Сыныбы: | 9 б | Пәні: | Қазақ тілі |
Сабақ тақырыбы: | Киелі сандардың құпиясы |
Сілтеме: | ҚР Білім беру стандарты, пән бағдарламасы, Қазақ тілі оқулығы- 9 сынып. Авторы: Артыкова Т.М., Боранбай М. Б. http://bilimkozy.idhost.kz/1600-sabak.html |
Жалпы мақсаты: | 1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу, сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың білімдерін тиянақтау. 2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату. 3. Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу. |
Әдіс- тәсілдер: | Блум таксономиясы бойынша сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіс- тәсілдері |
Күтілетін нәтиже | Халықтық ырымдарды, болжамдарды, тұжырымдарды қажеттілігіне қарай өз тәжірибесіне пайдалануға тырысады. Сандар сырын білуге құштарлығы артады. Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану; Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу; Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу. |
Негізгі идеялар | Оқушыларға қазақ халқының дәстүрлерін сандар арқылы үйрету. Сандар сырын білуге құштарлығын арттыру. |
Дереккөздер | Интернет деректері, бейнефильм , сайттар, ресурстар |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушының іс- әрекеті |
І Ұйымдастыру | Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Не құнды?» тренингін өткіземін | Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Не құнды ? екенін сыни ойлана отырып жауап береді (Мыс: отбасы құнды, білім құнды, уақыт құнды, салт- дәстүріміз құнды.) |
Топқа бөлу | Сыныпты 2 топқа бөлу, сыныпта 8 оқушы , әр топ 4 оқушыдан болады. | Сынып оқушылары пазлдар арқылы топқа бөлінеді: «Жеті» және «үш» тобы болып бөлінеді. |
| Үй тапсырмасын сұрау. Жұптық тапсырма. 1. «Мозаика» әдісі бойынша кеспе қағаздардан сөйлемдер құрау. 2. «Сұрақ- бізден, жауап –сізден»: 1 Енші дегеніміз не? 2. Жасау дегеніміз не? 3. Жерұшық қандай дәстүр? | 1. Оқушылар кеспе қағаздардағы сөздерден сөйлем құрайды. |
І. Білу,тану | 1. Кіріспе. 7 және 3 сандарының сыры туралы ой бөлісу. Қазақ халқында жеті, үш сандары киелі деп есептелген. |
ІІ. Түсіну (топтық тапсырма) | І топ «Жеті» тобы: Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме? ІІ топ: «Үш» тобы: Үш санына байланысты не айтар едіңдер? | І топ « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған, 17- ғасырда Тәуке ханның «Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болғанын айтады. ІІ топ Үш санына байланысты әр түрлі мәліметтер айтады. Мысалы: Үш із, үш ғайып, үш алыс, үш арсыз, үш байлық, үш мақсат , үш би т.б. |
ІІІ. Қолдану | «Ашық микрофон» Диалог орнату мақсатында жеті қазына туралы оқушылармен сұхбат. Жеті қазынаны білмейтін қазақ баласы жоқ деп ойлаймын. Соның негізінде ұлттық арнамыздан тілші келіп отыр. Бірнеше сұрақтар қояды. | Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді: Жеті қазынаға нелер жатады? Осы ұғымдарды жеті қазынаға жатқызу себебі неде деп ойласыңдар? Тағы қандай басқа санға байланысты ырым, нанымдар білесіңдер? |
Сергіту сәті | Бейнефильм көру. «Сандар сыры» | Әр оқушы өзіне ұнайтын сан ойлап, бейнефильмнен өзі туралы мінездеме тыңдай алады. |
ІҮ.Талдау | Оқулықпен жұмыс. 1.1,2 тапсырмаларды орындау. 2. Сатылай кешенді талдау жасау. | I тапсырма: «Үш» тобы : М. Мақатаев туралы айтып беру. «Үш бақытым» өлеңін оқу, үш бақытты атау. «Жеті» тобы: 1.Жеті жетімді атау. 2. Мәтін бойынша тоғыз жетімді атап, жазбаша орындау. ІІ тапсырма: Сатылай кешенді талдау: Екі топ жеті, үш сөз-деріне лексикалық- грамматикалық талдау жасайды. |
Ү.Жинақтау Топтық жұмыс | Жеті , үш сандары туралы мәліметтерді сәйкестендіру./слайдта жазылып тұрады/. Қасиетті сандар туралы мақал- мәтелдер айту. |
ҮІ.Бағалау | Бүгінгі тақырып бойынша не ұқтық? «Бір айналым сөйлем» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау. | Тақырып төңірегінде әр оқушы бір сөйлемнен айтып шығады. |
Қорытынды баға | Критерий бойынша әр оқушы гүл бейнесіндегі өзін- өзі бағалау бетшесіне баға қойып, орташа бағаларын айту керек. | Күнделіктеріне бағасын қойдырады |
Рефлексия | Сабақтан алған әсері | Сабақтан алған әсерін айтады. Көңіл күй смайликтеріне стикерлерді орналастырады |
Үй тапсырмасын беру. | 9,40 сандары туралы мәлімет жинау |