kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Бауырса?ты? ?ні»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты. Балалар?а ертегілер туралы т?сінік беру. Ертегі кейіпкерлерін ?она??а ша?ыра отырып,?иялы мен ?абілетін жетілдіру. Балаларды? с?здік ?орын, байланыстырып с?йлеуге да?дыландыру. Балалар?а жа?ымды, жа?ымсыз ?асиеттерді айыра білуді ?йрету. 
Т?рбиелігі: ?зара сыйласып, досты? ?арым-?атынаста болу?а, біреуге ?ыз?анып ?арамау?а, бірін-бірі ??рметтеп, ?лгі т?ту?а т?рбиелеу. 
«Бауырса?» ертегісіні? сахналы? ?ойылымы: 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Бауырса?ты? ?ні» »

Степная орта мектебі

Шортанды ауданы

Ақмола облысы











Қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс іс-шара.

« Бауырсақтың әні»


3- сынып











Өткізген : қазақ тілі пәнінің мұғалімі : Алдабергенова А.Г.













2015 жыл.


Қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс іс-шара.

« Бауырсақтың әні»


Сабақтың мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету. 
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу. 
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы: 
Мұғалім: 
Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер!  Бүгін 3- сынып оқушылары «Бауырсақтың әні »атты қойылым көрсетеді. Бұл қойылымда Бауырсақтың аңдардан құтылып кету үшін тапсырмалар орындалады.
Мұғалім: 
Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып: 
Шал 
-         Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші. 
Кемпір 
-    Неден пісірейін? Ұн жоқ қой! 
Шал 
-         Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. 
Мұғалім: 
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. 
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді. 
Қоян: 
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ: 
Сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін.
Мұғалім: 
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:   
Бауырсақ: 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қоян 
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік. 
 Қоянның тапсырмасы

Сөздерге көптік жалғауын жалғап жазыңдар: саябақ, қала, астана, карта, өзен, көл, теңіз, мұхит, сынып, парта, қарындаш, мұғалім, қыз, ұл, кағаз.

Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп: 
Қасқыр 
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін. 

Мұғалім: 
Бауырсақ әндете жөнеледі 
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу 
Қиын емес бұл маған 
Қасқыр 
-    жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында. 
Қасқырдың тапсырмасы: Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып  алдық, енді қасқырдың тапсырмасын орындайық. 
1. берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам, көше , мұхит, теңіз, өзен, Қазақстан деген сөзде неше буын бар.
Мұғалім: 
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.   
Аю 
-         Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған! 
Аю 
  Аю: Әй, балалар, балалар! 
        Менде қызық ойын бар, 
        Ал ықылас қойындар 
        Кәне, тәртіп сақтайық, 
        Мен берген тапсырманы, 
        Бұлжытпай орындайық. 
Аюдың тапсырмасы: Сұрақтарға жауап беріңдер.  Сен қайда тұрасың? Қазақстан жері қандай? Картада көгілдір түспен нелер беріледі? Қазақстан картасы қалай бөлінеді?Астана қаласы қайда орналасқан? Алматы қаласы қайда орналасқан? Атырау қаласы қайда орналасқан? Астана қаласы қандай? Онда нелер бар?
Мұғалім: 
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. 


Түлкі 
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы! 
Мұғалім: 
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді. 
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу 
Қиын емес бұл маған!   
Түлкі 
-    Оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында 
Түлкі Мәтінді қазақшаға аудар. Это – город Астана. Я живу в городе Астане. Астана красивый большой город. В казахстане есть өзера, реки, моря , нет океана. Астана расположена на севере Казахстана. В Астане есть парки, школы, театры, музей . Есть центр «Думан». Я воскресенье пойду в «Думан».

Мұғалім: Осымен сабақтан іс – шарамыз аяқталды .

Қатысқандарыңа рахмет. Келесі кездескен ше!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
« Бауырса?ты? ?ні»

Автор: Алдабергенова Асима Гинаятовна

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181765


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства