Просмотр содержимого документа
«Разработка урока казахского языка в группах с русским языком обучения на тему: "С?з тіркесі", "Бала?а ат ?ою"»
АТЫРАУ ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ
Қазақ тілі пәні
орыс тілінде оқитын тобына
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Лексикалық тақырып :«Балаға ат қою»
Грамматикалық тақырып: «Сөз тіркесі»
Пән оқытушысы: Ахметжанова М.Т.
Атырау – 2015 жыл
Білімділік: оқушыларға ат қою рәсімінің ерекшелігін түсіндіру, мысалдар арқылы сөз тіркесінің жасалу жолы туралы ұғындыру, пәнге қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше іздену дағдыларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, білім мен білік дағдысын қалыптастыру; Тәрбиелік: Туған жерін, елін қадірлеуге, өз халқының салт-дәстүрін қастерлеуге, өзара сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, іздену, деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география, өзін-өзі тану Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар;
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт. Сабақтың мақсатымен және өтілу барысымен таныстыру.
Құрметті студенттер, бүгін біздің ортамызда үлкен той, дүниеге сәби келді. Сондықтан құттықтап келген қонақтар да келіп қалды, біздің де көңіліміз қуанышты болып тұр. Соған қатысты бүгінгі сабақта: -Қазақ халқының салт-дәстүрлерін қайталаймыз -Сонымен бірге сөз тіркесі деген грамматикалық тақырыбын бекітеміз II. Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындық: Ой шақыру (сұрақ-жауап): - Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін халқымыздың қандай салт дәстүрлері бар? /Слайд/ -Дәстүрлі той -мерекелері туралы кім айтады? /Слайд / III .Жаңа сабақ.
1.Сабақтың эпиграфын ашу
«Қазақ халқының ерекше бір көңіл бөлетін ғұрыптарының бірі - өмірге жаңа келген бөпеге ат қою. Әрбір ата-ана өзінің баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сондықтан болар ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады»
Зейнеп Ахметова
Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады.Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Балаға ат қою.
2. Ат қою рәсімі туралы қысқаша түсінік
Жаңа туған сәбиге ат қою-ерекше салтанатты дәстүрлердің бірі. Дүниеге сәби келгенде оған есім таңдауда қазақтан шебер, дана халық жоқ.Бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып, батасын алған. Мәселен, Қаныштың әкесі туғанда, атасы Сәтбай Сегіз сері Иманжан деп ат қойып «бұлбаланы еркелетсеңдер, Имантай деп атарсыңдар» - деп балаға бата берген. Кенесары ханның есімін арғынның атақты биі Шоқай қойған. Халық баласына жақсы ат қоюға тырысқан. Ырым етіп бұрынғыбатырлар мен ақындар, шешендердің атын қояды. Бірақ өте қасиетті әулие мен ұлы адамдар есімін қоюға тиым да салған.
3. Антропонимика ғылымы туралы.
ХХ ғасырдан бастап ғалымдар адам есімдерін зерттей бастаған. Соның нәтижесінде«Антропонимика» ғылымы пайда болды. «Антропонимика» – адам есімін зерттейді.Ғалымдардың айтуынша, адамның есімі оның өмірімен байланысты. Балаға қандай ат қойылса, оның өмір жолы да сондай. 4. Ой қозғау.Сұрақ-жауап:/мұғалім-оқушы/ -Сенің атын кім? Қалай ойлайсың , ата-анаң саған неге сол есімді қойды, ол нені білдіреді?
-Оқушылар, уақыт өтеді, сіздер үлкен азамат боласыңдар. Сізде де бала болады. Өз балаларыңа сіздер қандай ат қоймақшысыз? /Себебін айту/ 5. Грамматикалық тақырыпты бекіту
Сөз тіркесі ( орысша «словосочетание» ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне бағына байланысқан сөздер тобын атаймыз. Мысалы:шешендік сөздер, туған жер, колледжге кірді т.б.
Сөз тіркесі құрамындағы сөздер басыңқы және бағыныңқы сөздер деп аталады.
Нәрестенің(кімнің) тойы
Тәуелсіз(қандай) мемлекет
Асықпай(қалай) сөйледі
ІУ. Сабақты бекіту
І деңгей
Сөздікпен жұмыс
Қадірменді - уважаемый
Беделді - авторитетный
Азан шақыру –утренняя молитва
Айғайлау – громко окликать
Көзге түсу – выделяться среди других
Жұпыны – скромный (бедный)
Меңзеу – указывать, направлять;
Оқулықпен жұмыс 2- жаттығу Берілген буындардан сөздер құрастырыңдар
Ақ ла қал ғы
Ғы са ми дың
А рау лар ры
Бай тау ла лық
Жы лы да дар
А уыл ныс ты
3- жаттығу
Беделді байланысты
Ешкім қарай
Жасына мал
Заман райына атаулары
Төрт түлік ескермейтін
Қару-жарақ ақсақал
ІІ деңгей
Кімнің аты ?
1.Шоқан Уәлиханов Ибраһим
2.Абай Құнанбаев Мұхаммедқанафия
3.Бейімбет Майлин Әбілмансұр
4.Абылай хан Айтық
5.Әйтеке би Сәдуақас
6.Сәкен Сейфуллин Бимағамбет
6-жаттығу (оқулықтан )
Сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтаңдар
Ат қоюда белгілі бір ғылымилық бар, ат қою қоғамдық ортаға, заман райына, өндіріс кәсібіне тығыз байланысты.+
Ер баланың атын көбінесе үлкен әжесі немесе анасы қояды.-
Ер балаға бұрынғы өткен ата бабаларының, батырлар мен билердің, жыраулардыңаттары беріліп отырады.+
Қазақ халқы ежелден егіншілікпен айналысқандықтан, балаға үй жануарларына байланысты есімдер берілген. -
3. Берілген сөйлем бойынша сөз тіркестерін құрастыр (тақтамен жұмыс)
Әке-шешесі оны еркелетіп «Шоқан» деп атаған
Қазақ-балажан халық,сондықтан болар жиған-тергенін балаға шашады. ІІІ деңгей
1. «Есім, бала» сөзінің синонимін табыңыз
2.«Есімдер тарихы» шығармашылық жобасын қорғау. -Табиғат құбылыстарына байланысты есімдер
-Есім - адамның өмірлік серігі. Өзің болмасаң да, болашақ ғасырларға атың қалады.Балаға өнегелі адамның есімін бергеннен кейін соған лайықты етіп тәрбиелеу – ата-ана мойнындағы үлкен міндет. Өйткені сәбиіне үлкен адамның есімін беру үлкен жауапкершілік жүктейді..Қорыта айтқанда, бәріміз де адам деген атқа лайықты өмір сүре білейік! Барлық балалар бақытты болсын! УІ. Рефлексия . Жанған майшамды оқушылар бір-біріне жалғастырып, тілектерін айтады.
УІІ. Оқушыларды бағалау УІІІ.Үйге тапсырма: 1. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз
Ат қою жеңіл іс емес, сондықтан балаға лайықты әдемі есімдер қойған жөн.Балаға өнегелі адамның есімін бергеннен кейін, ата-анасы соған лайықты етіп тәрбиелеу керек. Бала туған соң, бір апта ішінде оған ат қою керек. 2 АИК студенттері арасындағы есімдерді зерттеу