kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Есімдіктерді? с?йлемдегі ?ызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?мола облысы Жар?айы? ауданы Кен негізгі мектебіні? ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі Ильясова А?са?ан Ж?матай?ызы, ?аза? тілі п?нінен ашы? саба? "Есімдіктерді? с?йлемдегі ?ызметі", 7 сынып. саба?та есімдіктерді? т?рлері ?айталанып, оларды? с?йлемдегі алатын ?ызметі туралы ?ткізілген. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Есімдіктерді? с?йлемдегі ?ызметі »

Күні: 9.12.2014 ж Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7


Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: есімдіктің мағыналық топтарының сөйлемдегі қызметін түсіндіре отырып, талдау жұмыстарын өз бетінше жүргізе білуге уйрету.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілетін, тілін, ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту
Тәрбиелік:  бірін-бірі сыйлауды, бірінің сөзін бірі тыңдауды үйрету, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап, синтаксистік талдау, сатылай кешенді талдау,
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кесте, слайд
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.

1. Есімдіктің ережесі, сұрағы 
2. Есімдіктің құрылысына қарай түрлері 
3. Есімдіктің мағынасына қарай түрлері 
4. Есімдіктің түрленуі 
Кім жылдам?

Бұл қай есімдіктер?

  1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік.

  2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды.

  3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды.

  4. Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды.

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікті қармайды.

  1. Біреулері көрсетіп, нұсқап тұрады,

Біреулері мәлімсіз есімдердің орнына қолданылады.

  1. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты,

Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.


ІІІ.Жаңа сабақ.

Қазақтың асыл қасиетін сақтаған, асыл жүгін салған сандықты «алтын сандық», деп атайды, «алтын көмбе» десе де артық емес. Бүгінгі жаңа сабақты - алтын сандық қазынасы ретінде бағалайық. 


Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасай отыра, есімдіктердің сөйлемдегі қызметін анықтау.
Ешкім жиналыстан қалған жоқ.

Ғылым үшін барлығы да маңызды.


Басқаға үлгі болатын сен.

Сен нешіншісің?


Біздің тәрбиешіміз-біздің өмір шындығымыз.

Бірнеше жұмсақ алақан көтеріп бара жатқандай.


Біреуден артық, біреуден кем.

Мен сені сағынып келдім.


Бұл маңда ел жоқ.

Сол кезде бала үйге жүгіріп кірді.


1.Есімдіктер атау септікте тұрып және кім? не? деген сұрақтарға жауап бере отырып, бастауыш болады.

2.Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш қызметін атқарады.

3.Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қоланылып, анықтауыш қызметін атқарады.

4.Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

5.Есімдіктер мезгіл,мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш қызметін атқарады.


Жаттығужұмыстары 
112-жаттығу Сөйлемдердің құрамындағы есімдіктерге сұрақ қойып, олар қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын ажырату.
113-жаттығу (ауызша есімдіктерді тауып, сөйлемдегі қызметін анықтау) 

Фонологиялық талдау жасау.

Сөз. Олардың саны да көп.
1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: жуан,жіңішке, аралас буынды сөздер
2. Буын түрлері.
3. Тасымал 
4. Екпін.
5.Буын үндестігі 
6.Дыбыс үндестігі 

Математикалық мінездеме.

Барлығымыз да жарысқа қатыстық.


Берілгені: Барлығымыз

Шешуі:




Сатылай кешенді талдау.

Осылар

1.Бұл сөз бір құрамнан тұр: осы + лар.

2.Тұлғасына қарай – негізгі түбір. Себебі сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.

3. Құрылысына қарай – дара. Себебі бір ғана негізгі түбірден тұр.

4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.

5. Лексикалық мағынасы – заттың орнына сілтеу мағынасында жұмсалалып тұр.

6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – есімдік.

6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – (-лар) көптік жалғауының жалғануы арқылы берілген категориялық-грамматикалық мағына – көптік мағына.

7. Бұлар – кімдер? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – есімдік. Есім сөздердің орнына жүретін сөз табын есімдік деп атайды.

8. Мағынасына қарай – сілтеу есімдігі. Себебі сілтеу, меңзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіріп тұр.


ІҮ.Қорытынды.

1.Зат есімдердің орнына қандай есімдіктерді қоюға болады?

Есжанның сөзі Хангелдіні терең ойға батырды. Ұлының айтқанына қатты риза болды. Есжан сөзіне Хангелдінің жүзі жажырап сала берді. Хангелді енді өзінің кесек тұлғасын баяу қозғап, ауыл жаққа қарады. Хангелді Есжанға қосыла күлді.

2.Сын есім мен сан есімнің орнына есімдіктерді қойып көр.

Алғашқы үрдісте азды-көпті жеңіске жеттік. Мың қаралы жылқыны ақырын айдап, аман-есен ел шетіне жеткізді. Екеуінің өң-түстері салқын, қабақтары түнеріңкі. Жылдан асқан мазасыз күндер де өтті.

3.Есімдіктердің орнына мағынасына қарай басқа сөз қойып көр.

Қойайдар бидің айтқанына бәрі келісті. Әлдекім еркін аттап ішке кірді. Бұлар кідірген жоқ. Райымбектің сөзін осында отырған үлкен-кішінің бәрі қостады. Оның да осы жолы сайлаған сарбазы мыңнан кем емес болатын.

Ү.Бекіту.

Жұмбақтар шешу, есімдік табу
Өзі үлбіреп тұр,
Мұртының тиген жері күлдіреп тұр. (гүл)

Сыртым - қызыл, өзім - ақ, денем доптай,
Шешіндірсең, жылатам ұрмай - соқпай. (пияз)

ҮІ.Бағалау.

Оқушылардың жауаптарына ,ынтасына қарай білімдері бағаланады.

ҮІІ.Үйге тапсырма. 116-жаттығу. Есімдіктерді мағынасына, тұлғасына қарай талдау, қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын ажырату.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Есімдіктерді? с?йлемдегі ?ызметі

Автор: Ильясова А?са?ан Ж?матай?ызы

Дата: 03.02.2015

Номер свидетельства: 166257


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства