Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Наурыз – думан.»
Тақырыбы: Наурыз – думан.
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде, әдет – ғұрпында ерекше орын алған – «Наурыз» тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты әрі өзін қатыстыра сөйлету, оқушыларды табиғатты сүюге, оны қорғауға, көркейтуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Мұғалімнің ата- аналарды құттықтау сөзі:
Құрметті оқушылар, ата- аналар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілікпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтап, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін.Ұлы мереке сіздерге тек бақыт, бейбітшілік, молшылық сыйласын.
ІІ. Жаңа сабақ. «Қош келдің, Наурыз!»
Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінің Нау- жаңа, рыз - күн деген сөздерінен шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген.
Ал қазақ тілінде «Наурыз» - сөзі біріншіден – жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден көктемнің алғашқы айы. Бұл –аспан денелеріөздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.
Қазақ осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күні» деп атаған.
Халқым саған бар үмітін арнапты Жаяды көктеп тал біткен
Жылда осылай келе бергін жасарып, Айран, сүтін көбейтіп
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты. Көктемде төлдер мал біткен.
Армат Тальмира
Келді Наурыз жар салып Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің
Би билейік ән салып Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың
Жылда келсін ұлыс күн Ұлыстың ұлы күні паш етейік
Тұрайық есен қарсы алып. Белгісін достықпенен мәңгіліктің
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз дәстүрлі!
Сырым Тілепберген
Жыл басы – Наурыз, береке Сәнді көктем – нұрымыз,
Ақ нұрға әлем боянды Наурыз тойы – жырымыз.
Наурыз тойы береке Көңіл гүлдей жайнасын!
Тіршілік жаңа оянды. Құлпырсын анық қыр мен ой
Құтты болсын Наурыз той.
IV. Күн мен түннің теңелуі
Әнім де саған, биім де
Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, Наурыз күлімде.
Көрініс:
Күн: Сәулесі мол күнмін.
Түн: Жұлдызы көп түнмін.
Екеуі: Бірдей болвп біздер,
Теңелеміз бүгін.
Түн: Ал, ертең күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі: Ұйқы қанбай қалып
Жүрмеңдер тек жылап
Той әкелген ғаламға
Алтын күнім аман ба?
Бас иеді бабамыз,
Бас иеміз саған да.
Мұғалім: Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойында орындалатын кейбір салт- дәстүрлер
Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен
Жолысқын қариялар жас күнімен.
Үлгі алсын жас ұрпақтар, той бастайын,
Ежелгі ата- баба дәстүрінен.
Наурыз тойын халқымыз қуанып қарсы алған. Бір – біріне жақсы тілек айтып, жұрт ел аралап, үйлерге кіріп, наурыз көже ішкен, жастап ән шырқаған, палуандар күресіп, ойын- сауық өткізген.
Наурызтаңы атысымен кішкентай балалардан бастап «Саумалық», «Жарапазан» айтып Наурыз тамашаларын бастап кеткен.
Саумалық:
Саумалық, саумалық,
Хан туының көк құсы,
Ұйқыдын көзін ашты ма?
Саумалық, саумалық,
Самарқанның көк тасы,
Еріді ме, көрдің бе?
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл, есірке,
Саумалық, саумалық.
Сәлемдесу дәстүрі:
Наурыз күні адамдар кешірімділікке шақырған. Ренішті адамдар бір – бірімен татуласқан, табысқан.
Ұлы күні үлкен адамдар бір- бірімен қуанып, төс қағыстырып амандасады екен.
Кәне, оқушылыр. Сыйластық сәлемнен басталады деген, Наурыз күні үлкендердің амандасу дәстүрін байқайық.
Армат: Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса, жол болсын
Сырым: Ұлыс береке берсін
Бәле- жала жерге енсін.
Армат: Ұлыс бақытты болсын,
Төр түлігің ақты болсын.
Сырым: Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын
Білім- өнер серік болсын.
Наурыз көже.
Ашық болсын қас - қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін бізде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар
Қатық ағы бар
Ішетінің, жейтінің,
Наурыз көжеде бәрі бар.
Бұлақ еөзін ашу. Май жағу.
Ақ бүріккен қазақ талдарға, Бұлақ көрсең көзін аш
Молшылық сырын ұқсын деп. Тұнығын кір шалмасын,
Май құйған бұлақ көзіне Аға берсін балбырап,
Майдай болып жұқсын деп. Тоқтап тұрып қалмасын.
«Бір тал кессең, он тал ек»
Атаңнан мал қалғанша
Бір тал қалсын көгеріп,
Көктей өс деп жалғанда
Халық айтқан төрелік
Бір тал кесскң, он тал ек,
Ұрпағы өссін талдай боп.
Орманға соңы ұласар
Өтке өмір болдай боп – деп аталар жастарға үлгі болып тал еккен екен.
(Тал егу дәстүрін көрсету)
Талдарға ақ бүрку
Милана
Кәрі қыстың зәрі сынып
Басылғанда дауылы сәл
Бесіктегі бөпедейін
Сенің атың – «Наурыз тал»
Тальмира
Өзгеруге өте бейім
Ақ жұмыртқа сары уыз хал
Отырғызып нәлі шыбық
Мәпелейі наурыз тал
Тамыр тартып сәуелей бер
Мәуелей бер, наурыз тал.
Тілепберген
Келді Наурыз жар салып
Би билейік ән салып
Жылда келсін ұлыс күн
Тұрайық есен қарсы алып.
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Қорытынды: Мұғалім сөзі
Бата: Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып көріскен.
Сақтай гөр деп терістен,
Кел, таза бақ, кел, десек,
Қариялар бата беріскен.
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алса
Сонда ол жыл жол болар.
Батаны тәрбие сағатының қонағы, ауыл үлкені Дәрісов Бітімбай ата береді.