3.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ой лау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.
3.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ой лау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.
Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
48-жаттығуды орындау
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
1.Сөздің тура және ауыспалы мағынасын туралы айтып, мысал келтіріңдер.
ІVЖаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы болды. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие болып жатады. соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да дамып,жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сз табына қатысты болады.
Мысалы:
Бас(зат есім)-1)адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі;2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, төбесі; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері;5) таяқтың ұшы;6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы ; 7) бір нәрсенің айналасы.
Ата(зат есім)-1) үлкен әке, әкенің әкесі;21) ата жолы- ескіден қалған жөн –жоба, әдет – ғұрып;3) ата жұрт- ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.
Сонымен, сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Өздік жұмыс
Төмендегі сөздердің тура және ауыспалы мағынасына тіркес құра.
Төмен, алыс, мықты.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс.
51 – жаттығу
Төмендегі сөздердің қосымша туынды мағыналарын анықтап, кестені толтырыңдар
Атауыш сөздер
Бастапқы мағынасы
Ауыспалы мағыналары
Түбір
Кілт
Бел
Түп
Құлақ
Өсімдік түбірі
Ашатын құрал
Адамның дене мүшесі
Ыдыстың асты
Дене мүшесі
Сөздің түбірі
Дүниенің кілті, көңілдің кілті
Тау, дөң немесе дөмпешік
Ағаштың түбі
Домбыраның құлағы
52 – жаттығу
Төменде берілген көп мағыналы сөздердің қосымша мағыналары қандай бастапқы мағынадағы сөздерден таралғандығын анықтаңдар.