Просмотр содержимого документа
«Мені? байтак Казакстаным»
Мұхамбетова Гүляйхан Сүндетқызы
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№6 орта мектебі» ММ
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі,
біліктілігі жоғары бірінші санатты
Қазақ тілі сабағы, 5 «А» сынып, тақырып: «Менің байтак Казакстаным»; сабақтың типі: білім мен біліктілікті практикада қолдана білу; сабақтың түрі: өткен тақырыпты пысықтау
Сабақта сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап әдісі, әңгімелесу, мәнерлеп оқу әдісі қолданылды. Оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, өткен тақырыпты қайталау үшін «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының кейбір стратегиялары қолданылды. Бұл стратегиялар оқушыларды өз бетінше тұжырымдауға тиімділікті таңдай білуге, проблеманы шеше білуге, пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастырады. Оқушылардың білім мен біліктілігін практикада қолдана білуге, шығармашылық жұмыспен айналыса білуге жаттықтырады.
1) білімділік: оқушылардың туған ел туралы білімдерін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, толықтыру
2) дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілетін дамыту, сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
3) тәрбиелік: өз Отанын, туған жерін сүюге баулу, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, отансүйгіш, саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу.
1 Ұйымдастыру кезеңі ( оқушыларды сабаққа бейімдеу)
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Бүгін кезекші кім?
Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Ауа райы қандай?
2. Оқушы Отан туралы өлең оқиды.
Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін
Достым, білгің келе ме?
Отан – сенің ата – анаң
Отан – досың, бауырың
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Отан – тарих, Отан –тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Мұғалім:
Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған? Қалай ойлайсыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
Жарайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақыры «Менің Отаным- Қазақстан»
(слайдтар бойынша жұмыс)
Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?
Қазақстан Республикасының елбасы кім?
Қазақстан Республикасының Рәміздерін атаңдар.
Туда не бейнеленген? Елтаңбада не бейнеленген?
ҚР қандай мемлекет?
Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз?
Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болады?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Ал, балалар, біз сендермен қай қалада тұрамыз?
Біздің қаламыз қандай?
3. Мұғалім: Балалар, Отан туралы қандай өлеңдер білеміз? (оқушылар Отан туралы өлеңдер оқиды)
4. Мұғалім: Балалар, Отан туралы өткен мақал-мәтелдерді есімізге түсіріп осы тапсырманы орындаймыз. Мақал-мәтелдерді толықтыру (интерактивтік тақтаны қолдану).
Отансыз адам ....... .Отан оттан да ....... .Ел бірлігі ..... .Туған елдей ел болмас ... . .... .Өзін өзі білген ел бақытты ........ .
5. Мәтін бойынша жұмыс жүргізу. Оқушылар мәтінді оқиды.( 3-слайд)
Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақстан – тәуелсіз, көпұлтты мемлекет. 1991 жылы16-желтоқсанда тәуелсіз болып жарияланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының туын, елтаңбасын, әнұранын бекітті.Қазақстанның басты қаласы –Астана.Қазақстанның табиғаты өте әдемі. Біз өз Отанымызды сүйеміз. Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз. Гүлдей бер, Қазақстан, біздің Отанымыз.
Оқушылар өз сөздерімен мәтінді мазмұндап береді
6. Берілген сөздерден »Қазақстан» деген сөзге байланысты сөздерді жазу.
(флипчарт бойынша жұмыс, интерактивті тақтада орындау) оқушылар артық сөздерді атайды
7. Мұғалім: Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталаймыз (балалар дыбыстарды қайталайды). Жаттығу орындау. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қою (флипчарт бойынша жұмыс).
1. Қазақстанның елта...басы бар. 2.Қаза...стан- тәуелсіз мемлекет.3. Елтаңбаны.... ек.. жа...ында қос пырақ бейнеленген.4. Мен өз Отанымды с...йемін.5. Қостанай қаласы- мен...ң ту...ан жерім. 6. Қазақстанның т...уелс...здігіне желтоқсанда жиырма жыл болады.
8. Полиглот ойынын ойнау (осы тақырып бойынша өтілген сөздерді қайталау)
Мұғалім:
1. Қазақстан қандай мемлекет?(үлкен мемлекет, большое государство)
2. Қазақстанның туы қандай түсті?( көк, голубой)
3. Астана қандай қала? (жаңа, новый)
4. Қазақстанның мемлекеттік тілі қандай тіл?(қазақ тілі, казахский язык)
5. Н. Назарбаев кім?( елбасы, президнент)
6. 16 желтоқсан қандай мереке күні?
7. Тәуелсіздікке неше жыл болады?
«Синквейн» әдісі бойынша бес жол өлең құру.
1. Зат есім: Отан
2. Сын есім: тәуелсіз, егемен
3. Етістік: гүлдейді, дамиды,көркееді
4. Сөйлем: Мен Отанымды жақсы көремін
5. Синоним: туған жер,туған ел
Мұғалім:
Біз бүгінгі сабақта өз білімдерімізді қайталадық, ө еліміздің патриоты екенімізді дәлелдедік, осы тақырып бойынша сөздерді қайталадық, сөйлемдер құруға жаттықтық.
10. Рефлексия
Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Сендер қандай білім алдыңдар? Егер сендерге сабақ ұнаса ,несімен ұнады?(оқушылардың ауызша толық жауаптары)