kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок казахский язык "Экспрессивтік-эмоционалды лексика"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Экспрессивтік-эмоционалды лексика

 Саба?ты? ма?саты: 1.?аза? тіліні? к?п стильді тіл екенін, стиль т?рлері мен оларды? ?з ерекшеліктері туралы жалпылама ма?л?мат беру.

                                      2.Та?ырып ішіндегі басты ??ндылы?тар мен тірек с?здерді та?дай отырып, ?орытынды жасау?а  ж?не жатты?у барысында ?олдана білуге  ?йрету.

                                      3. Тілді? стилдік лексикасын, лексиканы? ??ндылы?ын ме?герту.

?олданылатын ?діс- т?сілдер:  блум таксономиясы, де?гейлік тапсырмалар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок казахский язык "Экспрессивтік-эмоционалды лексика" »

Күні: 29.10.2014 жыл пәні:қазақ тілі сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Экспрессивтік-эмоционалды лексика

Сабақтың мақсаты: 1.Қазақ тілінің көп стильді тіл екенін, стиль түрлері мен олардың өз ерекшеліктері туралы жалпылама мағлұмат беру.

    2.Тақырып ішіндегі басты құндылықтар мен тірек сөздерді таңдай отырып, қорытынды жасауға және жаттығу барысында қолдана білуге үйрету.

3. Тілдің стилдік лексикасын, лексиканың құндылығын меңгерту.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: блум таксономиясы, деңгейлік тапсырмалар

Білуі:

Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі

А.  Оқулықтың 47-48беттеріндегі теориялық мәліметтерді оқушылардың өз бетінше оқуына 5 минут уақыт беріледі.

Ә.  Тақырыптан есте қалғанды айтқызу үшін, тірек сөздер жазылып, соны қатыстыра сөйлейді.

.Лексика,ұлттық тілдің тармақтары(10-беттен) туралы сілтеме сұрақтар қойылады. Мұғалім сұрақ бетшесін ұсынады, оқушылар жеке жауап береді

Түсінуі:

Мазмұндау, түсіну, сипаттама беру Тақырыптағы теориялық мәліметтерді 6 бөлімге бөліп, әр бөлімді қалай түсінгенін айтып береді: топта талқылауға 5 минут, қорғауға 1минуттан беріледі. Постер қорғауда дайын сілтеме бар.

Қолдануы:

Жаңа білімді тәжірибеде пайдаланып, болжам жасау, жүйелеуі. Тақтадағы  бейтарап тілдік тұлғаларға оның стильдік (әдеби)сәйкес тұлғасын тауып жазыңдар: әкесей, азанмен қышқырып, барың тез, неменеге тұрып қағансыңдар?Жуынып,асқа отырыңыздар. Киім-құралдарыңды жинаш. Дәптерге орындайды, ауызша дәлелдейді.

Талдауы: 

Алған білімді жіктеуі, негізгі идея мен тақырыпты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байланыстыра отырып, айқындауы. Қазақ тілі Түрік қағанатының кезінде керемет дамыған тіл болғандығын  нелер арқылы дәлелдей аламыз?

Қазақ тіліне кейінгі ғасырларда жасалған қандай қысымдарды атай аласыңдар?

Лебіз сөзіне мағыналас сөздер тауып, мәтіннің осы тұсын өз сөздеріңмен түсіндіріп беріңдер.

Стиль туралы қандай мағлұмат жинадыңдар, соны жүйелеп айтып шығыңдар.

Топ болып талдап, спикерлер ғана сөйлейді.

Жинақтауы:

Дара болжамдардан тұтас бір ұғым тудыруы А.  Бейтарап тілдік тұлғалар туралы ереже қорытындылаңдар.

Ә.  34-беттегі Экспрессивтік-эмоционалды лексика тақырыбын оқып, осы сәттегі сыныптағы жұмыс барысын және сырттағы ауа райын сипаттап жазыңдар.

Постер жасау

Бағалауы: (сынай білуі, пайымдауы) шешім қабылдауы, ой қорытындысын  жариялауы, өз бағасын беруі.

А. Дебат-әңгіме құруға:

Кейбірбейтарап  сөздерді қолдану әдеби тілді шұбарландырады;                          

керісінше, байыта түседі.

Ә. Зерттеушілік әңгіме құруға: Әдемі сөйлеу-білім мен біліктің көрінісі.

Б.   Келісімшілік әңгіме үшін: Экспрессивтік-эмоциялы сөздерді  өз орнымен қолдана білген дұрыс. Жеке оқушының пікірі тыңдалады.

Постер жасауға да, стикерлермен беруге де болады.

 Үйге берілетін тапсырма 34-жаттығу бойынша ізденушілік жұмыс жасау: мағыналас сөздерді тауып жазу.

35-жаттығуды қатесіз көшіру. Дәптерге орындайды, бірін-бірі топта тексереді. Нәтижесін жариялайды.

















































Сыныбы: 9 пәні: қазақ тілі Күні:22.10.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: Стильаралық немесе бейтарап лексика

Сабақтың мақсаты: 1. Стильаралық лексика немесе бейтарап лексика туралы

түсінік беру.

