kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эвфемизм мен дисфемизм c?здер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эвфемизм мен дисфемизм с?здер 5 класс ?аза? тілі п?ні бойынша ?ыс?а мерзімді саба? жоспары. П?н м??алімі Нурсейтова Гульбакит Сагиновна  Саба?ты? ма?саты: Эвфемизм мен дисфемизм туралы т?сінік беру. Сыпайы с?здер мен д?рекі с?здерді? таби?атын таныту. Шы?у т?ркінін, этимологиясын, семантикасын  т?сіндіру.

К?тілетін н?тижелер: С?йлеу м?дениетін арттыру, ауызекі с?йлеу тілінде д?рекі, жа?ымсыз с?здерден аула? болу?а, таза, ?серлі с?йлеуге т?селдіру.

О?ытуда ?олданылатын ?діс-т?сілдер: Визуалды о?ыту, ой ?оз?ау, с?ра? ?ою техникалары,  топты? ж?мыс, жеке ж?мыс, белсенді о?у, сыни т?р?ыдан ойлау стратегиялары ар?ылы жа?а та?ырыпты ме?герту, де?гейлік тапсырмалар, формативті ба?алау т?рлері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эвфемизм мен дисфемизм c?здер»

Сыныбы: 5 б

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Эвфемизм мен дисфемизм.

Мақсаты:

Эвфемизм мен дисфемизм туралы түсінік беру. Сыпайы сөздер мен дөрекі сөздердің табиғатын таныту. Шығу төркінін, этимологиясын, семантикасын  түсіндіру

Күтілетін нәтижелер:


Сөйлеу мәдениетін арттыру, ауызекі сөйлеу тілінде дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болуға, таза, әсерлі сөйлеуге төселдіру

Керекті жабдықтар:


Презентация, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, бағалау парағы, стикер

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:


Визуалды оқыту, ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, белсенді оқу, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, деңгейлік тапсырмалар, формативті бағалау түрлері

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе:

2 мин

Сыныппен амандасамын. Сыныпты 3 топқа бөлемін.

Сәлемдеседі. 3 топқа бөлініп отырады.

Дәптерлерін ашып, күннің жадын жазып алады.

Тұсаукесер:



3 мин


 Әдепсіз                                        Әдепті сөздерге топтастыру жасату.

дөрекі                                              жағымды

жағымсыз                                       сыпайы

бейпіл                                              жылы

тұрпайы                                         жақсы

жаман                                             әдемі

көріксіз                                            көркем


Әрқайсысы сыни ойлайды, ойын тұжырым-дайды, мысалдарды тақырыппен байланыстырады.

Негізгі бөлім:


5 мин




















29 мин



Мағынаны тану бөлімі

Интервью (жаңа түсінік беру)

Мылжың – сөзуар, өтірік айту – қосып айту, ұрланды – қолды болды, ұрлық жасамау – ала жібін аттамау, өлді – қайтыс болды т.б.


Толғаныс бөлімі

Тапсырма: дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.

Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды.(көмгенше – жерлегенше, өлгенше – өмірінің соңына дейін)

Қақылдаған тауық тумай қоймайды. (тумай – жұмыртқаламай)

Шошқаға ерген балшыққа аунар.(шошқаға – нашар, жаман адамға)

Жолдасың соқыр болса, Сен де бір көзіңді қысып қой.(соқыр – ауыспалы мағынада, надан болса, сұғанақ болса, аңғал болса т.б.)

Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас. (туып – лақтап)

Қарғаның бір көзі оқта, бір көз боқта. боқта – жаман нәрседе)

Сараң да бір, сасық су да бір. (сасық – лас, иістенген)

Өсекшінің тілі қышып тұрады. (өсекші – сөзуар)

Қысыр сөзде қырсық көп. (қысыр – жаман, мәні жоқ)

Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама. (итпен – сенімсіз адаммен)





Белсенді оқиды, топта түсінгендерін айтады. Әр топ негіз-гі түсініктерді талдап, түсіндіреді, оқу техникасын дамы-тады, алған білімін пысықтайды, өмірде қолданып үйре-неді. Топпен тапсырмаларды бірігіп орындайды, дарынды оқушылар жетекшілік етеді.














Дарынды және талантты оқушылар білімін бекітеді, қалған оқушылар солардың көмегі арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.









Сергіту сәті. Ойын ойналады. Ойын шарты: мұғалім сөздерді оқыған кезде оқушылар әдепті сөз кездессе, «екі қолын қысып, қолдағандығы жөнінде ишарат білдіреді», әдепсіз сөз кездессе, «екі алақанымен екі бетін ұстап, ұялғандығы жөнінде ишарат білдіреді».

Өлді, өсекші, боқмұрын, сөз тасиды, боғы ботқа болу, соқыр, қайтыс болды, көзі көрмейді, о дүниелік болды, аяғын сілтіп басады, ақсақ, көз жұмды, қол салды, иттің ғана баласы, ұры, оңбаған, ұрлап алды, қаза болды, қолды болды, апатқа ұшырады, көзің шыққыр.


Орындалатын жаттығулар: 104-жаттығу. Берілген тапсырма: дөрекі, әдепті сөздерді теріп жазу. Аспан денелері, жұлдыз туралы аңыздар.

105-жаттығу (ауызша) табу сөздердің кімге қатысты екенін табу «Ат тергеу» дәстүрі бойынша ой бөһлісу.

108-жаттығу. Дисфемизмді эвфемизсмен алмастырып жазу.

Ұры-қолының сұғанағы бар; өсекші – аузы жеңіл, қырт – сараң; саңырау – құлағының мүкісі бар; соқыр – зағип; ақсақ – аяғын сылтып басады; мылқау – аузын буған өгіздей, көп үндемейтін; топас – надан, ой-өрісі нашар, ақымақ; жынды – сотқар, тентек. (ақсаусақ – қолынан іс келмейтін)

Венн диаграммасы Эвфемизм, дисфемизм.













Дарынды оқушылар кеңейтілген тапсырмаларды орындауда жетекші болады.

Қорытын -

ды бөлім:


3 мин






2 мин




1 мин

         Зымыран сұрақтар:

Ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі?

Мағынасы жағынан эвфемизмдерге қарама-қарсы құбылыс?

Дисфемизммен сөйлейтін адамдардың мәдениеті қандай?

Әдеби тілдің үлгісіне жатпайтын тілдік құбылыс?

Әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан шыққан құбылыс?


Үйге тапсырма. 109-жаттығу. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мысалдар жазып келу.

 

Бағалау Басбармақ арқылы оқушылар өздерін бағалайды, сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

Зымыран сұрақтарға жауап береді.





Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.




Өздеріне формативті баға береді, бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Эвфемизм мен дисфемизм c?здер

Автор: Нурсейтова Гульбакит Сагиновна

Дата: 18.11.2015

Номер свидетельства: 255167


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства