kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: С?йінбай Арон?лы «Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Саба?ты? та?ырыбы: С?йінбай Арон?лы «Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері»
Саба?ты? ма?саты: білімділік – С?йінбай Арон?лыны? ?мірше? ?нері жайлы сыр шерту, ?ле?ні? ма?ынасын ашып т?сіндіру.
дамытушылы? – ?ле?ді м?нерлеп о?у?а, оны талдай білуге ?йрету.
т?рбиелік – о?ушылар?а  ?ле?ді о?ыта  отырып,д?рыс шешім ?абылдау?а т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: жа?а саба?
?дісі: ?ле? ??рылысына талдау, шы?армашылы? ж?мыс.
К?рнекілігі: С?йінбай Арон?лыны? портреті, о?ушылар жаса?ан б?ктемелер, интерактивті та?та, та?ырып бойынша слайдтар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: С?йінбай Арон?лы «Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері»»

Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Сабақтың мақсаты: білімділік – Сүйінбай Аронұлының өміршең өнері жайлы сыр шерту, өлеңнің мағынасын ашып түсіндіру.
дамытушылық – өлеңді мәнерлеп оқуға, оны талдай білуге үйрету.
тәрбиелік – оқушыларға өлеңді оқыта отырып ,дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: өлең құрылысына талдау, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Сүйінбай Аронұлының портреті, оқушылар жасаған бүктемелер , интерактивті тақта, тақырып бойынша слайдтар.
Пәнаралық байланыс: саз өнері, қазақ тілі
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.

Оқушыларды тақтаға шығарып, «жақсы» және «жаман» сөздері туралы не білетіндері туралы сұраймын.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі бойынша «Ақтанның болашағы» атты ойтолғау жазу
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалім: Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде
Бөлініп қалған жан емен – деп жырлағандай айтыс өнерінің асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңін бүгінгі сабақта өтеміз.
Ақын «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінде өмірдегі асыл мен жасықты, ер мен езді, жақсы мен жаманды, ізгі мен зұлымды көп көріп, көңілінде таразылап, этикалық тұрғыдан пайымдайды. Өлеңнің атынан көрініп тұрғандай, онда жақсы мен жаман адам, оларға тән қасиеттер бір - біріне қарама - қарсы қойылып сипатталған.
Хронологиялық кесте арқылы С. Аронұлының өмір деректеріне тоқталу.
Жылдар Оқиғалар
1815 жыл Алатау бөктеріндегі Алматыға жақын Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде туған.
13 - 14 жасында «Түс» деген алғашқы өлеңін жазады.
1852 жылы маусым айында Қырғыз ханы Орман атасы асында Сүйінбай мен Қатаған айтысады. Сүйінбай айқын басымдылықпен жеңеді.
1898 жылы 83 - жасында дүние салған.
ІY.«Топтастыру стратегиясы» арқылы жақсы мен жаман адамның қасиеттерін табады.
жақсы жаман
Y. Өлеңнен теңеу сөздерді тауып, дәптерге жазу.
анасындай, баласындай, ағасындай, ағашындай, шаласындай, танасындай, аласындай, серкесіндей, еркесіндей, көрпесіндей, бөлкесіндей,, жыл құсындай, үңғысындай, тұрғысындай, жындысындай.
YI. Сөздікпен жұмыс
Парқы – бағасы
Миуалы – жемісті
Көр көкірек – еш нәрсеге түсінбейтін, бос кеуде
Көзі соқыр – түк білмейтін надан
Шала – оттағы толық жанып бітпеген ағаш
Тана - 1 мен 2 жас аралығындағы ірі қара.
Сөзі майда – сыпайы, әдепті сөйлейді.
YII. Сабақты бекіту, қорыту.

ҮІІІ. Оқушылар білімін бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма:
1. Өзіңе ұнаған шумағын жаттау.
2. «Жаныңда жүр жақсы адам» ойтолғау.
























№ 2Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі













Ашық сабақ

С.Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
(6 «Б» сыныбы)







Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ө.Керімбекова











2Ш.Уәлиханов атындағы жалпы ортабілім беретін мектебі

22- қыркүйек Тілдер мерекесіне орай 19.09.2015ж 6- сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы » атты білім сайысы өтті . Сайысқа 6- сыныптар арасынан 8 оқушы қатысты.

Олар: Сапарқұл Мөлдір

Өтебалы Әлиза

Әбдіш Зейнеш

Шермұхамедова Балерке

Сүгірбай Тоғжан

Бұхар Алтынай

Пірмахамбет Сандуғаш

Сүгір Айжан

Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

1.Жорға сұрақтары

2. «Әдебиет- сырлы әлем» 4 ұяшық бойынша сұрақтар

3. «Жалғасын тап..» мақалдар сайысы

4.Көрермендермен бетпе – бет

5. Жекпе- жек

Білім сайысына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сүгірбекова ,қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Тойлыбаева, аға тәлімгер Г.Көпенова қазылық етті.

Сайыс нәтижесінде 6 «В» сынып оқушысы Әбдіш Зейнеш «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанды. 2-орынды 6 «А » сынып оқушысы Сүгірбай Тоғжан,

3- орынды 6 «Б» сынып оқушысы Сапарқұл Мөлдір жеңіп алды.

Сайыс соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сүгірбекова сөз алып , қатысушы оқушыларды Тілдер мерекесімен құттықтады.Жеңімпаз оқушы Әбдіш Зейнешке «ХХІғасыр көшбасшысы» лентасын тағып, оған жарқын болашақ пен ақ жол тіледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: С?йінбай Арон?лы «Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері»

Автор: Керімбекова ?ркен Ас?ар?ызы

Дата: 26.02.2016

Номер свидетельства: 299307


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства