Просмотр содержимого документа
«Маманды?тар.урок »
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар.
Сабақтың мақсаты: Білімділік. “Мамандық” тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау, әр мамандықтың пайдалығын түсіндіру.
Дамытушылық: Сөз, сөз тіркес, сөйлем құрастыру арқылы ауызша- жазбаша сөйлеу әдетін дамыту, сұраллар арқылы, тындағандарын қалай түсінгендігін тексеру, диалог, әңгіме құрастыруға дамыту.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың эпиграфы: “Әр адам өз мамандығының шебері болуы керек”
Н.Ә. Назарбаев
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Кіріспе сөз: Өлеңді оқып айту.
Ата- ананың тілегі-
Адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі-
Адал болып өскенің.
Отаныңның арманы-
Жақсы маман болғаның
Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа бару үшін бұрын бірнеше сұраққа жауап беріндер. (Назарбаевтың сөзін оқу аудару).
Бұл кім? Қазақстанның астанасы қай қала? Сендер қай Республикада тұрасындар? Сендер қай ауылда тұрасындар?
Жақсы сұраққа жауап бердіңдер. Енді саяхатымызға барайық. Сендер білесіндер әр елдің, қаланың, ауылдың атауы бар. Біз баратын елді білу үшін сыйқырлы тапсырма орындаймыз.
“Түсін мені” деп аталады.
Мен сендерге бірнеше сипаттама айтамын, сендер дұрыс шешімін табасындар.
Балалар, сндер үш қабатты үйге білім алуға келесіңдер. Осында жұмыс істейтін адамдар ақылды, мейірімді, тәжірибелі. Ол қандай ғимарат? Онда кімдер жұмыс істейді?
Сипаттаманы дұрыс шештіңдер. Олар мұғалім, дәрігер, сатушы, аспаз. Оларды бір сөзбен қалай атауға болады? (Мамандық)
Сонымен, балала, сендермен мамандық еліңе саяхат жасаймыз.
Біздің сабақта қонағымыз Тазша бала. Оның әкелген тапсырмасы“Сиқырлы аудармашы”. (Дәрігер Мұғалім) мамандыққа байланысты тек керекті сөздерді табу, оқу, аудару.
Келесі тапсырма. “Сөздерді жина” деп аталады. (Аспаз Кітапханашы)
Мына сөздерді қатыстырып, сөйлем құрандар. 5 минут беріледі.
Келесі сиқырлы тапсырма “Ойлан, тап” деп аталады. Біз сендермен етістіктің шақтарын өткен болатынбыз. Соны қайталау мақсатында осы тапсырманы орындаймыз. Сатушы Жүргізуші
сатты жүргізді
Сатушы сатады Жүргізуші жүргізеді
сатып отыр жүргізіп отыр
Етістік нені білдіреді? Оның сұрақтары қандай? Етістіктің шақтары қанша? Оның жұрнақтарын айтындар.
Жақсы саяхатымызды жалғастырайық.
Келесі тапсырма “Сиқырлы сұхбат” мына суреттердің көмегімен сұхбат құрастырындар. (Сұрақтарға жауап беріңдер).
Келесі тапсырма “Сиқырлы сөз жұмбақ”.
Берілген әріптермен сөз құрастыру.
С, І, Р, Ж, Л, О, К, Е Ш, Қ, Ұ, Ш, Ы
Г, І, Ш, І, Т, І, Н А, Ғ, Ы, Р, К, Ш, Е, Р
У, А, Н, Ш, А, Б, Й, Ы Е, Ш, І, Г, Н, І
Келесі тапсырма “Мен саған, сен маған” деп аталады. Әр топ бір- біріне сұрақтар қояды.
Балалар, мамандық еліне келдік.
Сабақты қорыту үшін мына тапсырманы орындаймыз. Мен сендерге өлеңдер оқимын, ал сендер кімдер туралы екенін айтасындар.
Өлеңдер оқу.
Іш ауырса, тіс ауырса
Дәрігер дәрі береді.
Барлық бала, барлық адам
Оны жақсы көреді.
Түсті, әдемі матадан
Түрлі киім жасаған.
Ең керекті халыққа
Маған үлгі осы адам.
Тоқтықтың бар тарқауы
Ас- адамның арқауы
Аспаз бола алмайды
Адамдардың жалқауы
Бас бітімін адамның
Сәндеп, жөндей алар кім?
Мен шаштараз болармын
Баппен шашты алармын.
Сонымен келесі тапсырма “Кім болғым келеді?” шағын әңгіме жазасыңдар. Сендер дәптерге өз ойларыңды жазыңдар. Мамандық қандай болу керек және ол не үшін істеу керек. (Балалардың әңгімесін тындайық)
Рефлекция: Сабақта не істедік. Сабақ ұнады ма? Не естерінде қалды?
Баға қою.
Әр мамандықтың өз пайдасы, қызығы мен қиыншылығы болады, тандаған мамандықтарынды жүрек қалауымен тандандар, сонда ғана жұмыстарының жемісін көресіңдер. Сол үшін еңбек ету керек.
Үйге: 103 бетте мақал- мәтелдерді оқып, түсініп, жаттау.