Сабақтың ортасы 22 | Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл» Алдымен әңгіме дегеніміз не? - Әңгіме – адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма. 1 – тапсырма. Мәтінді оқиды. «1 минут эфирде» әдісі бойынша түсінгенің баяндайды. Қыпшақ сейітқұл 1 – топ: Қыпшақ сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында торғай терісіндегі қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта үргеніш, қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, қабырға бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен; інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны түркістан жағында қалды.
2 – топ: Қабырғаның бойына келген соң, сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жиып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып, мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң, сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар да келіп, сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді.
3 – топ: Сейітқұлдың өзі де, жиылған халқы да адалдары көбейіп, бай болды, ел жиылып сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшін, сейітқұл жұртын жиып кеңесіп, судың бір қолайлы жеріне шымнан биік қорған салдырды, малдарына реттеп бақташы, қару-жарақты қарауыл шыңдауыл жүргізді. Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады. Бұл жағынан көңілі тыныш болған соң, сейітқұл енді бұхара, қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазаққолды әртүрлі тауар алдырып, жылда егін піскен уақытта манағы қорғанда жәрмеңке реуішті базар болды. Көшпелі халық белгілі уақытта малын, жүн-жабағысын, тері-терсегін келтіріп, егіншілер оларға астығын, тауарын айырбас етіп, осы қалыпша бір жағы егін, бір жағы саудамен сейітқұлдың жұрты жұрттан асқан бай болыпты.
4 – топ: Манағы сейітқұлдың ағасы аттаныс-түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, қоңырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті; қалған мал-жанын ұрының малы деп түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын сейітқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты-мыс. Сейітқұл, құрметті тілеу сейдалин сұлтанның айтуы бойынша, 1830-жылдарда өтіпті-міс. Сол данышпан кісінің ақылымен егінді әдет еткен халық қабырға суының бойында әлі көп. Жарлы болып, бөтен кәсібі жоқ кісілер торғай жағында дереу егінге айналады, ерінбей азаптанса, бірнеше жылда түзеліп, халық қатарына қосылады. Дескриптор: ҚБ. «Пайыздық бағалау» әдісі 2 – тапсырма. Топтық жұмыс.Шығарманың идеясын анықта. Анықтаған идеяңызды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндір Бірінші сөйлем «Менің ойымша, шығармадағы басты идея...» Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен,мысалдармен дәлелдей аламын...» Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» Дескриптор: ҚБ. «Пайыздық бағалау» әдісі 3 – тапсырма. «Еркін ой» әдісі арқылы Қыпшақ Сейтқұл әңгімесінен не үйрендім? тақырыбына сыни хабарлама жаз. Дескриптор: Әңгімеден алған әсері туралы пікірін білдіреді; Кейіпкерлердің ұнаған/ ұнамаған қасиеттеріне тоқталады; Өмірмен байланыстыра отырып, әңгіменің маңызын көрсетеді. | Оқушылар күннің жазын жазып, сабақтың тақырыбымен танысады. 1 – тапсырма. Мәтінді оқиды. «1 минут эфирде» әдісі бойынша әр топ өзіне берілген мәтін бойынша баяндайды. Топтар бір – бірін бағалайды. 2 – тапсырма. ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндір Бірінші сөйлем «Менің ойымша, шығармадағы басты идея жастарды еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, тірлікке шақыру, тәрбиелеу. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін себебі бұл әңгімеде Қыпшақ Сейтқұл халық бірлікке үндеп, зор еңбектің арқасында халықты мұратына жеткізді.» Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен,мысалдармен дәлелдей аламын Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар да келіп, сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді.» Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім Қандай жағдайда да бірлікте болып, адам мақсатына адал еңбекпен жету керек. Мандай термен келген нан ғана тәтті болады.» Топтар бір – бірін бағалайды. 3 – тапсырма. «Еркін ой» әдісі арқылы Қыпшақ Сейтқұл әңгімесінен не үйрендім? тақырыбына сыни хабарлама жазады. Мен бұл әңгімеден еңбекқорлық арқылы үлкен табысқа жетуге болатының түсіндім. «Бірлігі бар ел озар», - демекші, бірлікпен ғана мақсатының биік шыңына жете аласын. «Тәртіпке бағынбаған құл болмайды», - дегендей, Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен; інісінің қанша айтқан ақылына болмайтын. Қыпшақ Сейтқұл әңгімесі бұрын болған оқиға болғанымен, қазіргі замана да тәрбиелі мәнің жоймаған. Өйткені, бірлікпен еңбектің ұштасуы біздің өмірімізге керекті ең құнды қасиет. |