«Ой қозғау»сатысы. Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Осы ойларын атап жазыңдар.
Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құрмалас сөйлемдер.
Тапсырма: Берілген ойды жалғастырып, сабақтың мақсатын анықта.
1. Кез келген адамда қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсақты болады, сондықтан ол өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша, ...
2. Адам өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді. Сол уақытта адам ойын дұрыс құрастырып, сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін дұрыс қою қажет. Сондықтан менің мақсатым ...
3. Басқа адамның сөзін тыңдай білу де өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн...
Сергіту сәті:Өмірлік ұстанымыңды анықта:
Өмірлік ұстаным:
Шартты бағыныңқы сабақтас: Адам туған тілін құрметтемесе, өзін де құрметтемейді.
Қарсылықты салалас: Ғалым болу - міндет емес, білімді болу - парызың.
Мақсат бағыныңқы сабақтас: Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек.
Себеп-салдар салалас: Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас: Менің ойымша, мақсатқа жетудің үш жолы бар: білім жолы, еңбек жолы, сенім жолы.
«Ой жалғау» сатысы
І. Қайталау – білім анасы,
ІІ. Талдау – табыс кілті,
І. Қайталау – білім анасы.
Шарты: Құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас сөйлем түрлерін «Венн диаграммасы» бойынша ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтайды.
2. «Графикалық сызба» бойынша мағыналық түрлерін анықта.
Құрмалас сөйлемнің түрі
Мағыналық түрі
Жасалу жолы
1. Салалас құрмалас сөйлемдер:
Түсіндірмелі салас:
Адамды екі нәрсе қартайпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз.
Қарсылықты салалас: Көз – қорқақ, қол – батыр.
Себеп-салдар саласа: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.
Ыңғайлас салалас: Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра
Талғаулы салалас:Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер:
Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес (шартты бағыныңқы сабақтас)
Тұрмысың жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.(мақсат бағыныңқы)
Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады. (Мезгіл бағыныңқы сабақтас.)
Адам болып туғандықтан, адамдықты бағала. (Себеп бағыныңқы сабақтас)
Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды. (Қимыл- сын бағыныңқы сабақтас).
«Кім жылдам?» Оқушылар сөйлем оқылысымен құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін анықтау керек (ауызша жұмыс).
Абай есіктен кіре , үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын сәлем берді. (қимыл-сын) Үлкендер үй ішінен қатты пысынап шыққанда , бұл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп жүр екен. (мезгіл) Телғара бұлардың қасынан оқшауыңқырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. (қимыл-сын) Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс, күземді ерте алып көшіп еді. (себеп) Қонысымыз алыс болғанымен, көңіліміз жақын.(қарсылықты)
Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік. (мақсат) Ербол да сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, досы Абай сияқты сөзін таза, мінсіз шығаратын еді. (шартты) Абай шошыған кісідей ұйқысынан оянғанда, қараңғы түнді таң жарығы жеңіп, терезе бозара бастап еді. (мезгіл) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады. (себеп) Бетінен оты шықса да , Құнанбайдың сөзіне көнбесіне Тәкежанның шарасы болмады. (қарсылықты) Абай әкесіне сәлем бермек болып, әжесінен рұқсат алды. (мақсат) Ошаққа аққайыңның қабығын салмайынша, қазандағы ет көп қайнаусырайды. (шартты)
ІІ. Талдау – табыс кілті. Берілген сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса.
(Өз сабағымда оқушылардың айтқан пікірлерін жазып отырмын)
«Ми» суреті
Жауап:Адамның миы, басы жалғыз болғанмен, ойы сан қырлы болады, сол ойын құрмалас сөйлемдер арқылы сыртқа шығарады.
«Алтыбақан»суреті
Жауап: Адамның өмірі алтыбақан сияқты қимыл -қозғалыс пен іс-әрекет тұрады. Сол қимылын бақылап тұратын алтыбақан сияқты, салалас пен сабақтас сөйлемнің мағыналық түрлері арқылы адам іс-әрекетінің мезгілін, себебін, шартын т.б. білдіреді.
«Сағат»Адам өмірі сағаттың айналымындай қысқа, сағат тілі он екіге жеткенше адамның өмірінде түрлі ойлар туындап, түрлі істер іске асады. Біздің тілегіміз адамның сағаты тоқтамай, әр минуты мағыналы болсын демекпіз.
Үй жұмыс: І топ «Қазақтың ырымдары мен тыйымдарындағы құрмалас сөйлемнің қолданысы»
ІІ топ «Адамгершілік қасиеттерге қатысты мақал-мәтелдердегі құрмалас сөйлемдердің жасалу жолы»
Түсініктеме: Сабақ сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде жасалған. Оқушыларды іздендіру, алған білімін жүйелеу, салыстыру және қолдана білу. «Ой қозғау» кезеңінде жаңаша бағыт бағдармен іздену, оқушылардың өздігінен талаптануына мүмкіндік жасайды. Сөйлем мүшелерінің жасалу жолымен сөйлем ішіндегі байланыстарға көңіл бөлуге ұмтылдырады. Сөйлемдерді мағыналық тұрғыдан салыстыру, білдірітін мағыналарына талдау жасау құрмалас сөйлемнің өзекті тамыры, оны сөз тіркестеріне не сөйлем мүшелеріне талдау- синтаксисті меңгеру деген сөз.