Қазақ әдебиетінен бақылау тест. 9 сынып. І тоқсан.
І нұсқа
1. VI – XVII ғасырлардағы түркі халықтарының әдеби мұрасы ?
а)«Қорқыт ата кітабы» в)«Ескендір» с)«Адамзат» д)«Қартқожа» е)«Құлагер»
2. Асан Қайғының шығармасы?
а)«Құйрығы жоқ, жалы жоқ» в)«Сарыарқада» с)«Шу жағасында» д)«Орхон-Енисей» е)«Елім-ай»
3. «Орхан-Енисей» ескерткіштері табылған жер?
а) Қазақстанда в) Ресейде с) Монғолияда д) Өзбекстанда е) Татарстанда
4. «Қорқыт ата» кітабының қолжазбасы қай қалада сақталған?
а) Астана в) Дрезден с) Ташкент д) Қаратау е) Курск
5. Жүсіп Баласағұнның әйгілі шығармасы?
а) «Оғызнама» в) «Құдатғу білік» с) «Азаматтық саясат» д) «Сарыарқа»
е) «Құлагер»
6. Әл-Фараби кім?
а) әнші, композитор в) депутат с) философ, ғалым, ақын д) мұғалім, ақын-жазушы е) малшы
7. «Құдатғу білік» дастаны неше тараудан тұрады?
а) 85 в) 95 с) 75 д) 65 е) 45
8. Әл-Фарабидің туған жылы?
а) 2000 в) 950 с) 882 д) 870 е) 1994
9. Жүсіп Баласағұн қай қалада дүниеге келген?
а) Қашқар в) Баласағұн с) Шиелі д) Шу е) Қостанай
10. Асан Қайғы қашан дүниеге келген?
а) VIIғ. в) XVIғ. с) VXғ. д) XVғ. е) XXғ.
11. Ежелгі дәуір әдебиетіндегі шығарма?
а)«Оғызнама» в)«Қазақстаным» с)«Көктем әні» д)«Аққу» әні е)«Күз»
12. Қазтуған жырау қашан дүниеге келген?
а) ХХғ. в) ХVғ. с). ХІ ғ д) VІІ ғ. е) ХІХғ.
13. Шоқан Уәлихановтың әкесі?
а) Әділет в) Шыңғыс с) Уәлихан д) Сырымбек е) Өтеміс
14. Бұхар жырау қай жылдары өмір сүрген?
а) 1773-1882 в)1668-1781 с) 1943-1945 д) 1681-1768 е) 1941 - 1945
15. Шоқан Уәлихановтың шығармасы?
а) «Абылай ханның қасында» в) «Алты шаһардың жайы» с) «Алаң да алаң жұрт» д) «Ереуіл атқа ер салмай» е) «Оғызнама»
16. Махамбет Өтемісұлы қай жерде дүниеге келген?
а) Жезқазған в) Солтүстік Қазақстан облысы с) Қостанай облысы Амангелді ауданы д) Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы е) Есілде
17. Қазтуған жырау қай жерде дүниеге келген?
а) Еділ бойында в) Шу алқабында с) Есіл бойында д) Сарыарқа жерінде е) Атырауда
18. «Күлтегін» шығармасында не туралы айтылған?
а) Махаббат жайлы в) елді қорғау туралы с) түркі халқы туралы д) әкесі мен баласы жайлы е) қала туралы
19. Бұхар жыраудың өлеңін көрсет?
а) «Ескендір» в) «Қазақтың ханы Абылай» с) «Киіз үй» д) «Аян»
е) «Қазағым»
20. Шоқан Уәлихан кім?
а) ғалым в) ақын, жазушы с) әнші д) композитор е) мұғалім
21. «Қорқыт ата кітабы» қашан жазылған?
а)1002-1082ж. в) ХІ-ХІІ ғ. с) VІІІ-ІХ ғ. д) ХVІІ-ХХғ. е) ХІ-ХІІІғ.
22. «Екінші ұстаз» деп кімді айтады?
а) Әл-Фараби в) Ы.Алтынсарин с) Абай д) Ж.Баласағұн е) Мұхтар
23. Бұхар жыраудың өлеңі?
а)«Жар басына қонбаңыз» в)«Адамзат» с)«Күлтегін» д)«Қазақ тілі» е) «Ауылым»
24. Шоқанды «Данышпан жігіт», «Тамаша ғалым» деп атаған кім?
а) Абай в) С.Торайғыров с) Е.И Ковалевский д) Г.И Потанин
е) А. Байтұрсынұлы
25. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі кімдікі?
а) Қорқыт в) Абай с) Әл-Фараби д) Махамбет Өтемісұлы е)Мұқағали
Қазақ әдебиетінен бақылау тест. 9 сынып. І тоқсан.
ІІ - нұсқа
1. . «Күлтегін» ескерткішінің көшірмесін Астана қаласына қай жылы әкелді?
а) 1989ж. в) 2001ж. с) 2000ж. д) 2005ж. е)2010ж.
2. «Оғызнама» шығармасының басты тақырыбы не болды?
а) оқу, білім. в) ғылым, зерттеу. с) сыртқы жаудан қорғануға шақыру.
д) тәртіп, әдептілік. е) арман-қиял.
3. Асан Қайғының шын есімі кім болған?
а) Хасан Сәбитұлы в) Арман Сәтұлы с) Мұхтар Омарханұлы д) Төлеу Жәлелұлы е) Абай
4. Жүсіп Баласағұн «Құдатғу білік» кітабын қай ханға тарту етті?
а) Абылай ханға в) Шыңғыс ханға с) Тәуке ханға д) Богра ханға
е) Едіге ханға
5. Әл-Фараби шығармасын табыңыз.
а)«Қазағым» в)«Қыс» с)«Өлең өнерінің қағидалары» д)«Елімдікі»
е) «Көктем»
6. Шоқан Уәлихановтың жақын досы кім?
а) Бөгенбай в) Потанин с) Сергеев д) Жандосов е) Еламанов
7. Абылай ханның кеңесшісі кім болған?
а) Әл-Фараби в) Бұхар с) Қазтуған д) Жүсіп е) Күлтегін
8. Махамбет Өтемісұлының жақын досы, қаруласы кім болған?
а) Исатай в) Қажымұқан с) Төлеген д) Қабанбай е) Бөгенбай
9. Қазтуған жыраудың әкесінің аты кім?
а) Майлықожа в) Әбіш с) Сүйініш д) Тәжібай е) Қуат
10. Әл-Фараби шығармашылығының негізгі тақырыбы?
а) Айту, жазу. в) қайырымдылық, тәрбиенің рөлі. с) өнер, мәдениет.
д) ұрлық,алдау. е) арман-қиял.
11. Жүсіп Баласағұн түркі тілінен басқа қандай тәлдерді білген?
а) қытай, монғол. в) араб, парысы. с) араб, қытай. д) монғол, араб.
е) ағылшын, монғол.
12. «Оғызнама» қай ғасырларда жазылған?
а) ХV-ХVІ ғ. в) VIII – IX ғ. с) ХІХ ғ. д) IХ – Xғ. е) ХХғ.
13. М.Өтемісұлы қай жылы қайтыс болған?
а) 1945 в) 1909 с) 1846 д) 1816 е) 1817
14.Ұлытауда дүние салған кім?
а) Мұқағали в) Асан қайғы с) Қазтуған д) Сүйінбай е) Жұмекен
15. «Ақың болса біреу де, айбын тапта ала бер» деген үзінді қай жырдан алынған?
а) «Ереуіл атқа ер салмай» в)«Ай Абылай, Абылай» с)«Еділ бол да, Жайық бол» д)«Жиырма деген жасыңыз» е)«Құдатғу білік»
16. Ж.Баласағұн қай жылы туған?
а) 1018 в) 770 с) 1080 д) 1918 е) 1011
17. Айтолды деген құл қай шығарманың кейіпкері?
а) «Кәрілік туралы» в) «Құдатғу білік» с) «Оғызнама» д) «Күз» е) «Көктем»
18. Қазтуған жырау қай ғасырда өмір сүрген?
а) ХІХ ғ. в) ХVғ. с) ІХ ғ. д) ХХғ.е) ХІІғ.
19. М Өтемісұлы қай жылы дүниеге келген?
а) 1080 в) 1803 с) 1945 д) 800 е) 90
20. Фараб қаласы бұрын қалай аталды?
а) Баласағұн в) Қашқар с) Отырар д) Түркістан е) Орынбор
21. Әл-Фараби қай жылы туды?
а) 1860 в) 780 с) 1015 д) 870 е) 1945
22. Оғыз қай шығарманың кейіпкері?
а) «Оғызнама» в) «Тәуелсіздік» ) «Құдатғу білік» д) «Өлең өнері» е) «Әлем жүзі»
23. «Күлтегін» шығармасының кейіпкері кім?
а) Қорқыт в) Ноян с) Күлтегін д) Оғыз е) Арман
24. «Жырау» деп кімді айтады?
а) ғалымды в) данышпан адамды с) терең мағыналы, ой толғайтын кемел ақынды. д) ұрысқа, соғысқа қатысқан адамды. е) патроиотты
25«Киіз үй» туралы жазған кім?
а) Ш.Уәлиханов в) А.Құнанбаев с) М.Әуезов д) В.Радлов е) Тәуке хан
.
Қазақ әдебиетінен тест жауаптары. 9 – сынып. I тоқсан.
№ | I нұсқа | II нұсқа |
1 | А | С |
2 | А | С |
3 | С | А |
4 | В | Д |
5 | В | С |
6 | С | В |
7 | А | В |
8 | Д | А |
9 | В | С |
10 | Д | В |
11 | А | В |
12 | В | Д |
13 | В | С |
14 | В | В |
15 | В | С |
16 | Д | А |
17 | А | В |
18 | С | В |
19 | В | В |
20 | А | С |
21 | С | Д |
22 | А | А |
23 | А | С |
24 | С | С |
25 | Д | А |