kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орфоэпия мено рфография

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орфография мен орфоэпияны оқыту тәсілдері жөнінде

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«орфоэпия мено рфография»

Орфография мен орфоэпия

Қазақ тілі және әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Орфография мен орфоэпия

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың грамматикадан оқып, үйренген ережелерін ойындар арқылы қайталап бекіте түсу. Сөздердің айтылу және жазылу нормаларымен таныстыру, мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу.

Дамытушылық: Жауапты тез таптырып, тапқырлыққа дағдыландыру. Жаттығу жұмыстары арқылы мағынаны таныту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Тіл дамыту жұмыстарын жүйелі әрі қызықты етіп ұйымдастырудың тиімділігін сезіндіру, ұқыпты, таза сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу; оқушыларды түгендеу;

б) қызығушылықты тудыру.

в ) психологиялық сәт

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені

Балалығым, бақытым, қазақ тілім дей келе сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Семантикалық картамен жұмыс.

Сөз---дауысты---жуан---жіңішке---ашық--- қысаң---еріндік---езулік---дауыссыз--- қатаң---ұяң --- үнді

Б

ұ

л

а

қ

2. Венн диаграммасын толтыру.

Дауысты дыбыстар ------------ Дауыссыз дыбыстар

3. «Кәсіподақ» сөзінің дауысты дыбыстарына математикалық тәсілмен талдау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Түсіндірме диктант.

Көкжиек, торы ала ат, жұлдыз, құндыз, Жанқожа, шекара, Жанболат, Бөгенбай, Жанпейіс, қара ағаш, қанды ағаш.

ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОЭПИЯ

Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.

Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.

Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу заңдылығы

Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір - біріне үндесіп айтылуы керек.

Ілгерінді ықпал

Жазылуы ----------- айтылуы

Көрікбай ------------ Көрікпай

Көк гүл -------------- Көк күл

Қас жау ------------- Қаш жау

Ашса ----------------- Ашша

Ішсе ------------------ Ішше

Қашса --------------- Қашша

Ала көз ------------- Ала гөз

Алып бер ---------- Алып пер

Тоқ бала ------------- Тоқ пала

Кейінді ықпал

Жазылуы ------------- айтылуы

Жанболат ------------ Жамболат

Кек алу --------------- Кег алу

Қара ала ------------- Қарала

Сақ адам ------------ Сағ адам

Он бес ---------------- Ом бес

Есенбай -------------- Есембай

Көп бала ------------- Көп пала

Тоқ екен ------------- Тоғ екен

Жаттығу жұмыстары

338 - жаттығу.

Бозша торғай – бошша торғай

Бозшағыл – бошшағыл

Бой алдыру – бойалдыру

Бой түзету – бойтүзету

Бойкүйездік – бойкүйестік

Жүріскер – жүрісгер

Жүрек айну – жүрег айну

Қаз табан – қас табан

Қайнар көз – қайнар гөз

Қайнар бұлақ – қайнар бұлағ

Қайтара айту - қайтарайту

Сап болу – сап полу

Сарала қаз – сарала ғаз

339 - жаттығу.

Жылан гөз - Жылан көз

Жыланғұрт - Жыланқұрт

Қайқаяқ – Қайқы аяқ

Қайран ғалу - Қайран қалу

Қайыр ғош - Қайыр қош

Қақ пөлу – Қақ бөлу

Саптаяқ - Саптыаяқ

Сарауыз – Сары ауыз

Сегіз ғанат - Сегіз қанат

Тапсырма: а) сөздердің орфоэпиялық нормасын сақтап жаз;

б) сөздердің орфографиялық нормасын сақтап жаз;

Сергіту сәті.Көңілді күн

Жұмбақ шешу.

1. Фонетикалық екі ұғым,

Бірімен - бірі сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді

(Дыбыс, әріп)

2. Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны жемек болсаң,

Он шақтысы еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығысып барып өтеді.

(Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

3. Оңға қарай оқысаң да бір халық,

Солға қарай оқысаң да бір халық.

Бір буыным – құс,

Бір буыным – түс.

(Қазақ)

Тапсырма: өнерпаз сөзіне фонологиялық сатылай кешенді талдау жасау.

Өнерпаз

1. аралас буынды сөз.

2. Ө - нер - паз

а. б. б. б.

3. Бір жағдайда тасымалданады

өнер - паз

4. Екпін - паз буынындағы - а дауысты дыбысына түседі

5. Өнерпаз ( )

6. дыбыс үндестігі

ІV. Білімді бекіту

1. Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді табыңыз:

А) жұлын

В) құман

С) жұлұн

2. Қай сөз орфографиялық нормаға сай жазылған?

А) Біріңғай

В) Жаңғожа

С) Жанпейіс

3. сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды табыңыз:

А) Менің қазақ тілін үйренгім келеді

В) Менің сұрағаным бола қоймады.

С) Су айнадай тап - таза екен.

4. Естілуі бойынша жазылған сөзді табыңыз

А) хайуан

В) тайаныш

С) жиналыс

5. Орфоэпия бойынша жазылған сөзді табыңыз:

А) күндүз

В) Сарыағаш

С) кемеңгер

V. Қорытынды:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: Ереже; 340, 341 - жаттығулар


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
орфоэпия мено рфография

Автор: Бейсембаева Шолпан Кайрбековна

Дата: 12.12.2016

Номер свидетельства: 368864


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства