Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларды сөйлем түрлерімен таныстыру. Оқушыларға хабарлы сөйлем туралы түсінік беру. Мәтін, сөйлем жайындағы білімдерін, байқағыштық қабілеттерін, каллиграфиясын жетілдіру.
Дамытушылығы: сөздік қорын, сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: топпен жұмыс істей отырып еңбектенуге үйрету, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тірек сызба, сын тұрғыдан ойлау.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, қыс туралы сурет, тірек сызба, тест.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Қара, достым, жан-жаққа!
Дайынсың ба, сабаққа?
Орнында ма, қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар.
Оқушылар: Қарадық біз жан-жаққа
Дайындықты көрейік
Орнында тұр барлығы
Сабақты бастай берейік.
Балалар, бүгін біздің сыныпқа Қожанасыр ата қонаққа келіпті. Ол жай келмепті, қоржынын толтырып тапсырмалар ала келіпті.
Қожанасыр кім? (Күлдіргі әңгімелердің кейіпкері)
Қожанасырдың 1-ші тапсырмасы: «Берілген сөздерден сөйлем құра».
аяғын, басады, әрең, құлыншақ
үйлер, көрінді, биік, алыстан.
бар, кітаптар, қызық, кітапханада
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қожанасырдың 2-ші тапсырмасы:
Қожанасыр мағанда тапсырма ала келіпті. Сөйлемнің түрлерімен таныстыр депті. Сөйлем мағынасына қарай: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем болып үшке бөлінеді.
IV. Оқулықпен жұмыс.
Қожанасырдың 3-ші тапсырмасы:
1-жаттығу. Сурет бойынша қысқаша мәтін құрап жаз.
Қыс.
Қыс келді. Жер бетін аппақ қар жапты. Балалар далаға ойнауға шықты. Олар қардан аққала жасады. Аққала әдемі шықты.
Қожанасырдың 4-ші тапсырмасы: 3-жаттығуды орындаймыз.
Сөздерді оқы. Сөздерден не жайында сөйлем құрастыруға болады? Сөйлемдерді жаз.
Жұмбақ шешу.
Аппақ қардай тоны.
Күжірейген жоны.
Көзі қызыл моншақ,
Кім біледі оны?
(қоян)
Қыс келді. Қар қалың жауды. Қоян ақ тонын киді. Орманда қоянның іздері көп.
Қоянды сипаттап көрейік.
Қожанасырдың 5-ші тапсырмасы: Сәйкестендіру тесті.
Мақалдың жалғасын тап.
Байлықтың атасы – еңбек, Тұлпар биеден туады.
Ақыл – көкке жеткізер, Анасы – жер.
Алып анадан туады, Өнер – көкке жеткізер.
5-жаттығу. Қай сөйлемдер аяқталған ойды білдіріп тұр? Сөйлемдерді көшіріп жаз. Тыныс белгісін қой.
1. Аязды күні торғайлар.
2. Біздің сынып.
3. Алмат сабақтан кешікпейді. Болат күшікті үйге әкелді.
V. Сабақты қорытындылау.
Қожанасырдың 6-шы тапсырмасы: Тест сұрақтарымен жұмыс.
Сөйлемнің неше түрі бар?
а) 2. ә) 1. б) 3.
Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
а) нүкте. ә) леп белгісі. б) сұрау белгісі.
Сөйлем дегеніміз не?
а) тиянақты ойды білдіреді?
ә) заттың қимылын білдіреді?
б) заттың түсін білдіреді?
4. Мәтіннің неше түрі бар?
а) 3. ә) 2. б) 1.
Қожанасырдың 7-ші тапсырмасы: «Сөзді тап»
VI . Үйге тапсырма.
2-жаттығу. Сөйлем, хабарлы сөйлем ережесін жаттау.
VII. Оқушыларды бағалау.