kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Синоним с?здер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Синонимдер

Саба?ты? ма?саты: білімділік-ма?ыналары бір-біріне жа?ын с?здер, я?ни синоним с?здер туралы м?лімет беру;

Дамытушылы?- о?ушыларды? ?з бетінше ізденіспен топта ж?мыс істеу ?абілеттерін дамыту, бас?аларды ты?дау, ?з к?з ?арасын д?лелдеп білу, сонымен бірге ?аза? тіліні? лексика тарауынан ал?ан білімдерін арттыру;

Т?рбиелік-о?ушыларды адамгершілік,  ?айырымдылы?, бірлік, досты??а т?рбиелеу;

Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі саба?,

Саба?ты? типі: жа?а саба?,

Саба?ты? к?рнекілігі: ?лестірме ?а?аздары, синонимдер с?здігі, сызба,

Саба?ты? ?діс-т?сілі: т?сіндіру, с?ра?-жауап, жатты?улар орындау, т.б.

Саба?ты? барысы: 1) ?йымдастыру кезе?і; Сынып о?ушыларын ?йымдастырып, саба??а бейімдеу.

2) ?й тапсырмасын тексеру; 1. Омонимдер туралы т?сінік

 2. 69- жатты?у.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Синоним с?здер»

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Синонимдер

Сабақтың мақсаты: білімділік-мағыналары бір-біріне жақын сөздер, яғни синоним сөздер туралы мәлімет беру;

Дамытушылық- оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, басқаларды тыңдау, өз көз қарасын дәлелдеп білу, сонымен бірге қазақ тілінің лексика тарауынан алған білімдерін арттыру;

Тәрбиелік-оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ,

Сабақтың типі: жаңа сабақ,

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздары, синонимдер сөздігі, сызба,

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау, т.б.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі; Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.

2) Үй тапсырмасын тексеру; 1. Омонимдер туралы түсінік

2. 69- жаттығу.

3)Жаңа сабақ;

Мағыналары бір-біріне жақын , бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады. Синонимдер мынандай белгілеріне қарай топтастырылады:

1)сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек;

2)сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;

3)сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.

Синонимдер мәтінде бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің ( не толықтауыштың, не анықтауыштың, не пысықтауыштың, не баяндауыштың, не бастауыштың) қызметін атқарады. Мысалы , ас, тамақ, ауқат, дәм, тағам дегендер- бір –біріне синонимдес сөздер.Бұлар дыбысталуы, жазылуы жағынан әртүрлі. Бірақ бәрінің беретін ұғымы – адам баласының жейтін қоректік заты.Бесеуде де сөз табы жағынан зат есім болады. Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды деген сөйлемдегі ас сөзінің орнына қайсысын қойсақ та, бұлар бір ғана не? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.

Қазақ тілі – синоним сөздерге бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі. Мысалы, зат есімдерден болған синонимдер: өң, түс, түр, дидар, келбет, пішін, ажар, көрік, әлпет,шырай т.б. Сын есімдерден болған синонимдер: салмақты, сабырлы, ұстамды, байсалды. Етістіктерден болған синонимдер: амандасу, сәлемдесу, есендесу. Үстеулерден болған синонимдер: тез, жылдам, шапшаң, лезде.

4)Жаттығумен жұмыс:

70-жаттығу. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синоним сыңарларын бір вагон деп есептеп, өздерің теріп алған синоним қатарын жасаңдар. Төмендегі синонимдік қатардағы сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, олардың қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтаңдар.

Бағалы, құнды, қымбат; семіру жуандау, толу, майлану, тойыну, қоңдану; халық, жұрт, көпшілік.

71- жаттығу. Мәтінді оқып, оның мазмұнын өз ойларынңды қоса отырып әңгімелеңдер.

Ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін тауып, олардың орнын ауыстырып қолданыңдар.

5) үйге тапсырма:

1. Синоним туралы түсінік.

2. Синоним сөздерге мысалдар келтіру

6) Бағалау:

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Синоним с?здер

Автор: К?міс ?сем

Дата: 06.11.2015

Номер свидетельства: 248763


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства