kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: У дыбысыны? дауысты, дауыссыз болып айтылуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

g


У дыбысыны? дауысты, дауыссыз болып айтылуы

У дыбысыны? дауысты, дауыссыз болып айтылуы (?аза? тілі. 2 - сынып)

Саба?ты? та?ырыбы: У дыбысыны? дауысты, дауыссыз болып айтылуы.
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік ма?саты: у дыбысыны? ?ай кезде дауысты, ?ай кезде дауыссыз болатынын т?сіндіру
Дамытушылы? ма?саты: у дыбысы бар с?здерді д?рыс тасымалдай білуге ?йрету
Т?рбиелік ма?саты: сауаттылы?тарын арттыру
Саба?ты? типі: жа?а білімді ме?герту
Саба?ты? т?рі: аралас
К?рнекілігі: буклет
?олданылатын ?діс: проблемалы? ізденіс, ішінара зерттеу, талдау, т?сіндіру

Саба?ты? барысы:
І. ?йымдастыру кезе?і.
О?ушылармен амандасу, кезекшімен с?хбат. ??рал - жабды?тарын тексеріп шы?у. О?ушыларды? зейінін саба??а аудару.

ІІ. ?й тапсырмасын тексеру.
Тіл ж?не с?йлеу тарауы бойынша ал?ан білімдері тексеріледі.
- С?йлеу тіліні? т?рлерін айт.
- ?ай тіл бірінші пайда болды?
- С?йлеу тілдері ?ай кезде ?олданылды?
- Жазбаша тіл ?алай пайда болды?
- С?йлеуді? адам ?міріндегі ма?ызы ?андай?

ІІІ. Жа?а саба?.
Ой тастау.
Алдымен жа?а саба?ты ?абылдау?а дайынды? ж?мысы ж?ргізіледі. У дыбысы бар с?здерге мысалдар келтірді. У дыбысыны? ?ай буында т?р?анын аны?тайды. С?здерге дыбысты? талдау жасайды. У дыбысы басында т?р?ан с?здерге мысалдар келтіреді.

Ма?ынаны тану.
Сауыр, ?урай, уы?, ?ауырсын, ?уану, ?улы?, саумал, туыс.
С?з ішінде айтылып т?р?ан у дыбысыны? айтылуына назарларын аударып, оларды? дауысты немесе дауыссыз болып т?р?анын аны?тау?а талпындыру. О?ушылар у дыбысыны? кейде дауысты, дауыссыз болып айтылып т?р?анын бай?аулары тиіс. М??алім осы саба?тарды у дыбысыны? кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс болып т?ру себебімен танысатынды?тарын айтады.

У дыбысыны? дауысты, дауыссыз дыбыс болып айтылуына берілген екі са?атты? ал?аш?ы саба?ында у дыбысыны? дауысты болып айтылуымен танысады. 1, 2 - жатты?улар жа?а саба?ты? ережесін ?здері ?орытындылап айту?а жетелейді. У дыбысы бар с?здері с?йлем ішінен, ?ле? жолдарынан тауып, буын?а б?леді, оны? дауысты дыбыс болып т?р?анын аны?та?аннан кейін, дауысты дыбыс бол?анда ?немі оларды? дауыссыз дыбыстан кейін т?р?анын бай?ауына жа?дай ту?ызу керек. У дыбысы с?зді? басында т?р?ан кезде у дыбысын дауысты дыбыс болатынына к?здерін жеткізеді.

Осындай жатты?у ж?мыстарынан кейін ережені ?здері ?орытындылап айтады. К?здерін жеткізу ар?ылы ?здеріні? ?орытынды жасауы баланы? есінде жа?сы са?талуына м?мкіндік ту?ызады.
У дыбысы бар с?здері буын?а б?луде о?ушылар к?п шатасады. Сонды?тан 3 - жатты?у саба?та м??алімні? к?мегімен тал?ылануы тиіс. Б?л жатты?уда берілген с?здерге у дыбысы екі буында да кездеседі: бірінші буында дауысты, екінші буында дауыссыз дыбыс. С?здегі екі буынды дауыстарын созып айту кезінде у дыбысыны? ?рт?рлі айтылатынын бай?айды. Сондай а? ?р с?зді? ?андай ма?ына беретінін т?сіндіреді.

Б?л саба?ты? екінші са?атында у дыбысыны? дауыссыз болып ?ай кезде айтылатынымен танысады. Жатты?уларды орындау барысында у дыбысыны? дауыстыдан кейін келгенде ж?не с?зді? басында дауыстыдан б?рын т?р?анда дауысты болатынды?ын ?з беттерінше аны?тай алуына м?мкіндік беріледі.

С?здік диктант.
?й, ?я, с?йы?, суы?, уылдыры?, ?йе?кі, уы?, с?р, с?р, к?лу, ??ры?, ?улы?, А?тау, сам?ры?, ?уырмаш, с?ргі.
5 - жатты?у?а ерекше к??іл б?лінеді. Жуу, суу, буу, сауу, ауу, жауу с?здеріні? жазылуына назарларын аударып, ?р с?зді? ма?ынасына жеке то?талу керек. Екі уу ?ріптері ?атар келетін осындай с?здерге мысалдар келтіріледі.

І?. Жа?а саба?ты ?орыту
Саба?ты ?орытындылау кезінде у дыбысы дауысты, дауыссыз болып келетін с?здерге мысалдар келтіріледі, оларды? неге дауысты немесе дауыссыз болып т?р?анын т?сіндіреді. У дыбысы бар с?здері буын?а б?лінеді.

?І. Саба?ты ?орыту.
Саба?ты ?орытындылау, ?йге тапсырма беру, оны т?сіндіру.
?ІІ. Ба?алау.
О?ушыларды? е?бегін мада?тау.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: У дыбысыны? дауысты, дауыссыз болып айтылуы. »


У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы

У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы (Қазақ тілі. 2 - сынып)

Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру
Дамытушылық мақсаты: у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: сауаттылықтарын арттыру
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: проблемалық ізденіс, ішінара зерттеу, талдау, түсіндіру

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал - жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тіл және сөйлеу тарауы бойынша алған білімдері тексеріледі.
- Сөйлеу тілінің түрлерін айт.
- Қай тіл бірінші пайда болды?
- Сөйлеу тілдері қай кезде қолданылды?
- Жазбаша тіл қалай пайда болды?
- Сөйлеудің адам өміріндегі маңызы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой тастау.
Алдымен жаңа сабақты қабылдауға дайындық жұмысы жүргізіледі. У дыбысы бар сөздерге мысалдар келтірді. У дыбысының қай буында тұрғанын анықтайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. У дыбысы басында тұрған сөздерге мысалдар келтіреді.

Мағынаны тану.
Сауыр, қурай, уық, қауырсын, қуану, қулық, саумал, туыс.
Сөз ішінде айтылып тұрған у дыбысының айтылуына назарларын аударып, олардың дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын анықтауға талпындыру. Оқушылар у дыбысының кейде дауысты, дауыссыз болып айтылып тұрғанын байқаулары тиіс. Мұғалім осы сабақтарды у дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс болып тұру себебімен танысатындықтарын айтады.

У дыбысының дауысты, дауыссыз дыбыс болып айтылуына берілген екі сағаттың алғашқы сабағында у дыбысының дауысты болып айтылуымен танысады. 1, 2 - жаттығулар жаңа сабақтың ережесін өздері қорытындылап айтуға жетелейді. У дыбысы бар сөздері сөйлем ішінен, өлең жолдарынан тауып, буынға бөледі, оның дауысты дыбыс болып тұрғанын анықтағаннан кейін, дауысты дыбыс болғанда үнемі олардың дауыссыз дыбыстан кейін тұрғанын байқауына жағдай туғызу керек. У дыбысы сөздің басында тұрған кезде у дыбысын дауысты дыбыс болатынына көздерін жеткізеді.

Осындай жаттығу жұмыстарынан кейін ережені өздері қорытындылап айтады. Көздерін жеткізу арқылы өздерінің қорытынды жасауы баланың есінде жақсы сақталуына мүмкіндік туғызады.
У дыбысы бар сөздері буынға бөлуде оқушылар көп шатасады. Сондықтан 3 - жаттығу сабақта мұғалімнің көмегімен талқылануы тиіс. Бұл жаттығуда берілген сөздерге у дыбысы екі буында да кездеседі: бірінші буында дауысты, екінші буында дауыссыз дыбыс. Сөздегі екі буынды дауыстарын созып айту кезінде у дыбысының әртүрлі айтылатынын байқайды. Сондай ақ әр сөздің қандай мағына беретінін түсіндіреді.

Бұл сабақтың екінші сағатында у дыбысының дауыссыз болып қай кезде айтылатынымен танысады. Жаттығуларды орындау барысында у дыбысының дауыстыдан кейін келгенде және сөздің басында дауыстыдан бұрын тұрғанда дауысты болатындығын өз беттерінше анықтай алуына мүмкіндік беріледі.

Сөздік диктант.
Үй, ұя, сұйық, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық, қуырмаш, сүргі.
5 - жаттығуға ерекше көңіл бөлінеді. Жуу, суу, буу, сауу, ауу, жауу сөздерінің жазылуына назарларын аударып, әр сөздің мағынасына жеке тоқталу керек. Екі уу әріптері қатар келетін осындай сөздерге мысалдар келтіріледі.

ІҮ. Жаңа сабақты қорыту
Сабақты қорытындылау кезінде у дыбысы дауысты, дауыссыз болып келетін сөздерге мысалдар келтіріледі, олардың неге дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын түсіндіреді. У дыбысы бар сөздері буынға бөлінеді.

ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: У дыбысыны? дауысты, дауыссыз болып айтылуы.

Автор: Ошанова Анар Ержановна

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 169993


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства