kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

КСП урока русской литературы в казахской школе на тему С.Е.Щедрин "На барском дворе"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это примерное краткосрочное планирование урока русской литературы в 6 классе казахской школы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«КСП урока русской литературы в казахской школе на тему С.Е.Щедрин "На барском дворе"»

Білім берудің жаңа сапасы – педагогтерді оқыту және олардың белсенділігін арттыру

Уақыт ағыны мен заман талабына бағытталып болашақ үшін жүргізіліп жатқан игі қадамдардың бірі – білім саласындағы өзгерістер, нақты айтқанда, жаңартылған білім бағдарламасының енгізілуі. Сан ұрпақты білім мен тәрбиемен сусындатып келген, қалыптасып қалған дәстүрлі педагогиканың арнасынан ауысып оқытудың жаңа бағдарламасына бет бұру ұстаз бен шәкірт үшін де, ата-аналар үшін де үлкен жаңалық болғаны рас. Кез-келген жаңа бастамаға қай кезде де сенімсіздік пен түсінбеушіліктің болатыны заңды нәрсе. Алайда бугінгі күні білім ошақтарында бейімделу кезеңі жүріп жатқанымен ұстаз да, шәкірт те жаңалықты жатсынбай біраз төселіп қалғандығын айтуға болады.

Жаңаша оқыту үшін мұғалім бағдарламаның мақсат, мазмұнын, ерекшеліктерін нақты біліп, әдістемесін шебер меңгеріп, тіпті өзінің кәсіби-тұлғалық сапаларын да жаңартуы керек. Жаңа ұстаз шәкіртке дайын білімді ұсынушы, үйретуші емес, бақылаушы, бағдарлаушы. Оқушы білімді өзі ізденіп табады, өз жетістігін өзі бағалайды, өзінің нені біліп, нені білуі керек екенін өзі анықтайды. Бұрын баланың мектепте алған білімі көп жағдайда оның қажеттіліктерін өтемеген болса, қазір өміріне пайдаға асыруы тиіс, оның жеке тұлға ретінде қалыптасып шығуы басты мақсат. Сондықтан да ол әр сабақта біліп, түсініп, қолданып, талдап, жүйелеп, бағалап үйренеді, өмірде де өз керегін алуға дағдылары қалыптасады.

Қазіргі таңда ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге Үкімет тарапынан мүмкіндік жасалып, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында облыс мұғалімдері білім берудің жаңа мазмұны бойынша біліктіліктерін арттырып, жаңартылған бағдарламаның мақсатын, оқушыны өз бетімен оқуға жұмылдыру үшін қажетті оқыту дағдыларын шыңдап, жаңа бағытта сабақты ұйымдастыруды үйренеді. Бүгінгі таңда облысымыздың 4055 ұстаз жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілігін арттырды, 2018 жылы тағы да 1817 ұстаз жаңартылған бағдарлама аясында біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады.

Жаңа бағдарламаға сай қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәні 1-сыныптан бастап оқытылады. Бұл пәнді оқытуда басымдылық коммуникативті тәсілге беріледі, оқушыларға өзге тілді үйретуде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту көзделген. Балалар алдымен тыңдау арқылы ақпаратты қабылдап, сөйлеп үйренеді, ақпаратты оқу арқылы оқылым дағдысын шыңдайды, тыңдау мен оқу арқылы алған ақпараты туралы айтып көреді, соңында ол туралы жазады. Тілдік дағдыларды дамытуда оқытудың белсенді әдістері қолданылады. Басты рөлде оқушы тұлғасы, оны қызықтыру, зейінін шоғырландыру, білімді алуға дайындау, өмірлік тәжірибесімен байланыстыру, өз бетімен білімді іздеп табуға бағыттау, ойлату, білім мен білігін қаншалықты дамытқанын өзіне бағалату. Жаңа бағдарламамен бірге бағалаудың критериалды жүйесі енгізілді. Яғни, оқушы білімін белгіленген критерийлер негізінде тек мұғалім ғана емес, оқушының өзі де, сыныптасы бағалайтын болды. Бұл бағаның объективті болуын қамтамасыз етеді, оқушылардың жауабын немесе жұмысын бір бірімен салыстыруды болдырмайды, баға үшін емес білім үшін оқуды алға шығарады, оқушылар өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтап, алдағы білім алу жолын іздестіруді үйренеді, өзін-өзі, өзгені бағалау дағдыларын дамытады.

