kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілінен ашы? саба? "Ы??айлас салалас "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы:  Ы??айлас салалас

Саба? ма?саты:      а)ы??айлас салалас с?йлем, жасалуы, т?рлері туралы 

                                 т?сінік беру.

                                 ?)о?ушыларды? логикалы? ойлауын, ?абылдау, т?йсіну                      

                                 ?абілеттерін жетілдіру, ?зіндік пікір ?алыптастыру?а                    

                                 жетелеу,шы?армашылы? ізденісін арттыру

                                 б)с?з ?неріні? ?адірін т?сіне білуге баулу, поэзияны с?йе  

                                 білуге, ?лы а?ындарымызды? ?ле?-жырларынан та?ылым  

                                 ала білуге т?рбиелеу

Саба? т?рі:Жа?а материалды игерту

Саба? типі:Білім мен ?рекет т?сілдерін кешенді ?олдану саба?ы

Саба?ты? ?дісі:сын т?р?ысынан ойлау стратегияларын ?олдану

К?рнекілігі: электронды о?улы?, ма?ал-м?телдер жина?ы,сызба-

                      кесте,компьютер,дауыс зорайт?ыш

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен ашы? саба? "Ы??айлас салалас " »

Сабақ тақырыбы: Ыңғайлас салалас

Сабақ мақсаты: а)ыңғайлас салалас сөйлем, жасалуы, түрлері туралы

түсінік беру.

ә)оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түйсіну

қабілеттерін жетілдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға

жетелеу,шығармашылық ізденісін арттыру

б)сөз өнерінің қадірін түсіне білуге баулу, поэзияны сүйе

білуге, ұлы ақындарымыздың өлең-жырларынан тағылым

ала білуге тәрбиелеу

Сабақ түрі:Жаңа материалды игерту

Сабақ типі:Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы

Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану

Көрнекілігі: электронды оқулық, мақал-мәтелдер жинағы,сызба-

кесте,компьютер,дауыс зорайтқыш

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларын түгендеу,оқушылардың

сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақ


Қызығушылықты ояту

Бүгінгі сабағымызды поэзияның пайғамбары- Абай атамыздың

өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Хакім Абайдың поэзияға жоғары талап қоя білген, оған өнер,тәрбие,өнеге құралы деп қараған,қазақ өлеңінің құрылысына, тақырыбы мен мазмұнына, түріне көптеген сапалы өзгерістер, тың өрнектер қосқан жаңашыл суреткер екенін бәріміз де білеміз.Ендеше,Абай атамыздың ойын негізге ала отырып, жаңа тақырыпты меңгерту барысында жасалатын жұмыстарымызды, ойымызды өлең, поэзия атты құдіретті сөздермен байланыстырып отырамыз.

Мағынаны тану (мұғалімнің тақырып туралы түсіндірмесі)

Ыңғайлас салалас

Құрамында жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екішісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.

Мысалы: Көшті жайлауға жөнелтіп жіберді де, Есеней Ұлпан қыстау салатын жер көруге жүріп кетті. (Ғ.М.)

Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді.

Жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарап, ыңғайлас салаласты екіге бөлеміз:

1)Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас.

2)Жалғаулықты ыңғайлас салалас.

1. Жалғаулықсыз ыңғайлас салаластағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Мұндайда олардың баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады.

Мысалы: Құдай салды - біз көндік. (Ғ.М.)

Аттар еттеулі, сойылдар сүйеулі. (Ғ.М.)

2. Жалғаулық шылаулары: және, да/де, та/те, әрі.

Да/де жалғаулықтары ыңғайлас салаластың құрамында жай сөйлемдерінің әрқайсысымен қайталанып немесе қайталанбай, олардың арасында бір-ақ рет келіп те тұра береді. Ал және жалғаулығы ешқашан да қайталанбай, құрмаласқан жай сөйлемдерінің арасында бір-ақ рет келіп тұрады.

Мысалы: Салтанат салқындап, ақшыл тартқан жүзбен көзін төмен

салды да, Абайға тағзыммен бас иді. (М.Ә.)

Қол жетпес зәулім терек те бір күні қурайды да, құлайды, әуелеп ұшқан ақ сұңқар да бір күні төп етіп жерге түседі.

ІY.Сабақты бекіту

Бекіту тапсырмалары:

Оқулық бойынша жаттығу:

97-жаттығу (ауызша)

98-жаттығу (жазбаша)

99-жаттығу (жазбаша)

Жеке оқушымен жұмыс түрлері:

Интерактивті тапсырмалар:

Мақалдың жалғасын тауып, ыңғайлас салалас жаса. Бір мақалды сөйлем мүшелеріне талдап көрсет.

Өлең, сөз құдіреті туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

А) Аққу көлін аңсайды...

..........................................

Ә) Бірлігі жоқ ел тозады...

............................................

Б) Жүк ауырын нар көтереді...

..................................................

В) Ағаш тамырымен мықты...

..................................................

Абай “Әбдірахман өлгенде” өлеңі

Тұла бойың ұят-ар едің,

Ескеріп істеп, ойлаған.

Тәуекелге нар едің,

Талаппен терең бойлаған.

Ерлікке де бар едің,

Үйренуге тоймаған.

Жасқа жас, ойға кәрі едің,

Атаңның атын жоймаған.

Замана, неткен тар едің,

Сол қалқамды қоймаған?!

а) Өлеңді өз сезімдеріңді, көңіл-күйлеріңді білдіріп оқыңыз және неге олай оқығаныңызды түсіндіріңіз.

ә) Өлең құрылысына назар аударыңыз. Салаласа байланысқан өлең жолдары бар ма?

Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар:

Мұқағали Мақатаев өлеңін компьютер арқылы тыңдату.


Тапсырма: Ақын өлеңінен алған әсеріңізді, ақын туралы ойыңызды ыңғайлас салалас құрмаластың жасалу жолдарын ескеріп сөйлемдермен жеткізіңіз.


Ой толғаныс

«Туғанда дүние есігін ашады өлең» эссе жазу

Y .Үйге тапсырма: 1) оқулықтан жаттығулар;

2) Жергілікті ақындардың бір өлеңін жаттап келу.

YІ.Бағалау.

YІІ.Қорытындылау.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да олардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?-деп ақын жырлағандай, өлең өнерін құрметтей білейік, сөз қадірін түсіне білейік!Ойымызды жеткізуде құрмалас сөйлемдерді қолданайық!





Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас

Сабақтың мақсаты: а)түсіндірмелі салалас, жасалуы, түрлері туралы мәлімет

беру .

ә)білім мен білік дағдыларын қалыптастыру, дүниетаным

қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу.

б)адамгершілік қасиеттерді сіңіре білуге, үлкеннің ақылын

тыңдап, ғибрат ала білуге, білімнің қадірін түсіне білуге

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Оқушылардың шығармашылығы мен ізденушілігіне бағытталған

практикалық сабақ

Сабақ типі: Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы

Сабақтың әдісі:топтық, жеке жұмыс түрлері,талдау,түсіндіру, ой қорыту

Көрнекілігі: электронды оқулық, сызба-кесте,компьютер, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларын түгендеу,оқушылардың

сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Қарсылықты салалас сөйлем.Жасалуы. Түрлері.Жаттығу жұмысы,ойтолғау.

ІІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың эпиграфы

“Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,

ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің

бәрі де -ақымақшылдық”

Абай, 13-сөз

Әдебиет сабағынан Абай атамыздың 17-қара сөзімен танысып едік. Ақын ақыл, қайрат, жүректі әкеліп ғылымға жүгіндірді емес пе?! Адами қасиеттерді бойына жинаған, ғылымға ден қойып, білуге ұмтылған жастарға

қашан да алдарынан жарқын болашақтың күтіп тұрары сөзсіз.Абайдың осы сөзін үнемі ескеріп, жадымызда ұстап жүрейік! Бүгінгі өтетін салаластың түрі-Түсіндірмелі салалас(мұғалім түсіндірмесі)

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.

Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер болады. Олар: мынаны, мынау, сол, сонша, соншалық, сондай.

Тыныс белгісі: қос нүкте(:) не сызықша(-) қойылады.

Мысалы: Оның жазасының түрі санаулы-ақ: кластан тырқыратып қуып шығады. (Б.С.)

Менің сендерге берген парам сол - дәл сол Құнанбай баласы да өзіміздей адам баласы екені таныттым. (М.Ә.)

Сызбасы:

__________ : __________.

__________ (баяндауышы – сілтеу мәнді сөздер мен сілтеу есімдіктері) – _________.

ІY.Бекіту кезеңі:

Сыныпты 3 топқа бөліп, тақырып бойынша тапсырмаларды орындаймыз.

1-топ «Ақыл» 2-топ «Қайрат» 3-топ «Жүрек»

Оқулық бойынша жаттығулар:

110-жаттығу (ауызша) 111-жаттығу (ауызша) 112-жаттығу (жазбаша)


Интерактивті тапсырмалар:

1-топ «Ақыл»

1. Төмендегі сөйлемдерге мағынасы сай келетін жай сөйлем ойлап қосып, түсіндірмелі салалас құрастырыңыз.

Біздің оларға айтарымыз мынау: ............................................................................................................ .

...............................................................................................................- үй жақтан еш дыбыс білінбейді.

................................................... сонша – Елубай қамысты жалпақ көлге келіп қалғанын байқамапты.

Ауыл іші ың-жың дауыс: ..........................................................................................................................

2-топ «Қайрат»

2. Сөйлемдерді көшіріп жазып, соңғы жай сөйлем алғашқысының құрамындағы қай сөздің мағынасымен байланысты түсіндірмелі қатынаста тұрғанын табыңыз. Сол сөздің астын сызыңыз.

1. Бабамнан қалған асыл бар: ол – мынау жатқан көлдер, ол – мынау жатқан асулар: ол – мынау жатқан өткелдер (С.М.). 2. Не көрмеді бұл Жәуке: қойшы да, сиыршы да, жылқышы да болып көрді.(Б.М.) 3. Бақытқа жеткізетін жалғыз ғана жол бар: ол – күрес (Ғ.С.). 4. Түн ортасы ауа Аянбек келіп, бұл екеуіне ым қақты: жүріңдер дегені (З.Ш.) 5. Елді ұстау оңай емес, ел деген мұз сықылды: ақырын ұстасаң, түсіп кетеді, қатты ұстасаң, сынып кетеді.(С.М.) 6. Қызыл ноқат жақындап келеді: бұл – от паровоздың қызыл көзі.

3-топ «Жүрек»

112-жаттығудағы “Қорқыт айтқандай”, т.б. деп берілген нақыл сөздер мен өсиет сөздерді қатыстыра отырып, бір тақырыпта ой толғауларыңның ішінен тәрбиелік мәні бар бір сөзді алып, лексикалық, морфологиялық талдау жасаңыз

Жеке оқушыларға беріледі:

Ойтолғаныс. «Ақыл-дария, алсаң да таусылмайды» (эссе жазу)


Ү.Үйге тапсырма: 112-жаттығу (1, 2, 3-тапсырмалар)

ҮІ.Бағалау.

ҮІІ.Қорытындылау.















Сабақтың тақырыбы: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалуы жөнінде

түсінік бере отырып, практикалық ізденістерге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың таным қызығушылықтарын

арттыру,ізденістерін қалыптастыру. Оқушылардың

ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,

шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Өз ойларын

тиянақты түрде жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Сөз өнерінің құдіретін таныту, ана тіліміздің байлығын сезінуге

үйрету

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: тест сұрақтары, сұрақ-жауап, талдау, топтастыру, ой шақыру,

кубизм, тұжырымдау, жаттығу жұмыстары.

Көрнекілігі: электронды оқулық, сызба-кесте,компьютер, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларын түгендеу,оқушылардың

сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Түсіндірмелі салалас сөйлем.Жасалуы. Жаттығу жұмысы,ойтолғау.

ІІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың эпиграфы

Ең тәтті де – тіл

Ең ащы да – тіл

Ең жұмсақ та – тіл

Ең қатты да – тіл.

Қызығушылығын ояту. Болжау. Ой шақыру.

Талға, Талғам, Талғампаз, Талғау деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Бір нәрсеге деген ұнамды көзқарас, талғағыштық. (Мағынасын түсіндіргеннен кейін, тірек сөздері арқылы жаңа сабақты бастаймын).

«Өнер алды-қызыл тіл» деп бағалаған халқымыз өнегелі ойларын асыл сөздің құдіретімен ұрпағына жеткізе білген. «Ой түбінде жатқан сөзге» аса талғампаздықпен қарап, шешен сөйлеген қазақ халқының тілінің қасиеттілігіне не жетсін, шіркін!

Тіл туралы ой өрбіте отырып, жаңа тақырыпты түсінеміз.

Талғаулы салалас

Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді.

Құрамындағы жай сөйлемдер салаласа ғана және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір қойылады.

Талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде.

Мысалы: Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кезде әкесі, қалай, не түсіне кіреді, не көз алдына оқыста елестеп кетеді. (Ш.М.)

Екі жай сөйлемнің арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлемдер арасына үтір қойылмайды.


Мағынаны тану

Талғаулы салаластардың жасалуы жөнінде жаттығулар орындату

Оқулық бойынша жаттығулар:

113-жаттығу (ауызша)

114, 115-жаттығу (жазбаша)

Интерактивті тапсырмалар:

1. Мәтіннен түйген ойыңызды ауызша жалғастырыңыз. Бүгінгі күндегі ана тіліміздің тағдыры туралы ой толғаңыз. Талғаулы салалас құрмаласқа 5 сөйлем жазыңыз.

ТІЛ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС

...Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры.

...Біздің тіліміз – көркем, бай. Мәселе соны дұрыс пайдалана білуде. Өз тілінің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеушілік – шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.

(Б. Момышұлы)

Сөйлем мазмұнына қарай көп нүктенің орнына тиісті талғаулы жалғаулықты қойыңдар.

...... аспан сынып төбесіне құласын, ...... жер жарылып түбіне түссін. Махмұт анты осы. (Д.Ә.) 2. Менен күдіктеніп бұл арадан сырғимын демеңдер...... сен, ...... сенбе, Амантай. (С.М.) 3. Жұмысынан қайтса пәтеріне келе салып кесте тоқиды, ...... кітап оқиды, ...... жұмыспен айналысып кетеді. (М.И.)

3.Берілген жалғаулықты ыңғайлас салаласты талғаулы салаласқа айналдырыңыз.

4. Талғаулықты салаласты бірыңғай мүшелі жай сөйлемге айналдыр

5. Талғау мәнді жалғаулық шылау жалғанған жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің белгісін ажырату.

Жеке оқушымен жұмыс

Ой толғаныс бөлімі: (оқушылар шығармашылығы)

«Менің тілім: кеше, бүгін, ертең...»

ІҮ. Бекіту. Кубизм тапсырмалары:

1. Талғаулы салалас құрмалас сызбасын сызыңыз.

Маған бура я жетер, я жетпес.

2. Салыстырыңыз.Қайсысы талғаулы салалас?

а) Күн батты, тауды көлеңке басты.

ә) Не күн батар, не тауды көлеіке басар.

3.Сөйлем құрастырыңыз: / я - , я - /.

4. Талғаулы салалас құрмалас жалғаулықтарын іздеңіз:

бірақ, әрі, өйткені, я, яки, және, не болмаса.

5.Айырмашылығын айтыңыз.

6. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз?

Тіл туралы мақал-мәтелдер мен ақындардың өлеңдерін жатқа оқып сабағымызды қорытындылаймыз.

Ү.Үйге тапсырма: 112-жаттығу (1, 2, 3-тапсырмалар)

ҮІ.Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?аза? тілінен ашы? саба? "Ы??айлас салалас "

Автор: Шукенова Жанна Фазылхановна

Дата: 18.05.2015

Номер свидетельства: 213059


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства