Просмотр содержимого документа
«Саба? та?ырыбы: БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН. АЙТ К?НДЕРІ. »
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Р.А Утешева
7 класс, қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы: БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН. АЙТ КҮНДЕРІ. Сабақ мақсаты: Білімділік: Бейімбет Майлиннің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Айттың діни мереке екенін танымдық бағытта меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше қосымша және әдеби материалмен жұмыс істей алу және іздеушілік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Әр ұлттың салт-дәстүріне құрмет сезімімен қарап, толеранттылық, қайырымдылық, бауырластық рухында тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Проблемалық дамыта оқыту әдісі негізінде өз бетінше іздену, баяндау, талдау, жинақтау, интерактивті әдіс. Көрнекі құралы: Интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар. Сабақ типі: Білімді жинақтау және тереңдету. Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, дінтану. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу; ә) психологиялық дайындық 2. Ой жинақтау: • Жазушының өмірбаяны. • Жазушының шығармашылығы. • Жазушы шығармаларының тақырыбы. • «Айт күндері» әңгімесі туралы. • Айттың түрлері. • Айтқа тән дәстүрлер. • Отбасындағы діни мерекелер.
3. Портретпен жұмыс: Бейімбет Майлиннің бейнесі. - Мынау кімнің бейнесі және ол туралы не білесіңдер? Балалар жазушының өмірбаяны туралы, оқыған жерлері туралы айтып береді. 4. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Бейімбет Майлин. Айт күндері». Жоспар бойынша бұл – екінші сабақ. Өткен сабақта біз «Айт күндері» әңгімесін оқып, талдағанбыз. Ал бүгін осы тақырыпты одан әрі кеңейтіп, өз білімімізді жинақтап, одан әрі тереңдетіп, қорытындылаймыз. 5. Әдеби сөздік диктант, термин сөздердің аудармасын білу: поэт,писатель,литературный,художественный,содержание,биография,религия,традиция 6.Есте қалған сөздерін дәптерге жазу,бағалау 7. Хронологиялық кесте: «Мына сандар не дейді?» • 1894 • 1910 – 1912 • 1913 – 1914 • 1914 • 1922 • 1934 -1937 • 1938 8. Қосымша ақпарат. «Б.Майлин шығармашылығы туралы» 9. «Айт күндері» әңгімесі. Әңгіменің мазмұнын еске түсіру мақсатында бір оқушы қысқаша баяндап береді.
10. «Инсерт» картасын толтыру. «Айттың түрлері»,орыс халқының ұқсас мерекелері туралы айту( «Айттың түрлері», «Ораза айт», «Құрбан айт», «Айтқа тән дәстүрлер», «Коляда», «Сочельник», «Крещение»)
Нені білемін?
V Мен үшін жаңалық
+ Мені таңқалдырған ?
11. Рефлексия.Иә,балалар жазушы өз шығармасында сол заманда болған жан шошырлық оқиғаны ашына отырып жазған. Сондағы оның түпкі арманы –осындай жан түршігерлік жауыздық пен мейірімсіздік болмаса екен,адам баласы бір-біріне қайырымды болып бай-кедей болып бөлінбей әрдайым қол ұшын беруге әзір болсын деген мақсатта осы туынды жазылды.Ендеше,бүгінгі таңда жазушының арманы орындалды деуге болады. Қазіргі заманда тек ай күндері ғана емес, жыл бойына үкімет тарапынан халыққа үнемі көмек көрсетіліп келеді.Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы өткізіледі, әлеуметтік жағдайы төмен немесе көпбалалы отбасыларына берілетін төлемақы жыл өткен сайын өсіп келеді,тағы басқа да қайырымдылық іс-шаралар аз емес. Рождество мен Құрбан айт мерекелері 2006 жылдан бері демалыс күндері болып жарияланды. Бұл күндері Елбасы халықтың алдына шығып өзінің құттықтау сөзін сөйлейді. Жазушы арманының орындалғаны осы емес пе! 12. Тест-интервью. Қазір төмендегі сұрақтарға тез әрі нақты жауап беру керек: 1. Б.Майлин кім? 2. Б.Майлиннің туған жері. 3.Б.Майлиннің өмір жылдары. 4. Б.Майлин қайда оқыды? 5. Б.Майлиннің алғашқы повесі қандай? 6. Бейімбеттің қанша прозасы бар? 7. Бейімбеттің неше өлеңі бар? 8. Бейімбеттің қанша поэмасы бар? 9. Бейімбеттің қанша драмалық шығармасы бар? 10. Оның қандай шығармаларын білесің? 11. Б.Майлин қандай фильмнің сценариін жазысқан? 12. Бейімбет шығармаларының тақырыбы қандай? 13. «Айт күндері» әңгімесі не туралы? 14. Қандай діни мерекелерді білесің? 15. Айттың түрлері қандай? 16. Айтқа тән дәстүрлер қандай? 16. Үйге тапсырма: Хрестоматия, 70-бет. «Смайыл және құрбан айт» хикаясын оқып, мазмұнына сай сурет салу. 17. Бағалау.