2. Көркем де шешен сөйлеуде сөздік қорымызды молайтудың

ең тиімді тәсілі немесе қайнар көзі бейтарап лексика екенін

ұқтыру.

3.Сауатты, көркем жазуға жетелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: лекция

Сабақтың көрнекілігі: көркем шығармалардан, ғылыми деректерден үзінді

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, жүйелеу, бағалау, бекіту.

ІІІ. Жаңа сабақ

Тілдегі сөздердің көпшілігінен белгілі бір стильдік бояу аңғарылады. Соған байланысты өздерінің қолданылу аясына, ерекшеліктеріне қарай бірнеше лексикалық топқа бөлінеді. Лингвистикалық әдебиеттерде лексикалық топтар саны әр түрлі қаралып жүр. Мысалы: жалпы қолданыстағы 1.тұрмыстық лексика

2. сөйлеу тілі 3.әскери 4. кітаби

5. поэтикалық 6. диалектілік 7.ресми-іс қағаздар лексикасы т. б. Сондай-ақ бұдан өзгерек, яғни әлгі аталған салаларды топтап, жинақтап беру әдісі де бар. Бұл әдіс бойынша

лексика үш салаға

бөлінеді









бөбөлінеді




  сөйлеу тілі бейтарап лексика кітаби лексика

Тілде стиль түрлерінің (ғылыми, ресми-кеңсе, публицистика-лық, көркем әдебиет) екеуінде не үшеуінде бірдей қолданылатын сөздер де немесе барлығында кездесетіндері де бар.Мысалы: Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар (М. Әуезов). Аспан әлемінен жер бетіне келіп жатқан сан миллион сәулелер, космос сәулелері деп аталатын сәулелердіц табиғаты… (Физика). Бақанастың өз өңірінде өспейді. Өзге қай жерде бар (М. Әуезов). Ауадан гөрі таза оттекте заттардың тотығу процесі күшті жүреді (Химия).Бұл үзіндіден аспан, ауа, жер, су, өзен, тау аттарының ғылыми стильде де, сондай-ақ көркем әдебиет тілінде де қолданыла беретінін көреміз. Олар өзге стильдерде де жұмсалады. Міне, мұндай сөздерді, яғни стиль түрлерінің қай-кайсысында да қолданылатын тілдік құбылыстарды бейтарап немесе стильаралық лексика деп атайды. Мұның кейбір үлгісін әр түрлі еңбектерден, ғылыми әдебиеттерден, оқулықтардан, көркем шығармадан, жоғарыдағы мысалдардан аңғаруға болады.  Бейтарап лексикаға жататын сөздер қай тілде де сан жағынан біраз бар. Оған ең алдымен жоғарыда аталған аспан, жер, су, ауа, жел, өзен, тау тәрізді табиғат құбылыстары жатады. Осы сөздер көркем әдебиет стилінде де; ғылыми, ресми-кеңсе, публицистика-лық стильде де қолданыла береді

Сондай-ақ абстракт мағыналы сөздер де бейтарап лексикаға жатады. Өйткені олар да белгілі бір ғана стильде емес, әр түрлі стильде жұмсалып отырады. Мысалға қасиет деген сөзді алып көрейік. Бұл ресми-кеңсе стилінде де, ғылыми және публицистикалық стильде де қолданылады. Дәл осындай ерекшелік анықтау деген етістіктен де аңғарылады. Ол да ресми-кеңсе және ғылыми стильдің екеуінде бірдей келе береді.

Сондай-ақ, стиль түрлерінің бәрінде емес, кейбірінде ғана қол-данылатын сөздер де бар. Мысалы, лексиканың белгілі бір тобы өзінің стильдік бояуына байланысты көбінесе сөйлеу стиліне тән болып келеді де, сонда жиірек қолданылады. Ондай сөздер сөйлеу тілі лексикасы деп аталады.

Сөйлеу тілінің лексикасы

Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында (баяндамада, лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік бояуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жат-пайды. Мысалы қай тілде де ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын,»тіпті көркем әдебиет пен публицисти-калық стильдердін, өздерінде де онша көп кездеспейтін, қайта бұ-ларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Алайда мына жағдай есте болуы керек. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылады деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы міне осы жағдайға — қолданылу аясына байланысты. Қөбіне-көп сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына тән ондай сөздерге қ а р а п а й ы м с ө з д е р, т а б у , э в ф е м и з м , д и а л е к т и з м д е р және к ә с і б и с ө з д е р жатады.

  ІV.Жаттығу жұмыстарын орындау

33-жаттығу (Тақырып бойынша шағын пікір жазу,бейтарап, кітаби лексикаларды табу, дәлелдеу)

34-жаттығу (берілген сөздердің синонимін табу, жазу)

V. Сабақты бекіту

VІ.Білімдерін, еңбектерін бағалау

VІІ.Үйге тапсырма: 36-жаттығу




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Урок казахский язык "Экспрессивтік-эмоционалды лексика"

Автор: Коспаева Нуршайым Кайыпбековна

Дата: 25.02.2015

Номер свидетельства: 178634


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства