Жұмыстың қандай материалдармен орындалғанын айқындау.



Қазақстанның табиғаты бейнеленген картиналар / Nature of Kazakhstan









Бағалау критерийлері:

Мағынасына қарай сөйлемдерді біріктіреді

Сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікірін білдіреді



Сабақтың ортасы

(5 минут)


















(22 минут)

Жаңа білім беру:

(МК) Ауа перспективасын бейнелеу жарық пен түстік қатынастарға негізделген. Ауа перспективасын сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп,еніп бара жатқан көз жетпес қиырды,ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды.Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады. Заттар қашықтаған сайын бояу түстері мен реңктерінің өзгеруінде кеңістік перспективасы үлкен рөл атқарады. Ауа-райы , жыл мезгілдері,тәуліктік сағаттық уақыт, жарықтың түсуі, сонымен қатар ауадағы булану ,шаң және түтіннің болуы да заттардың әр түрлі көрінуіне әсер етеді. Бейнелеу өнерінде алдыңғы план, ортаңғы план және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді,олардың жарық-көлеңкесімен болуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады.Екінші планда мұның бәрі барынша жұмсарады,ал үшінші планда ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді. Сурет салуды былай үш планға бөлу шартты түрде алынған.



Ауа перспективасын бірінші болып байқап, өз шығармаларында бейнелеген Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчи /15 ғ./ Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар,

1 заңдылық - жақын тұрған заттарды нақтылап,алыстағыны жалпылама бейнелейміз,

2 заңдылық - жақын тұрған заттардың контур сызығы қаттырақ басылады,алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланады,

3 заңдылық – алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып , қара түсті заттар бозарып көрінеді.

4 заңдылық – жақын тұрған заттар /контрастты/көлемдірек,алыс заттар жазық болып көрінеді,

5 заңдылық – алыстаған сайын заттар ауа түтінімен бүркемеленіп,сұрқай болып көрінеді.

Тапсырма:

(Ж) (Ө) (Қ) Оқушыларға өз пейзаждарын табиғаттың кез келген күйін пайдалану арқылы алдыңғы сабақтардан алған білімдері негізінде орындауын тапсыру. Оқушылар сарамандық жұмысты орындау кезінде сәндік материалдар мен орындау техникасын таңдайды.

Оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады.

Оқушылар көрген жұмыстарынан алған әсерлерінен өздеріне ұнаған табиғатты бейнелеуді жүзеге асырады.

Жұмыс барысында мұғалім жеке бастың гигиенасына, қауіпсіздік ережелеріне, материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін сақтауды басты назарға алады

Оқушылар өздерінің қорытынды жұмыстарын жариялап, көрсетеді.

 Дескриптор:

  • Пейзаж сөзін тауып, орыс, ағылшын тіліне аударады

  • «Ойлан, бөліс» ойынының шартын орындайды

  • өз пейзаждарын табиғаттың кез келген күйін пайдалану арқылы бейнелей алады



Суретшілер жұмыстарының көшірмелері






Сабақтың соңында

(5 минут)

Сұрақ-жауап:

Табиғаттың не үшін дәл осы күйін бейнеледіңіз?

Пейзаждағы табиғатты сипаттап беріңіз?

Сіздер сәндік материалдарды қалай қолдандыңыздар?

Кеңістікті қалай бейнеледіңіздер?

Сабақ соңында оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын талқылайды, ұсыныстар береді.

(Ө)(Қ) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.

Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын алдында көрсетілген критерийлер арқылы бағалай алады.

1.Суретшілердің жұмысын біледі.

2.Композициялық заңдылықтарын ұстанады.

3.Қағаз бетіне дұрыс орналастыра алады.


Сабақ соңында оқушылар «Тазалық» ойыны арқылы рефлексия жүргізеді.































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Көркем еңбек. Әуе перспективасы

Автор: Нарынбаева Арайлым Серікқазықызы

Дата: 19.11.2018

Номер свидетельства: 486393


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства