?ала м?ртебесі берілген елді мекендер ?аза?станда к?п.Облысты? ?алаларда халы? саны 50 мы?нан, ауданды? ?алаларда 8мы?нан асуы тиіс. Елімізде Астана, Алматы, ?ара?анды, Шымкент,Семей, ?скемен,А?т?бе,Павлодар,Тараз,Петропавл,Теміртау,Орал,?останай,?ызылордаА?тау,Атырау сия?ты ірі ?алалара бар.?лкен ?алалар ?атарына жату ?шін халы? саны 10миллионнан асу керек.Д?ниеж?зінде м?ндай ?лкен ?алалар 2 мы?дай,ал100-120 ?аланы? халы? саны бір миллионнан асады.Халы? саны бір миллионнан асатын ?ала саны ?аза?станда екеу;олар Алматы ж?не Шымкент.?рине,?алаларда ?нерк?сіптік ?ндіріс,??рылыс,?аржы,сауда,к?лік,?ылым, м?дениет салалары дамы?ан болуы керек
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза?станда?ы ірі ?алалары»
Сабақ № 87 Сынып: 8 Пән атауы: Қазақ тілі күні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан қалаларымен таныстыру
Білімділік. Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру
Дамытушылык: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру. Сабақтың көрнекіліктері: ҚР-ның картасы, суреттер, грамматика кестесі, презентация. Сабақтың түрі : дәстүрлі
Сабақтың әдісі: диалог оқыту,СТО элементі, әңгімелесу, Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу,Сабақтың мақсатын айту,Жаңа тақырып түсіндіру. ІІ. Үй жұмысын тексеру: Сөзжұмбақ шешу
Өткен тақырып бойынша сұрақтар
1.Балалар,қазақтың дастарқаны қандай болады?
2.Дастарқанда отырғанда қандай әдеп сақтау керек?
ІІІ. Жаңа сабақ Сабағымызды мына өлең жолдарымен бастайық...
/Видео ролик / Осыдан кейін сабақтың тақырыбын ашамыз.(«Қазақстан қалалары») Мақсатын айтып кету. Сөздік жұмысы: қала мәртебесі-статус города
дамыған болу керек-должны быть развиты
күрделі байланыс жүйесі-крупная система связи
көгалдандыратын-озеленяющий
Қазіргі заманғы талаптарға –современные требования Құнарлы-почвенная Топырақ –земля,почва. ( оқу, аудару,сөз тіркестерін құрастыру, дәптерге жазу) Мәтінмен жұмыс: Қала мәртебесі берілген елді мекендер Қазақстанда көп.Облыстық қалаларда халық саны 50 мыңнан , аудандық қалаларда 8мыңнан асуы тиіс. Елімізде Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент,Семей, Өскемен,Ақтөбе,Павлодар,Тараз,Петропавл,Теміртау,Орал ,Қостанай ,ҚызылордаАқтау,Атырау сияқты ірі қалалара бар.Үлкен қалалар қатарына жату үшін халық саны 10миллионнан асу керек.Дүниежүзінде мұндай үлкен қалалар 2 мыңдай,ал100-120 қаланың халық саны бір миллионнан асады.Халық саны бір миллионнан асатын қала саны Қазақстанда екеу;олар Алматы және Шымкент.Әрине ,қалаларда өнеркәсіптік өндіріс,құрылыс,қаржы,сауда,көлік,ғылым, мәдениет салалары дамыған болуы керек
Сұрақ-жауап:
Тапсырмалар орындау:
1-тапсырма .Тақ сандардың өсуіне қарай дұрыс оқысан,қаланың аты шығады.
1-ші қатар
Қ
А
А
Н
Р
Д
А
Ы
Ғ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Қарағанды қаласы туралы одағай сөздерді қатыстырып, көршіңмен диалог құрастыру.
2-ші қатар
Қ
О
Ы
Р
З
Д
Ы
А
Л
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Қызылорда қаласы туралы одағайларды қатыстырып 5 сөйлем құрастыр .
2-тапсырма.Шашыраңқы сөздерді дұрыс ораналастырып ,сөйлем құрастыру
1.қаласының,Қызылорда,ежелгі, атауы,-,Ақмешіт./Қызылорда қаласының бірінші атауы- Ақмешіт./
2.орналасқан,еліміздің ,Қарағанды,орталығында,қаласы./Қарағанды қаласы еліміздің орталығында орналасқан қала/
— Мына сұрақтар арқылы сөзжұмбақты шешеміз. Бірінші сұрақты кім оқиды?
— Кім жауап береді?
(Тақтада сөзжұмбақ ілулі тұрады. Оқушы тақтаға шығып бос торға керекті әріпті жазады)
— Дұрыс, жарайсыңдар! Рақмет!
— Сонымен, сөзжұмбақтың негізгі сөзі қандай сөз болып шықты?
— Қалалар
— Дұрыс. Балалар, бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше өтеді. «Менің Отаным» модулі бойынша алған білімдерімізді пысықтап, қорыту үшін қазір біз Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз. (Экранда слайд «Қазақстанның картасы»)
— Петропавл қаласынан шығып Көкшетау, Астана, Қарағанды, Алматы қалаларына барамыз. Ол қалаларға жету үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.
Саяхатқа пойызбен шығамыз. Пойызға отыруға рұқсат алу үшін үй тапсырмасын тексерейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
III. Өткенді қайталау
Рақмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.
Пойызға отыруға рұқсат. Ал енді пойызға отырайық, пойызбен бірге
Балалар, біз Көкшетауға келдік. Көкшетаудан Астанаға жүру үшін мына тапсырманы орындау керек. «Көкшетау» сөзіне тірек сызба құрастырыңдар.
— Жақсы, жарайсыңдар! Енді тірек сызба арқылы Көкшетау туралы кім әңгімелеп береді? Жақсы, рақмет, саяхатымызды жалғастырайық. пойызға отырамыз. Кеттік. (Экранда слайд «Пойыз», «Астана» вокзалы)
— Міне, біз Қазақстанның елордасы-Астана қаласына келдік.
— Балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер? (Экранда слайд «Бәйтерек»)
— Жақсы, өлеңіңді жатқа оқып бере ғой.
— Кім Астанада болды?
— Астанада нелер бар?
— Нұрсан, сен Астананың қай жерінде болдың?
— Саған океанариум ұнады ма? Неліктен?
— Жақсы, жол жүру үшін келесі тапсырманы орындайық. Назарларыңды теледидарға аударыңдар. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, оқып, орысшаға аударыңдар. (Экранда слайд «Сөйлемдер»)
1. Қазақстан Республикасында ... астана болды.
2. Бірінші астанасы ... қаласы.
3. ... астанасы — Қызылорда қаласы.
4. ... астанасы — ... қаласы.
— Дұрыс, Қазақстан тарихында төрт астана болды. Астана күннен күнге көркейіп келе жатыр. Астана — біздің мәртебеміз, мақтанышымыз.Тапсырмалар жақсы орындалды, сондықтан саяхатымыз жалғасады.
— Балалар, Қарағанды қаласына келдік. Көз алдарында не елестеді? (Экранда слайд «Көмір»)
— Қазір екі минут ішінде «Көмір» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.
— Қарағанды қаласы Қазақстанда көмір Отаны деп саналады. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, саяхатымызды жалғастырайық. (Экранда слайд «Пойыз», «Алматы» вокзалы)
— Балалар, мынау Онтүстік Қазақстанның астанасы — Алматы қаласы.
— Экранға назарымызды аударамыз.
— Сендерге мынадай тапсырма қоямын. Берілген суретке қарап, Алматы туралы әңгімелеп беріңдер. (Экранда слайд «Алматы», «Медео», «Алма»)
— Рақмет, әңгімең жақсы екен..Енді өзіміздің сүйікті қаламыз Петропавлға бет бұрайық,
— Сонымен, саяхатымыз аяқталып келе жатыр. Өз қаламызға оралдық, Өз туған лицейімізге келіп түстік. (Экранда «Петропавл» вокзалы, «Лицей»)
— Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Неге?
IV. Сабақты қорытындылау
Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымызды бес жол өлең стратегиясымен қорытайық.
(Экранда «Бес жол өлең стратегиясы»)
1. Сөзжұмбақтың негізгі сөзі? 1. Қалалар
2. Қазақстанның қалалары қандай? 2. Әдемі, үлкен
3. Ол қалаларға не істедік? 3. Бардық, көрдік, ұнады
4. «Қалалар» сөзіне сөйлем құрастыр. 4. Қазақстанда әдемі қалалар көп.