Сабақ: қазақ тілі | Мектеп: Ақмектеп орта мектебі |
Күні:19.11.2015. | Мұғалімнің есімі: Акиева Р.Ч. |
Сынып: 7 | Қатысқандар саны:14 | Қатыспағандар саны:0 |
| | |
Сабақ тақырыбы | Сан есімнің сөйлемдегі қызметі. |
Мақсаты: | Сан есімнің сөйлемдегі қызметін түсіну, қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын табу. |
Табыс критерийлері | Барлық оқушылар: Тақырыпты түсініп оқиды, сан есімнің мағыналық топтарын қайталайды. |
Басым бөлігі: Сан есімдердің сөйлемдегі қызметін ұғынады. Сан есімдердің қай сөйлем мүшесі екенін жаттығулар орындау арқылы табады. |
Кейбіреулері: Синтаксистік талдау жасайды, шығармашылық тапсырма орындайды |
Тілдік мақсат | Оқушылар:Өткен тақырып бойынша пысықтайды. Сан есімнің түрлену ерекшелігін жазып келген мысалдары арқылы дәлелдейді. |
Негізгі сөздер мен тіркестер: толық мағыналы сөз, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер. |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер: |
Ойын толық айтып ,мазмұнды байланыстыру. |
Нақты мысалдармен дәлелдей алу. |
Логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру. |
Жазылым бойынша ұсыныстар:сауатты ,көркем жазу, жазу каллиграфиясын сақтау. |
Алдыңғы оқу | Өткен тақырыпты еске түсіру. Сан есімдер қандай қызмет атқарады? Сан есімнің түрленуі дегеніміз не? |
| Мұғалімнің әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Ресурстар |
1-кезең: Қызығушылықты ояту: (2мин) - ұйымдастыру - үй тапсырмасын тексеру; (5мин) -қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі; - белсенді әрекетке жұмылдырылады; - ойлау жұмысына ынталандырылады | Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа әзірлеу. Жағымды ахуал қалыптастыру үшін «Ыстық лебіз» - Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық: Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. «Ырғақты би» билеу. Қиынды қағаздармен топқа бөлу (толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш) Үй жұмысын тексерудің критерийін беремін. 1.Жазу сауаттылығы мен әдемілігіне, тапсырманың сапалы орындалуына назар аудару. 2.Ережені толық айтып, мысал келтіре алуы. 1-деңгей:88-жатттығу 2-деңгей:89-жатттығу 3-деңгей:сан есімдерді түрлендіріп мәтін құрау | «Ыстық лебіз» білдіреді. Ырғақты би билейді. Топқа бөлінеді. «Жұптық әңгіме» әдісі. Жұптық жұмыс.Бір -бірінің үй жұмысын тексереді. Сұрақтар қояды: Сан есімдер қандай қызмет атқарады? Сан есімнің түрленуі дегеніміз не? Үй жұмысының орындалуын тексереді. Бір-бірін тыңдап жауап береді.Мысалдар келтіреді. Смайликтермен бағалайды. Бағдаршаммен келесі топты бағалайды. | Қиынды қағаздар Электрондық оқулық Смайлик тер Оқулық Түрлі түсті қағаздар Стикер лер |
2-кезең: (10мин) Мағынаны ажырату: - оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады; (15мин) | Сабақтың мақсатын айқындауға шақыру. Оқулықпен жұмыс жасатады. Тақырыпты түсініп оқуға, дәптерге мысалдар жазуға тапсырма береді. Электрондық оқулықпен жұмыс. 100-тапсырманы топтарға бөліп беру. Сөйлем құрастыру, сөйлемдегі атқаратын қызметін табу. | Сабақтың мақсатын қояды. «Жұптық әңгіме» әдісі. Оқулықпен жұмыс жасайды.Дәптерге жазады. Жұптасып бір-біріне түсіндіреді, топта талқылайды. 1-топ:90-жаттығу.Сөйлемді көшіріп жазып, сан есімдер қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын астын сызу арқылы көрсету. 2-топ: 91-жаттығу. Құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойыңыздар, қай мүше екенін, қандай сөзбен тіркескенін айтыңыздар. 3-топ:92жаттығу.Сан есімдерді тіркескен сөздермен бірге теріп жазып, тұлғасына, мағынасына, қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанына қарай талдау. Электрондық оқулық тапсырмасын орындайды | |
3-кезең: (5мин) Ой-толғаныс: сабақ қорытындысы (5мин) | Сынып жұмысын тексерудің критерийін беремін. 1.Жаттығу шартын толық орындау. 2.Дәптеріне тапсырманы қатесіз, әдемі жазу. 3.Ережені толық айту, мысал келтіре білу. Жетек сұрақтар: Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіргенде қандай қызмет атқарады? Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келсе қандай қызмет атқарады? | Топтар сұрақтарға жауап береді. Бір –біріне сұрақтар қояды. Смайликтермен бағалайды. Бағдаршаммен келесі топты бағалайды. «Ақылдың алты қалпағы» әдісі. Әр топқа әр түрлі қалпақтар беріледі, сабақтан алған әсерін білдіріп, тақырыпты қорытындылайды. | Алты қалпақ |
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (1мин)(үй тапсырмасы) | 1-деңгей: Сан есімдер қатысқан сөйлемдер ойлап, қандай сөйлем мүшесі екенін табу. 2-деңгей: Баспасөз материалдарынан мысалдар жазу, қандай сөйлем мүшесі екенін табу. 3-деңгей: «Менің туған күнім» мәтін құрастыру. Сан есімдердің қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын табу. |
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз? «Менің туған күнім»Туған күнге бөлінген ақшаны жұмсаудың есебін жасау. Мерекеге дайындықтың жоспарын және шақыру билетінің мәтінін жазу. | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парағы (2мин) Топтық бағалау Тегі,аты | | | | | Үй жұмысы | | | | | Сынып жұмысы | | | | | Ұпай | | | | | 10 ұпай-өте жақсы 8 ұпай- жақсы 4 ұпай- орташа 0 ұпай- тапсырма орындалмаса Кері байланыс «Сөйлеуді аяқтау» әдісі. 1.Бүгінгі сабақта мен мынаны ұқтым----- 2.Маған ұнағаны---- 3.Маған қиын болды, ұқпадым------- | Пәнаралық байланыс. Алгебра. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс. Сыныпта столдардың орналасуы бала ыңғайына қарай. |