Просмотр содержимого документа
«"??рмалас с?йлемдерді ?айталау" та?ырыбында саба? жоспары (8-сынып)»
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 8 «А»
Күні: 11 наурыз
Сабақтың тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен материалдармен байланыстыра отырып, оқушының білімдерін бекіту, тиянақтау.
Дамытушылық: дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге, үлкенді сыйлауға, өз елінің дәстүрін, әдет-ғұрып, салт-санасын білуге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, этнопедагогика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты мен міндетін айту.
Балалар, біз «Алтын қақпа» ойынының қандай ойын екенін білеміз ия? Тас, күміс және алтын қақпаның тапсырмаларынан өткен адамға ғана сиқырлы сандық ашылады. Ендеше бүгінгі сабақта сиқырлы сандыққа жету үшін үш қақпаның сұрақтары мен тапсырмаларынан сүрінбей өтуіміз керек.
Алдымыздан бірінен соң бірі ашылатын 3 қақпа кездеседі: тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа. Әр қақпада түрлі тапсырма бар екен, соларға жауап беріп көрейік.
ІІ. Тас қақпаның тапсырмалары: Жай сөйлем дегеніміз қандай сөйлем? Жай сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер? Жақты және жақсыз сөйлемдер қандай сөйлемдер? Жалаң және жайылма сөйлемдер қандай сөйлемдер? Толымды және толымсыз сөйлемдер қандай сөйлемдер?
Күміс қақпаның тапсырмалары: Сөйлемді талда. 1. Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. (құрылысына қарай: жай сөйлем, айтылу мақсатына қарай: хабарлы, жақты, жайылма, толымды) 2. Біздің ашық сөйлесуіміз керек (құрылысына қарай: жай сөйлем, айтылу мақсатына қарай: хабарлы, жақсыз, жайылма, толымды).
Алтын қақпының тапсырмалары: Сөйлем талда. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. (құрылысына қарай: құрмалас сөйлем, түрі: ыңғайлас салалас, жалғаулықсыз). Егер сен үнемі жоспар құрып отырсаң, істеген жұмысың жүйелі болады (құрылысына қарай: құрмалас, түрі: шартты бағыныңқылы сабақтас, сызбасы: бағыныңқылы-басыңқы, жасалуы: -са шартты райдың жұрнағы.).
ІІІ. «Сиқырлы сандық»
Оқушыларға үлестірме қағаздар таратылады. Үлестірме қағаздарда жай сөйлем мен құрмалас сөйлем түрлеріне байланысты талдау жұмыстарына арналған сөйлемдер берілген.
1.Жаңбыр сіркіреп тұр. (құрылысына қарай: жай сөйлем, айтылу мақсатына қарай: хабарлы, жақты, жалаң, толымды).
2. Диас сабаққа келмегендіктен, мен оған ескерттім (құрылысына қарай: құрмалас, түрі: себеп бағыныңқылы сабақтас, сызбасы: бағыныңқы-басыңқы, жасалуы: -ген есімше+дықтан (-дық+тан)жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалған)
3. Ерхан үйге кіргенде, олар кешкі асты ішіп болған еді.
4. Наурыз туса да, қыстау қар астында жатыр.
5. Мен межелі уақытында келдім, бірақ сен жоқсың.
6. Айдос Сәкенді танымады, сондықтан екеуі тіл қатысқан жоқ.