Күні:24.11.2016ж
Сыныбы:5
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Спортпен шұғылданамын
Сабақтың мақсаты:
1. Спорт тақырыбының мәнін ұғындырып, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыру;
Түсініксіз сөздердің мән, мағынасын, аудармасын түсіндіру;
Оқушыларға спорт туралы сөздерді сөздік қорына енгізу, спорт туралы сөз тіркестерін, сұрақ-жауапты дұрыс құрастыра білуге үйрету. Өзара диалог және әңгіме құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзбеттерімен жұмыс, диалог құрастыру, кластер стратегиясы, оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс т.б.
Сабақтың көрнекіліктері:
Сызбалар, суреттер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Балалар,бүгін бізге қонақтар келді.Қонақтармен амандасайық.
2.Психологиялық ахуал
1.Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындық, яғни, оқушылардың көңіл-күйін сабаққа икемдеу. «Сәлеметсіңдер ме,балалар, бір-біріңе қараңдаршы.Қандай әдемісіңдер! Ал,енді бір-бірімізге күлімдей, мейірімді көзбен қарайық.Сабақты бастамас бұрын алдарыңдағы суреттердің бірін қазіргі көңіл күйлеріңе сәйкес таңдап алыңдар. Сабақтың соңындағы суреттеріңмен салыстырып қандай өзгерістер болғанын анықтаймыз»
(балалар өздеріне смайлдың бір суретін таңдап алады)
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта диктант болды, сондықтан ереже бойынша сұрақтар қойамын.
«Ойлан тап» оқыта үйрету ойыны. Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әке, іні деп жауап беруге тиіс. Мұғалім қайда? деп сұрақ қойғанда, үстелде, орындықта, партада, аулада, үйде, мектепте деп жауап берулері керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Септіктерді еске түсіреміз.
4.Сабағымызды мына тапсырмадан бастайық.Сөздерді қазақ немесе орыс тіліне аударып,тек бірінші әріпті жазу керек.
Урок – сабақ
Сөмке – портфель
Русский –орыс
Қалам – ручка
Август – тамыз
Еден – пол
Дверь – есік
Вариант - нұсқа
Колбаса – шұжық
Национальность – ұлт
Космос – ғарыш
Посуда –ыдыс
Өшіргіш – ластик
Үй – дом
Небо- аспан
Хлеб – нан
Луна –ай
Ана – мама
Жарко – ыстық
Түн - ночь
Қандай сөздер шықты?(спортпен шұғылданамын)
Орыс,ағылшын тілдерінде айтыңдар.
Спорт-фонетикалық талдау(ауызша)
Сабақтың тақырыбы қандай деп ойласыңдар?Дұрыс,бүгінгі сабақтың тақырыбымыз: спортпен шұғылданамын.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бағалау парағын беремін.Топ басшысы өз топ мүшелерін мынадай тапсырмалар арқылы бағалайды.
Енді дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді жазыңдар!
5.Жаңа сөздермен жұмыс.
Денсаулық –здоровье
Салауатты өмір салты-здоровый образ жизни
Қалыптастыру-формирование
Маңызы –значение
Жетістік –успех
Болашағы – будущее
Жарқын – яркий
Үлес қосамыз - Вносим вклад
Мәтінмен жұмыс(1 топ оқиды,сонан соң 2 топ оқиды)
Спорт
Спорт денсаулықты жақсартады.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңызы зор. Спорт елімізде жақсы дамып келеді.Спорттың қай түрін алып қарасақ та,барлығы да денсаулыққа пайдалы.
Егер адам спортпен айналысса,өмірде маңызды жетістіктерге жетеді. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын болуға үлес қосамыз.
Мәтінді бөлімдер бойынша қысқаша баяндау
А)спорттың маңызы(1 топ)
Ә)жетістіктерге жету(2 топ)
Қорытынды.Әр топ өз түсінгенін айтады
Тұжырым:Не түсіндіңдер?өз ойың.
6.Сергіту сәті
7. «Сұрақ-жауап»
Әр топ спорт туралы бірнеше сұрақтар құрастырады,сонан соң жауап береді. Дайындыққа 2 минут
Тапсырма:
8.Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар,қарамен жазылған сөзді септеу
1топ-мектепте, өтті,біздің,жарыс,
2 топ-барлық,қатысты,оған,оқушылар
9.Сабағымызды қорытындылау үшін мына кестемен жұмыс істейміз.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.Спортпен шұғылдану денсаулыққа пайдалы.
2.Спорт адамға денсаулық,сұлулық,шыдамдылық,жігерлік әкеледі.
3.Илья Ильин ауыр атлетикадан Екідүркін олимпиада чемпионы.
4. Спортпен шұғылдану семіздікке әкеліп соғады.
5.Күрес сөзінің орыс тіліндегі аудармасы «борьба»
6.Қазақ тілі пәні аптасына 2 рет болады.
7.Қазір бізде қыс жыл мезгілі.
8. Спорт елімізде жақсы дамып келеді.
9. Қазақ тілінде 6 септіктің түрі бар.
Бағалау.
Рефлексия.
Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
Сабақ ұнады ма?
-Барлығың бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!Енді балалар,сабақ аяқталғандағы көңіл-күйлерің қандай екенін суреттерден таңдап алып сабақ басындағы суреттермен салыстырып, мына тақтаға іліп қойыңдар.
Үй тапсырмасы: спорт туралы қысқаша әңгіме құрастыр
ХІ. Қоштасу
-Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!