а) Көнерген сөздер оның түрлері туралы түсінік беру. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,баяндау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелікеспе қағаздар, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін 1. Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай ?
2.Туыстық қатынасты білдіретін атауларды ата.
3.Мал атауларына қандай атаулар жатады ?
4. Табиғат құбылыстарының атаулары ?
5. Аң-құс атауларына қандай атаулар жатады ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Тілдің сөздік құрамы баяу болса да үнемі өзгеріп отырады. Себебі халықтың әлеуметтік өміріндегі : өнеркәсіптегі,ауыл шаруашылығындағы,ғылымдағы және техникадағы,өнер мен мәдениет саласындағы әркезгі даму, олардағы ертелі-кешкі жаңалықтар лексикаға да үнемі ықпалын тигізіп отырады. Осы ретте кейбір сөздің қолданылу аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі. Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығып қалуы бірден бола қоймайды.
Мысалы : би,болыс,старшын,қосын,бәйбіше,тоқал,әмеңгер,дулыға,өлара,сәукеле т.б.
Міне бұлар тілде көнерген сөздер деп аталады.Көнерген сөздер архайзм және историзм болып екіге бөлінеді.
Тіліміздегі арсы,дабыл,шың-бұлар да көне сөздер.Соңғы екеуі көбінесе эпостық шығармаларда жиі ұшырайды. Арсы-арман,тілек мағынасын білдіретінсөз.Жоғарыда аталған келе,арсы,дабыл,шың,бағы,тауарық сөзі ескілікті оқуы бар қарт адамдардың сөйлеу тілінде,көркем әдебиетте және ғылыми естеліктерде кездеседі.
Топпен жұмыс : Оқушыларға көнерген сөздер беріп,сөйлем құратқызамын.
Ояз,дулыға,пері,барымта,құн,дабыл,ілу т.б.
Білімді бекіту : 1.Көнерген сөздер дегеніміз не ?
2.Қандай көнерген сөздерді білесіңдер ?
Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлемнің құрамына өзге сөздермен байланысқа түспейтін,сондықтан сөйлем мүшесі қызмеиін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркесі болады.Бұларды оқшау сөздер дейді.
Мысалы: Өлеңім,шарла,ауылды.
Тыңда,дала,Жамбылды!
Осындағы өлеңім,дала деген сөздер – сөйлем мүшесі емес,ақынның өз сөзіне елдің көңілін аудару үшін келтірген сөздері.Бұлар сөйлемдегі басқа мүшелерден оқшауланып тұрады.
Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді.
Оқшау сөздер
Одағай сөздер
Қыстырма сөздер
Қаратпа сөздер
Жаттығумен жұмыс: 66-жаттығу. Мына қыстырмалардың қайсысы ойдың ретін білдіреді,қайсысы кімдікі екенін білдіреді? Меніңше, біріншіден, сеніңше, екіншіден, қорыта айтқанда, оның айтуынша, біздің байқауымызша, қысқасы, сіздерше..
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Оқшау сөздер дегеніміз не?
Оқшау сөздер нешеге бөлінеді?
Оқшау сөздерге қандай тыныс белгілері қойылады?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.