Просмотр содержимого документа
«Acтана-центр современной архитектуры»
Күні: 09.03.2013 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Аналар – асыл жандар»
Сабақтың мақсаты:
Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән- би арқылы ой- өрісін дамыту, үлкенді құрметтеуге, ата- ананы сыйлауға, өнерді дәріптеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: ана туралы нақыл сөздер мен өлеңдер жазылған плакаттар, аналардың суреттері, т.б
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Жаңа сабақ
8-наурыз адамдар да, тіпті табиғаттыңда өзі бұл күні біздің тамаша әйел аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Ия бұл мерекенің басқа жыл мезгілінде болуы қисынға келмейді. Себебі, көктем секілді, әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
Расул Ғамзатовтың мынадай сөзі бар: «Ана дегеніміз - әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмас жалғасы. Ол тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды».
Сәуір- Наурыз егізі,
Бүгін оның сегізі.
Ең бақыт гүл ол адамның лебізі,
Анаға айтар лебізі.
Ең қымбат гүл, ең қымбат гүл,
Ол адамның лебізі.
Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін,
Жырдың сұлу шоқ гүлін.
Ұсынамыз ұсынамыз
Жырдың сұлу шоқ гүлін- деп жырлай отырып,
Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз және «Аналар – асыл жандар» атты тәрбиесағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Сіздер білесіздер ме, біз бұл күнді неге осылай ерекше көңілмен қарсы аламыз?
Ия. Олай болса бұл күн 1908 жылдың 8 наурызында тұрмыстың ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халық аралық конференциясы 8 наурызды « Жұмысшы әйелдер күні» деп белгілеп, оны жыл сайын атап өтілетін болған.
Осы себепті біздің балалардың аналарына дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар.
Құрметті аналар, қыз- келіншектер және әжелер бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!