2017 жылдың мамыр айында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсынан өттім, қазіргі таңда 1,2,5,7-сыныптарға жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп келемін.

Сабақтың мақсаты бұрын мұғалімге арналып қойылып, сабақ соңында сабағым мақсатына жетті дейтінбіз, ал қазір мақсат оқушының қажеттілігіне бағытталады.Оқушылар сабақтың табыс критерийін анықтауды, жұптарда, үштіктерде, топтарда жұмыстануды үйреніп қалды.Әр сабақтан өзгеше бір жаңалық күтіп, құлшыныстық танытады. Мұғалімнің жаңа материалды айтып бергенінен гөрі оларға өз еңбектерімен нәтижеге қол жеткізулері қызығырақ.Бірі-бірінен үйренеді, үйретеді.Орыс тілі сабақтарында әсіресе мәтінмен жұмыстану барысында қолданылатын тәсілдер өте тиімді. «Ыстық орындық», «Коктейль таяқшасы», «Әткеншек», «Суреттер арқылы оқу», «Кейіпкерді қабырғада бейнелеу», «Венн диаграммасы», «Уақыт картасы», «Стоп-кадр» сияқты әдіс-тәсілдерді қолданып кереметтей өзгерістерге куә боп жүрмін.Орыс тілдік ортасы жоқ ауыл баласы үшін және тілдік кедергілерді қалай бағындырам деген қиналған мұғалім үшін де жаңаша тәсілдердің көмегі зор. Балалар баға үшін емес, білу үшін оқу керектігін түсіне бастады. Әр оқушы өз деңгейінде,өз мүмкіндігінше жұмыстанатындықтан сабақта бос зерігіп отыратын оқушы болмайды. Олар өздері үшін әр сабақта алған ақпараттарының жиынтық бағалау тапсырмаларын орындағанда қажет болатындығын түсінді. Сонымен бірге сабақ соңында рефлексия жасауды және өзін, сыныптастарын шынайы бағалауды үйреніп қалды. Әрине орыс тілінде жеткізуге қиналатын кездер де болып жатқанмен біздер қиындықтарды бірлесіп жеңуге тырысамыз.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында 2018 жылдың ақпан айында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін ұйымдастырылған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында 5,7-сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқыту ерекшеліктері» атты семинарға қатысып, оқыту барысы жөнінде сұрақтарымыз бен мәселелерімізді ортаға салып, бір бірімізбен тәжірибе алмастық. Әріптестеріміз семинардың уақытылы ұйымдастырылғанын, назар аударатын мәселелерге көңіл бөлуге мүмкіндік бергенін, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап, алдағы жұмысына шабыт алғандарын атап өтті. Айта кету керек, курстан кейінгі мұғалімдерге өткізіліп жатқан оқыту семинарлары біздің оқыту дағдыларымызды шыңдап, әдістемелік қолдау берді, онлайн режимінде көрсетіліп отырған жүйелі қолдау, әрқайсымызбен орнатылған байланыс біздің одан әрі кәсіби жетілуімізге жол ашты. Осындай бірлескен ынтымақтастықтың арқасында еліміздегі білім беру саласындағы игі қадамдар тиісті нәтижені жақындата түсетініне сенемін.


«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ

БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін

арттыру институтының аға оқытушысы, тренер Зулкашева Ш.М.,

Казталов ауданы , Сатыбалды НЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сарбаева Г.Ф.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
КСП урока русской литературы в казахской школе на тему С.Е.Щедрин "На барском дворе"

Автор: Г.Ф. Сарбаева

Дата: 09.02.2018

Номер свидетельства: 455911


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства